Баспасөз хабарламасы

5 маусымда сағат 18:00-де Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Саймон Лимаж мырзаның қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Саймон Лимаж АҚШ Мемлекеттік департаментінің ядролық қаруды таратпау жөніндегі бағдарламаларға жауапты болып табылады. Саймон Лимаж мырза Астана қаласында Назарбаев Университетінде орналасатын  Халықаралық ғылыми-техникалық орталық кеңсесінің ашылу салтанатына қатысады.

Дөңгелек үстеліне қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қауіпсіздік қызметінің тексерісінен алдын ала өту үшін сағат 17:45-тен кешікпей келулері тиіс.

Аккредитациядан өту үшін АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметімен хабарласуыңызға болады: (7172) 70 22 16 немесе 70 24 15.

Қосымша: Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың баспасөз мәлімдемесі.