Визаға өтініш берушілер үшін ақпарат

VIsa close up

Визаға өтініш берушілерге қатысты ақпарат.

2020 жылдың 19 наурызынан бастап Нұр-Сұлтандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігі мен Алматыдағы Бас Консулдықта иммигранттық және иммигранттық емес визалар бойынша сұхбатқа жазылу уақытша тоқтатылды. Визалар бойынша қызмет көрсетуді мүмкіндігінше тез арада қайта қалпына келтіреміз, бірақ нақты қашан екенін айта алмаймыз. Төменде сиппаталған шұғыл және төтенше маңызды мәселелер бойынша қызмет көрсетуді жалғастырамыз.

Иммигранттық емес визаларға қатысты: туристік, іскери, студенттік және иммигранттық емес визалардың басқа санаттары үшін сұхбатқа жазылу әзірше мүмкін емес.

Қазіргі уақытта біз келесі санаттағы үміткерлердің өтініштерін қабылдаймыз:

  • Дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері
  • АҚШ-та COVID-19 індетіне қарсы күресуімен айналысатын медицина мамандары
  • Әуе кемелерінің экипаж мүшелері (C1/D визалары)
  • Жедел медициналық көмек алу үшін

Егер сіз осы санаттардың біріне жататын болсаңыз https://www.ustraveldocs.com/kz_ru/kz-niv-expeditedappointment.asp немесе support-kazakhstan@ustraveldocs.com электрондық пошта және 7 727 350 5703; 8 800 100 2554 ақысыз телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз. Шұғыл және төтенше маңызды мәселелер бойынша сұхбатқа жазылуға тапсырған өтінішіңіз мақұлданбауы мүмкін екенін ескертеміз.

Визаны сұхбатсыз жаңарту: Нұр-Сұлтандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігі мен Алматыдағы Бас Консулдық B1/B2 санатындағы визаны сұхбатсыз жаңартуға өтініштер қабылдай бастады. Басқа санаттағы визаларды сұхбатсыз жаңартуға өтініш қабылдамаймыз. Қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.

221 (g) бойынша виза берілмеген өтініштер: Сұхбатқа қатысқан, бірақ «Иммиграция және азматтық туралы» Заңының 221 (g) бабына сәйкес виза алмаған өтініш берушілер қосымша ақпарат пен құжаттарды Pony Express арқылы тапсыра алады. Қосымша құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы ақпаратты осы жерден ала аласыз.

Иммигранттық визаларға қатысты: Қазіргі уақытта Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы наурыз және сәуір айларында сұхбатқа келу керек болған IR1, CR1, IR2 және CR2 санатындағы визаларға өтініш берушілерге хабарласып, сұхбатқа қалай жазылу керектігі жайында нұсқаулық беруде. Қазіргі кезде «Иммиграция және азматтық туралы» Заңының 221 (g) бабына сәйкес виза ала алмаған тек жоғарыда көрсетілген санаттағы (АҚШ азаматтарының жұбайлары мен балалары) визаға өтініш берушілер сұхбатқа жазыла алады. Өтініш білдірушілер қосымша құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы ақпаратты осы жерден ала алады.

Басқа санаттағы иммигранттық визаға сұхбатқа жазылу жүргізілмейді.

Төменде көрсетілген санаттағы мақұлданған петициялары бар және Ұлттық виза орталығынан сұхбат күнін белгілеуді күтіп жүрген өтініш берушілер АҚШ-қа шұғыл бару қажеттілігі туындаған жағдайда NVCExpedite@state.gov электронды поштасы арқылы жедел сұхбат сұрай алады. COVID-19 пандемиясына байланысты сұхбат күні кері шегерілген келесі санаттардағы виза алу үшін өтініш берушілер АҚШ-қа шұғыл бару қажеттілігі туындаған жағдайда USAKZ@state.gov электронды поштасы арқылы жедел сұхбат сұрай алады:

  • K (күйеу/қалыңдық визасы)
  • Отбасылық иммиграция (F), 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін кәмелетке, яғни 21 жасқа толып кететін балалары бар отбасы.

Шұғыл және төтенше маңызды мәселелер бойынша сұхбатқа жазылуға тапсырған өтінішіңіз мақұлданбауы мүмкін екенін ескертеміз. Өтініште АҚШ-қа шұғыл бару қажеттілігіңіз туралы егжей-тегжейлі түсіндірме беруіңіз керек.