АҚШ үкіметі Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС күнін атап өтеді

Америка Құрама Штаттары 2019 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін Қазақстанмен бірге атап өтеді. АҚШ Үкіметінің Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған тақырыбы – «АИВ/ЖИТС індетін аяқтау: Қоғамнан Қоғамға». Бұл АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша және Америка Құрама Штаттарында АИВ/ЖИТС індетін тоқтатуға деген ұзақ мерзімді міндеттемесіне сәйкес келеді.

АИВ/ЖИТС-тың жаһандық эпидемиясын жоюға бағытталған АҚШ-тың Қазақстанмен серіктестігі АҚШ Президентінің АИВ/ЖИТС-ке Қарсы Күрес Бойынша Төтенше Жоспары (PEPFAR) арқылы жүзеге асырылады. Он алты жыл бұрын, PEPFAR басталған кезде, әлемнің көптеген жерлерінде АИВ диагнозы – өлім жазасы болып саналатын. Қазір бізде бұрын мүмкін емес болып көрінген жетістікке жететін тарихи мүмкіндік бар: АИВ/ЖИТС індетін бақылауға алу және ақыр аяғында аяқтау.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінде, PEPFAR және АҚШ үкіметі АИВ/ЖИТС-сыз әлем құру жолында Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге деген ниетін растайды. АҚШ үкіметі, сондай-ақ, бұл індеттің алдын-алу және оны жоюдағы қоғамның маңызды рөлін мойындайды.

«Қазақстанда АИВ/ЖИТС індетінің эпидемиясын аяқтау үшін қаржылық салымдар ғана емес, үкіметтер мен қоғамдардың арасында тиімді ынтымақтастық пен өзара жауапкершілік болуы қажет. Қоғамдық мекемелердің қатысуы ұлттық деңгейде жасалып жатқан жұмыстың өзектілігін, ұтымдылығын және адамдарға бағытталғандығын кепілдейді», – дейді USAID/Орталық Азия Денсаулық және Білім бойынша кеңсесінің  директоры Джошуа Карнс.

2019 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша АҚШ Үкіметі Қазақстан Үкіметіне 17 000-ға жуық адамның өмірің құтқаратындай қолдау көрсетті. Бұл АИВ-мен өмір сүретін адамдардың шамамен 70 пайызы. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының АИВ/ЖИТС Бойынша Біріккен Бағдарламасының (ЮНЭЙДС) 2020 жылғы 90-90-90 мақсаттарына қол жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсаттар: АИВ-мен өмір сүретін адамдардың 90% -ы өздерінің ЖИТС-статусын білуі керек; АИВ диагнозы қойылған барлық адамдардың 90% сәйкес ем алуы керек; АИВ-дан ем алып жүрген адамдардың 90% -ы вирустың супрессиясына қол жеткізуі керек.

PEPFAR – АҚШ үкіметінің АИВ/ЖИТС жаһандық эпидемиясына жауабы және әлем тарихындағы жалғыз індетті жоюға бағытталған ең үлкен жоба. PEPFAR бақылауды жеделдету арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтады, жақсартты және ЖИТС індетін әлеумет арасында денсаулыққа қауіп төндіретін ауру ретінде тоқтатты. Қазақстанда, PEPFAR АИВ-мен өмір сүретін барлық адамдар өз статусын біліп, өмір үшін маңызды емге қол жеткізе алуын қамтамасыз ету үшін үкіметтік және қоғамдық мекемелерге қаржылық және техникалық көмек көрсетеді. Қосымша ақпаратты www.pepfar.gov сайтынан және PEPFAR-дың Twitter, Facebook және Instagram желілеріндегі парақшаларынан таба аласыздар.

USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі және PEPFAR-дың АИВ/ЖИТС бойынша ғаламдық серіктесі. Қазақстанда, USAID/Орталық Азия әлеуметтік осал топтарға, соның ішінде еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектерге, трансгендерлерге, секс-жұмыскерлеріне, есірткі енгізетін адамдарға, және түрмеге қамалған азаматтарға қолдау көрсететің қоғамдық мекемелермен жұмыс істейді. Толығырақ ақпаратты https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтынан және USAID-тың Facebook-тағы парақшасынан ала аласыздар: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

БАҚ сұрақтары бойынша, PEPFAR үйлестіру кеңсесінің +7 (727) 250 76 12 телефоны бойынша Бақытгүл Жұрқабаеваға хабарласыңыз; 8 701 720 58 11 email: zhurkabayevab@state.gov