Мәлімдеме: Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттелігін тоқтатуы

Баспасөз-хатшысының Офисі

Дереу тарату үшін

РОБЕРТ ПАЛЛАДИНО, БАСПАСӨЗ-ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

21 Наурыз, 2019 жылы

 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттелігін тоқтатуы бойынша

 

Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы берік, серпінді қарым-қатынас орнатуына және дамытуына қосқан күш-үлесін жоғары бағалайды. Қазіргі Қазақстан үшін тарихи кезеңінде біз Назарбаевтың заманауи, тәуелсіз және гүлденген Қазақстанның елбасы ретіндегі рөлін қолдаймыз. Оның жауапты аймақтық және жаһандық көшбасшылықтың үлгісін көрсеткенін танимыз. Біз Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі елеулі күш-жігерін, оның денуклеаризация жөніндегі жаһандық көшбасшылығын, бейбіт билік беру бейілділігін, әлемдік қоғамдастыққа қосқан үлесін және Қазақстанда және аймақта өркенділікке бағытталған үлгісін қолдаймыз.

 

Біздің Қазақстанмен қарым-қатынастарымыз бас бостандығының негізгі принциптерін құрметтеу, өркенділік және аймақтық қауіпсіздік бойынша ортақ көзқарасқа негізделген. Біз Қазақстан Республикасының жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, біздің стратегиялық әріптестіктің кеңейтілуіне және экономикалық даму, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жұмысты тереңдетуді жалғастыруға, сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздік қамтамасыз етуге сенімізді білдіреміз.