Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы ядролық материалдар саудасына қарсы күрес саласындағы әріптестігін тереңдетуде

АҚШ ресми мекемеаралық делегациясы ядролық материалдар контрабандасына қарсы күреске бар күш-жігерлерін салу мақсатымен 8-9 қыркүйекте Астана қаласында өзінің қазақстандық әріптестерімен жүздесті. Екі делегация да Сеул мен Гаага қалаларында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитінде осы  іс-қимылға ерекше көңіл бөлген болатын. Осы кездесу 2006 жылы мүше-мемлекеттер қол қойған Ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрестегі Қазақстанның әлеуетін арттыру жөніндегі америкалық-қазақстандық коммюнике шеңберінде осы саладағы екі ел арасындағы әріптестікті тереңдетуге жол ашты. Астанадағы кездесу барысында Қазақстан Республикасының ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі оқу орталығында заңсыз сауда мәселелеріне арналған оқу курсын өткізу үшін оқу жоспарларын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасының күш-жігерлеріне қолдау көрсету туралы уағдаластық жасалды. Атап айтқанда, АҚШ пен Қазақстанның ресми тұлғалары Оқу орталығында құқыққорғау органдарының ұйымдастыруымен ядролық материалдардың сараптама-техникалық талдауы, радиация деңгейін анықтау мен тергеу жүргізу салаларындағы кәсіби дағдыларды арттыру мәселелері бойынша қазір өтіп жатқан және өткізілуі ұсынылған оқу курстарының мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын талқыға салды. Сонымен бірге, екі елдің үкіметтері ядролық және радиологиялық материалдардың саудасына қарсы әрекет ету, анықтау және алдын алу үшін Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдардың кең ауқымына сүйеніп, 2006 жылғы коммюникенің іске асырылу барысына талдау жасауда.