Flag

An official website of the United States government

АҚШ алмасу бағдарламалары түлектерінің хикаялары: «Мен АҚШ-та ұмытылмас бір жыл өткіздім»
Қоғам қайраткері Саясат Нұрбек Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқыту туралы
7 Хаттаманы оқу
Қаңтар 23, 2021

Қоғам қайраткері Саясат Нұрбек Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқыту туралы

Саясат Нұрбек – қоғам қайраткері және «BTS Education» жобасының жетекшісі. Ол өмірінің көп бөлігін Қазақстандағы білім беру саласы мен еңбек нарығын дамытуға арнады.

2000 жылы ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің Global UGRAD бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барып, Маршаллтаун колледжін (АҚШ) «Саясаттану» мамандығы бойынша аяқтады.

Мен АҚШ-та ұмытылмас бір жыл өткіздім, онда нағыз американдық отбасымды және достарымды таптым, Конгреске және АҚШ Президентін сайлауға қатыстым. Менің американдық «ата-анам» Дэвид пен Элизабет белсенді кәсіподақ жетекшілері болды, Демократиялық партияда жақсы абырой мен беделге ие болды. Олардың беделінің арқасында мен конгрессмен Марк Смиттің көмекшісі болып жұмыс істедім, сонымен қатар АҚШ президенттігіне кандидат Альберт Гордың сайлау науқанына қатыстым.

Алған білімім мен тәжірибемді Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін (National School of Public Policy) құру кезінде қолдандым. Ол 2009 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың неғұрлым кең кешенді бағдарламасы шеңберінде құрылды. Басқарушыларды қарқынды даярлауға арналған академиялық бағдарлама бір жылға есептелген.

Мен американдық отбасымның және олар үлкен беделге ие болған жергілікті қоғамдастықтың арқасында Американың мәдениеті мен тарихы туралы көп нәрсе білдім. Менің американдық анам елдегі ең үлкен қарттар үйінде – Iowa Veterans Home-де – медбикелер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Мен оған көмектесуге келіп жүрдім, қарт ардагерлерге қамқор болдым. Бірнеше сағат бойы олар маған корей қақтығысы, азаматтық өмір, олардың көз алдында болған үлкен әлеуметтік қақтығыстар, өз елінің ұлы президенттері мен басшылары, американдық арман жайлы қиялдарының жойылуы туралы айтып берді.

Бәрінен бұрын мені Американың қаншалықты үлкен және алуан түрлі ел екендігі таң қалдырды. Мәдениеттер, тілдер, сенімдер, дүниетанымдар араласын елестету мүмкін емес. Біздің көршілеріміздің бәрі ата-бабалары XVIII ғасырда Скандинавиядан келген адамдар болды. Міне, Америка осындай – көп қырлы, алуан түрлі, көп мәдениетті – адам тағдырының ерекше калейдоскопы.

Global UGRAD бағдарламасының финалисті болу бақытына ие болғандардың барлығына Америкада бір жыл тез өтіп кетеді деп айтқым келеді, сіз оны байқамай да қаласыз. Бөлінген уақытты барынша тиімді пайдаланыңыз, адамдармен танысыңыз, Штаттарға мүмкіндігінше саяхаттау үшін бос уақытыңызды жоспарлаңыз. АҚШ астанасына баруды ұмытпаңыз, тілдерді үйрену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, әр түрлі мәдениеттерден американдық тағамдар дайындауды үйреніңіз. Маған сеніңіз, бұл өмір бойы сізбен бірге болатын баға жетпес және ерекше тәжірибе!