Нұр-Сұлтандағы Қауіпсіздік мәселелер бойынша C5 + 1 Жоғары Деңгейдегі Кездесу туралы бірлескен мәлімдеме, Қазақстан

Нұр-Сұлтандағы Қауіпсіздік мәселелер бойынша C5 + 1 Жоғары Деңгейдегі Кездесу туралы бірлескен мәлімдеме, Қазақстан  

Келесі мәлімдеменің мәтінін АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтері 2019 жылғы 21 тамызда Нұр-Султан қаласында қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін өткен C5 + 1 жоғары деңгейдегі кездесуге байланысты  жарияланды.

Бүгін АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтері С5 + 1 форматында саясат, экономика және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында кездесті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, Қырғызстан сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов экономикалық өзгерісті, аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті, сонымен қатар,  Орта Азияда және көршілес Ауғанстанда бейбітшілік пен өркендеуді қолдауды күшейтуде жұмсалатын күш туралы ойларымен алмасты.

Қатысушылар C5 + 1 дипломатиялық платформасын Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын нығайту үшін ортақ сын-қатерлерді талқылау және жұмыс істеу үшін маңызды форум ретінде қолдайтындықтарын тағы да растады. Топ C5 + 1 Министрлер деңгейіндегі келесі кездесудің жоспарын қарады және қауіпсіздік, экономикалық қатынастар және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша C5 + 1 жұмыс тобының ағымдағы істерін атап өтті.