АҚШ пен Қазақстан Республикасының Ядролық Материалдар Контрабандасына Қарсы Күрес жөніндегі жұмысты қарастырудың Алтыншы кездесуі

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы өкілдері 2006-шы  жылдың мамыр айында қол қойылған ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрестегі Қазақстанның әлеуетін арттыру жөніндегі америкалық-қазақстандық коммюнике шеңберінде  22-23 тамыз күндері  Астана қаласында кездесті.

Америка Құрама Штаттары делегациясы көшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және таратпау бюросының, Энергетика департаментінің, Федералдық тергеу бюросының, Қорғаныс департаментінің, Ядролық реттеу жөніндегі комиссияның және Астанадағы АҚШ Елшілігінің өкілдері бастады.

Екі елдің дипломатиялық, саяси, құқық қорғау және техникалық қызмет бабындағы сарапшылары ілгері даму үрдісін бірлесіп қарастырды, Қазақстанның ядролық материалдардың контрабандасына қарсы күресудің үш элементі (алдын алу, анықтау және жауап беру) бойынша Қазақстанның мүмкіндіктерін бағалады және қауіп-қатерлерге негізделген үздіксіз ынтымақтастықтың келесі қадамдарын талқылады .

Бұл Жүзеге асыру жөніндегі Кездесу лаңкестер мен басқа да зиянды субъектілердің лаңкестік шабуылда қолдануы мүмкін ядролық және өзге де радиоактивті материалдарды иеленуіне жол бермеу жөніндегі жаһандық науқанға Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының әріптестігі мен міндеттемесін растайды. Алдыңғы кездесу 2009, 2010, 2011, 2013 және 2014 жылдары өткізілді.

2006 жылы Бірлескен Коммюникеге қол қойылған сәттен бастап, Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрес жөніндегі үздік тәжірибелерімен және түйген ой-сабақтарымен алмасу аясында нормативтік-құқықтық реттеу және бақылау тараптарын жүргізді. Қазақстан Республикасы ядролық және басқа да радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін арттырды және ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрес саласындағы аймақтық көшбасшы болды.

Талқылау барысында тараптар бірлескен Коммюнике аясындағы болашақ ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Америкалық және қазақстандық делегаттар ядролық және басқа да радиоактивті материалдар контрабандасы мен ядролық және радиологиялық лаңкестікке қарсы күресте екіжақты күш-жігерді жалғастыруға келісті.