Қазақстан (2-деңгей)
Қазақстан Үкіметі адам саудасын жою үшін ең төменгі стандарттарды толығымен сақтамай отыр, бірақ бұл бағытта елеулі қадамдар жасауда. Жалпы, үкімет COVID-19 пандемиясының адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мүмкіндіктеріне әсерін ескере отырып, алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда неғұрлым белсенді әрекеттер көрсетті, осылайша Қазақстан 2-деңгейде қалып отыр. Бұл әрекеттердің қатарына екінші жыл қатарынан адам саудасы үшін айыптау үкімдерінің көбеюі және жыныстық қанау мақсатында адам саудасымен айналысқан мемлекеттік лауазымды тұлғаны жазалау кіреді. Үкімет баспаналарды қолдау үшін қаржыландыруды ұлғайтты және ҮЕҰ-мен және халықаралық ұйымдармен, соның ішінде бүкіл ел бойынша ақпараттық науқандармен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырды. Алайда, билік органдары тарапынан бірнеше негізгі салаларда ең төменгі стандарттар сақталмады. Өткен жылмен салыстырғанда адам саудасының әлдеқайда аз құрбандары анықталды және адам саудасының жағдайлары айтарлықтай аз тергелді. Азаматтық қоғам мен үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, заңнамадағы кемшіліктер адам саудасына қарсы күрес және құрбандарды анықтау бойынша шараларды тиімді жүзеге асыруға кедергі жасауды жалғастырды. Билік бірнеше шетелдік құрбандарды анықтап, олардың қорғаныс қызметтеріне қол жеткізуіне жол бермеуді жалғастырды. Шетелдік құрбандар әлі күнге дейін адам саудагерлеріне қарсы қылмыстық істі қозғамауға байланысты қорғау қызметтеріне қол жеткізудегі кедергілерге тап болды. Үкіметтің мәжбүрлі еңбекпен күресу шаралары жеткіліксіз болып қалды.
Толық нұсқасы: Адам саудасымен күрес туралы есеп 2022 (PDF, 195KB)