АЛМАТЫ – 4-10 қазан аралығында Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы және American Space Almaty Chevron компаниясымен бірлесіп, 2019 Ғарыш аптасына шақырады. Апта аясында ғарыш саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктермен таныстыратын ойын-сауық, шығармашылық, білім шараларынан құрылған кең бағдарлама ұсынылады.
Бүкіл әлемде биыл «Ай: жұлдызға апарар жол» тақырыбында өтетін 2019 Ғарыш аптасы Аполлон 11 миссиясының Айға қонуының 50 жылдығына арналады. Осыған орай, Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы Алматыға 2004 жылғы NASA 19-астронавтар тобының мүшесі, 2010 жылы Байқоңырдан ұшып, ғарыш кеңістіктігінде 163 күн болған ұзақ мерзімді миссия 24/25 Экспедициясының ұшу инженері доктор Шэннон Уокерді арнайы шақырды.
4 қазаннан бастап, қала тұрғындарын бір Апта бойы дөңгелек үстелдер, презентациялар, көрмелер, «Каменское плато» обсерваториясына бару, мастер-класстар, сайыстар мен ойындар, тегін кино көрсетілімдері, сондай-ақ балалар мен үлкендерге арналған Space party кештері күтуде. Бұған қоса, Апта аясында қазақстандық ғарыш саласындағы институттар мен болашақ инженерлер ғарыш өндірісінің ғаламдық жетістіктері, АҚШ-тың осы саладағы үздік ролі мен Қазақстанның елеулі үлесін талқылайтын болады.
БАҚ өкілдерін доктор Уокерден сұхбат алуға, Аптаның негізгі шараларына қатысуға шақырамыз:
4 – 10 қазан American Space & Makerspace Almaty и SmArt.Point кеңістіктерінде көрмелер өтеді
Жұма, 4 қазан (American Space Almaty-да)
16:00 – 17:00 NASA ғарышкері др. Шэннон Уокермен ашық кездесу
17:00 – 18:00 Др. Шэннон Уокермен жеке сұхбат (алдын-ала жазылу қажет)
18:00 – 20:00 Ғарыш аптасының ресми ашылуы және др. Шэннон Уокер мен басқа қонақтардың беташар сөздері
Сенбі, 5 қазан – Халықаралық Айды бақылау түні
14:00 – 15:00 «Астрофотография для начинающих» дәрісі (жаңа бастаған және тәжірибелі фотографтарға)
Сейсенбі, 8 қазан (American Space & Makerspace Almaty және SmArt.Point-та)
16:00 – 18:00 Kids’ Space Party (балаларға арналған басылымдарды шақырамыз)
18:00 – 21:00 Арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өтетін, бағдарламасы ойын мен қызыққа толы Space Party 2019!
Сұхбат алу жайында, басқа да сұрақтармен Кәмшат Төлеулиеваға хабарласуыңызды сұраймыз: MediaAlmaty@state.gov немесе +7 777 227 44 16.