АҚШ бас консулдығы Алматы қаласында жаңа Американдық бұрышты ашты

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – АҚШ Бас консулдығы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасымен бірлесіп Алматы қаласында жаңа Американдық бұрышты ашты. Алматы қаласындағы Американдық  бұрыш толығымен күрделі жөндеуден өтіп, қалпына келтірілгеннен кейін Мемлекеттік балалар кітапханасына көшірілді. Заманауи құралдармен, жаңа технологиялармен жабдықталған және көптеген ақпараттық ресурстармен толыққан Алматы қаласындағы жаңа Американдық бұрышында таңғы сағат 9:00-дан бастап күн сайын барлық оқырмандарға тегін қызмет көрсетіледі. АҚШ Елшісі, Қазақстандағы АҚШ Үкіметінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей Американдық бұрыштың ашылу салтанатын кіріспе сөзімен бастады. Сондай-ақ, осы рәсімге ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Алматы қаласының әкімдігінің, «Шеврон» корпорациясы және «Steelcase» компаниясының өкілдері қатысты.

АҚШ Елшісі, Қазақстандағы АҚШ Үкіметінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей өз сөзінде кітапхананың әрбір қоғамның дамуында алар орны зор және ақпарат әлеміне шығуға мүмкіндік беретін құрал екендігін, әрі демократияның ілгері дамуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына септігін тигізетінін жеткізді. «Бүгін біз ашылып отырған Американдық бұрыштың жаңа дизайн мен стилін тамашалап отырмыз. Бұның барлығы оқырмандардың жаңа кітапханада рахаттанып кітап оқып, ағылшын тілін тіл өкілдерімен үйреніп және Интернетке шығу мүмкіндігі болсын деген үмітпен жасалып отыр. Бұл жоба нағыз серіктес жоба болып келеді, ал мен осы жобаның бірнеше жыл бұрын бастау алғаннан бері бақылый отырып, оның Алматы қаласында қанат жайып өркендеуіне өте қуаныштымын».

Американдық бұрыштар – бұл Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы мен ұлттық кітапханалардың бірлескен жобасы. Мұнда ағылшын тілінде АҚШ Үкіметі туралы, оның мәдениеті пен тарихы туралы көркем мен анықтамалық әдебиеттер топтамасын табуға болады. Оған қоса, Американдық бұрыштар Интернетке қосылу мүмкіндігін береді және әр ай сайын әр түрлі шараларды ұйымдастырады. Алматы қаласындағы Американдық бұрыш ай сайын 40-қа жуық бағдарламаларды өткізіп, 600-ден астам оқырмандарды қарсы алады. Қазақстанда барлығы дерлік он бір Американдық бұрыштар бар және олардың мақсаты – Америка Құрама Штаттарының тарихын баяндау, ашық сұхбат жүргізу және АҚШ пен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік көпірін салу. Американдық бұрыштардағы ақпарат ресурстары оқырмандардың тіл дағдыларын дамытып, американдық құндылықтарды жете түсінуге көмектеседі.

Мемлекеттік балалар кітапханасының, Американдық дизайнер Ольга Сноуден, «Steelcase» компаниясы, «Шеврон» корпорациясы мен Алматы қаласының әкімдігінің арқасында Алматы қаласындағы Американдық бұрышты жөндеуден өткізу жұмыстары сәтті аяқталды. Американдық бұрыштар туралы толық ақпараттыhttp://www.amcorners.kz/ сайтынан алуыңызға болады. Алматы қаласындағы жаңа Американдық бұрышты мына мекен-жай арқылы табуға болады: С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, Төле би көшесі, 27 (Достық көшесінің қиылысы).

# # #

БАҚ сұрақтары бойынша АҚШ Бас консулдығының  БАҚ, мәдениет және білім бөліміндегі Гауһар Мұқаман мен Айгерім Бегалиеваға хабарласыңыз: 250 4862; 250 4814; email: MukamanG@state.govBegaliyevaA@state.gov