АҚШ Мемлекеттік хатшысының cаяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл Қазақстан мен Өзбекстанға іс-сапармен келеді

Дереу жариялым үшін

БАҚ-на ЕСКЕРТПЕ

19 тамыз 2019 жыл

АҚШ Мемлекеттік хатшысының cаяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл Қазақстан мен Өзбекстанға іс-сапармен келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының cаяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамызда Қазақстан мен Өзбекстанға келеді.

Мемлекеттік хатшының орынбасары Хейл Нұр-Сұлтанда жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, АҚШ-Қазақстанның екіжақты стратегиялық серіктестігі мен жаһандық мәселелер бойынша тұрақты ынтымақтастығымызды талқылайды.  Нұр-Сұлтанда Мемлекет хатшысының орынбасары Хейл және Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері С5 + 1 форматында жоғары деңгейдегі кездесу өткізеді, онда олар өзара байланыстырылған, өркендеген және қауіпсіз Орталық Азияны қалыптастыруда бірлесе атқарылатын жұмысты талқылайды.

Содан кейін, Хатшының орынбасары Хейл Ташкентке барады, онда ол Өзбекстан үкіметінің жоғары лауазымды қызметкерлерімен кездеседі және Өзбекстан президенті Мирзиёевтің реформалар бағдарламасын америкалық тараптан қолдау тапқанын көрсетеді және қауіпсіздік, білім және сауда сияқты екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына терең тоқталады.