АҚШ пен Қазақстан арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы диалог

Вашингтон

9 наурыз, 2016

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Роуз Гетемюллер Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашиқбаевты Вашингтон қаласында мемлекеттік департаментте 8 наурызда төртінші АҚШ пен Қазақстан арасындағы Cтратегиялық серіктестік туралы диалогтың жұмыс сессиясында қабылдады.

АҚШ делегациясын халықаралық және аймақтық істер, қауіпсіздік және экономика салаларында серіктестік, адам және жұмыс құқықтары, заңнама және басқару, білім беру саласында серіктестік  және басқа екіжақты мүдделі мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік хатшының Орта және Оңтүстік Азия істер жөніндегі көмекшісі Ниша Бисвал басқарды. Мемлекеттік хатшысының  демократия, адам және жұмыс құқықтар жөніндегі көмекшісі Том Малиновски Қазақстан Әділет министрінің орынбасары Эльвира Азимовамен бірге Адам құқытары және демократиялық ережелер жөнінде  комитетті басқарды. Хатшының  сауда және жаһандық нарықтар жөніндегі көмекшісі Арун Кумар Қазақстан Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Рахим Ошақбаевпен бірге экономикалық комитетті басқарды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Идрисов төртінші стратегиялық серіктестік туралы диалогты 2015 ж. қараша айында Астанада бастады.

Диалог – бұл біздің көптеген салалардағы серіктестіктің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған жүйелі жоспарланған саяси кеңестер.

АҚШ Қазақстанмен осы конструктивтік және ашық кеңестер негізінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуды күтеді.