Мультимедиалық репортаж сарапшысы – Карл Айдзвуг Қазақстанға келеді

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Огайо штаты мемлекеттік Кент университетінің журналистика мен көпшілік коммуникация факультетінің профессоры – Карл Айдзвуг мырзаны ұсынады. Ол Астанада 12-15 мамыр, Павлодарда 16-18 мамыр және Алматыда 19-24 мамыр аралығында болады.

Ол журналистер, блогшылар, студенттер, оқытушылар, азаматтық қоғам мүшелеріне мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған дәріс, семинар мен тренингтерді өткізеді. Ол мультимедиялық репортаж, теледидар, бейнеграфия, радио және бизнес менеджментінде маманданады. Профессор Айдзвуг маркетинг, журнализм, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша сарапшы. Ол интернет, теледидар және радиоға арналған репортаждарды дайындау және журналистік тергеу тәжірибесі зор. Ол сарапшы ретінде АҚШ, Армения, Ботсвана, Камбоджа, Мысыр, Грузия, Қазақстан, Кения, Сирия және Тунисте жұмыс істеді.

Профессор Айдзвуг бірнеше сыйлардың иегері, сонымен қатар, Колумбия университетінің Альфред И. ДуПонт атындағы қоғам мүддесін сақтайтын сандық журналистика сыйының иегері болды. Ол Мэдисондағы Висконсин университетінің журналистикадағы бакалавр және магистр дәрежелерін алды. Гарвардтың журналистика саласындағы Ниман стипендиясының иегері.

Нақты уақыт пен өткізілетін мекен-жай Елшіліктің Фейсбук парағында жарияланады. Қосымша ақпарат үшін Елшіліктің баспасөз бөлімімен 70 22 16 немесе 70 24 15 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.