АҚШ Энергетика министрі орынбасарының Астанаға сапары

АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Дэниел Понеман Қазақстанға үшінші рет жасаған сапарының аясында 25-26 шілдеде Астанаға да сапармен келіп, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Дэниел Понеман мырза  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі  Әсет Исекешевпен, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан  Қаппаров, Мұнай және газ министрі  Ұзақбай Қарабалин, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов, KazEnergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Яшин және т.б. ресми тұлғалармен кездесіп, энергетика мәселелерін талқылады. Сапарының аясында Дэниел Понеман мырза жуырда ашылған Назарбаев Университетіндегі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты да аралап қайтты және Беркли ұлттық зертханасының энергетика саласындағы ғалымдары тобымен жүздесті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды ядролық қарудан азат ету туралы шешімі туралы сөз қозғай отырып, Дэниэл Понеман мырза: «Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан бері өзіне мұра еткен ядролық арсеналдан бас тартқан және жоғары байытылған уранды пайдалану көлемін азайтуды мақсат еткен Қазақстан ядролық қаруды таратпау мен ядролық қауіпсіздік салаларында көшбасшылық рөлге ие болып отыр», – деп атап өтті. Оған осы шешімнің бүгінгі таңда маңызы неде деген сұрақ қойылғанда, Дэниел Понеман мырза былай деп жауап берді:  «Қазақстанның ауыз толтырып қол жеткізген айтарлықтай жетістіктері  ҚР Президентінің қабылдаған осы шешімінің күш-қуатының қаншалықты зор екенін дәлелдей түседі».

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы халықаралық шекара қауіпсіздігі мен ядролық және өзге радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы қылмыстарын құрықтау, анықтау мен түбірімен жою жөніндегі  құқыққорғау саласындағы іс-шаралар бойынша ынтымақтастығын нығайту жолында. АҚШ Энергетика министрлігі энергетикалық нәтижелілікті арттыру бойынша Қазақстанмен әріптес қарым-қатынас орнатты.

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы кең ауқымды ынтымақтастығының мұнай және газ салаларынан өзге де салаларда дамып келе жатқанына назар аудара отырып, ол «жасыл» технологиялардың жаңа салаларда да ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашатынын айтты: «біз технологиялардың кең ауқымын пайдалану арқылы қарым-қатынасымыздың өрбіп келе жатқанына куә болдық, оған қоса қоян-қолтық жұмысымыздың арқасында екі еліміз арасындағы экономикалық әлеуетіне қол жеткізе аламыз деген үміттеміз», – деп ол сөзін өрбітті.

Америка Құрама Штаттары  тарабы энергетика саласында АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен тереңдетуді жалғастыруды көздеп отыр.