Визаға өтініш берушілер үшін визалық қызмет көрсету жағдай туралы ақпарат

VIsa close up

Визаға өтініш берушілер үшін визалық қызмет көрсету жағдай туралы ақпарат: Қазақстандағы АҚШ миссия визаға өтініш берушілердің көбі виза үшін консулдық төлемін төлеп, әлі күнге дейін консулмен сұхбаттасу күнін тағайындауды күткендігін түсінеді. 2020 жылдың 2- желтоқсанынан бастап қалыпты визалық қызмет көрсетуді қайта бастадық. АҚШ миссиясы 2020 жылдың 19-наурызында жарамды болған немесе 2020 жылдың 19 наурызы мен 2020 жылдың 2-желтоқсан аралығында төленген иммиграциялық емес виза түбіртектерінің (MRV алымы) қолданылу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты. Бұл шара консулдық операцияларды уақытша тоқтату кесірінен иммиграциялық емес виза бойынша сұхбатқа жазыла алмаған өтініш берушілерге қосымша төлемсіз сұхбатқа жазылуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың 2-желтоқсанында немесе бұл күннен кейін төленген төлем тура бір жылға жарамды.

Иммигранттық визалар: иммигранттардың жекелеген санаттарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын (PP) 10014 Президенттік жарлығы 2021 жылы 24 ақпанда жойылды.

Алматыдағы Бас консулдық барлық виза санаттары үшін, оның ішінде PP10014 жарлыққа да кірген виза санаттары үшін,  иммигранттық виза істерін қарауды қалпына келтірді. 2020 жылғы 23 сәуірде PP10014 күшіне енгенге дейін визалық сұхбатқа қатысқан және «Иммиграция және азаматтығы туралы» заңның 221 (g) бөліміне сәйкес виза ала алмаған өтініш берушілер істерін қайта бастауы мүмкін. Қосымша нұсқаулар алу үшін USAKZ@state.gov поштаға хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл нұсқаулық DV2020 бағдарламасына қатысқан әр түрлілікке арналған визаларға (DV) қатысты емес. DV үміткерлері үшін қосымша ақпаратты төменнен қараңыз.

DV 2020 үміткерлерге: 2020 жылы берілген әртүрлілік визаларын (DV) иеленгендер визаның «Entry Subject to PP 10014» аннотациясына қарамастан, Америка Құрама Штаттарына кіруге ұмтыла алады. Мерзімі өткен DV-2020 виза иелеріне ауыстыру (жаңа виза) берілмейді; дегенмен, Гоместің Трампқа қарсы сот ісіндегі шешімдер нәтижесінде DV 2020 жылы виза алғандар АҚШ-қа мерзімі өткен виза бойынша бара алады, өйткені сот осы визаларға PP 10014 жарлығының күші жойылған күні берілгендей қарауды қаулы етті. Сот визалардың қанша уақытқа дейін жарамды болып саналатындығын дәлдеп көрсеткен жоқ. Сондықтан осы жағдайды қолданғысы келетін виза иелері, сот шешімі өзгермегенше, АҚШ-қа мүмкіндігінше тезірек баруға ұсынылады.

Мемлекеттік хатшы қолданыстағы географиялық COVID-19 Президенттік Жарлығына бағынатын DV-2020 иммигранттық виза иелеріне ұлттық мүддені көздейтін Президент Жарлығына бағынудан босатты. Сонымен қатар, 2020 жылғы 30 қыркүйегіне дейін кез-келген себептерге баланысты, сонымен қатар PP10014 жарлығына байланысты, виза ала алмаған DV-2020 үміткерлері сұхбаттасуға шақырылмайды және олардың өтініштері қайта қарастырылмайды. Өйткені бұл үміткерлер 2020 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған 2020 қаржы жылының аяғына дейін ғана виза алуғы құқылы болды.

DV 2021 үміткерлерге: 2021 қаржы жылына арналған DV өтініш берушілері (DV-2021) Кентукки консулдық орталығының (KCC) сұхбаттасу кестесі туралы хабардар болуын күтуі керек.

Ұлттық виза орталығы (NVC) және Кентукки консулдық орталығы (KCC) жаңа иммиграциялық істер бойынша сұхбаттасу күндерін жоспарлауда. АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы NVC-ден сұхбаттасуды жоспарлау туралы нұсқаулықтармен бірге істері келген K визасына өтініш берушілерімен хабарласуда. 

Істердің көп жиналуына байланысты өтініш берушілердің, істері құжаттық талаптарға сай келетіндігіне қарамастан, сұхбаттасуға жазылу үшін күту уақыты бірнеше айға созылуы мүмкін екенін ескертеміз.  

Істері құжаттық тұрғыдан дұрыс, Ұлттық Виза Орталығының сұхбаттасу күнін тағайындауын күтіп отырған АҚШ-қа шұғыл бару қажеттілігі бар үміткерлер NVCExpedite@state.gov электронды пошта арқылы жеделдетілген сұхбаттасуды сұрай алады.

Сонымен қатар Елшілік пен Бас консулдық ұшаққа отырғызу (boarding foil) және резиденттікке қайта оралуға рұқсат қағаздарды алу үшін өтініштерді қабылдап жатыр. Осы қызметтерді алу үшін USAKZ@state.gov поштамызға хабарласуды сұраймыз.

Иммигранттық емес визалар: АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігінде және Алматыдағы Бас консулдығында барлық иммигранттық емес визалық қызметтері жүргізілуде.

Визаны сұхбатсыз ұзарту: АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігі белгілі санаттардағы визаларды, соның ішінде B1/B2 визаларды, сұхбатсыз жаңартуға талаптарға сәйкес келетін үміткерлерден өтініштерді қабылдауда. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазіргі уақытта қолданыстағы визасы бар немесе визасының мерзімі соңғы 24 ай ішінде аяқталған адамдар сұхбатсыз виза алу туралы өтініш бере алады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге басыңыз.

АҚШ Елшілігі және Бас Консулдығы істерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуге тырысады, алайда күтілетін визалық өтініштердің көп жиналуына байланысты осы қызметтерді алудың күту уақыты созылуы мүмкін. Америка Құрама Штаттарына шұғыл сапар қажеттілігі бар болған жағдайда, жеделдетілген сұхбатқа (иммиграциялық емес визалар үшін) https://www.ustraveldocs.com/kz_ru/kz-niv-expeditedappointment.asp сілтемедегі нұсқауларды орындап, өтініш беруіңізге болады. Сіздің жеделдетілген сұхбатқа өтінішіңіз бойынша міндетті түрде оң жауап қабылданбайтынын ескертеміз. Мұндай өтініште АҚШ-қа шұғыл бару қажеттілігіңіз туралы егжей-тегжейлі түсіндірме толығымен жазылуы керек.