Ренни Харрис Пьюрмувмент бишілер тобы Астана қаласында өз өнерін көрсетпек

2014 жылғы 25 мамырда сағат 19:00-де, АҚШ Елшілігі сіздерді Астана қаласындағы «Астана операға» қарама-қарсы алаңда өтетін «Ренни Харрис Пьюрмувмент» бишілер тобының өнерін тамашалауға шақырады.

 «Ренни Харрис Пьюрмувмент» (РХПМ)  бишілер тобы – хип-хоп мәдениетін сақтауға ұмтылған  коммерциялық емес би тобы. РХПМ тобы 1992 жылы Филадельфияның солтүстік бөлігінің тұрғыны,  Гуггенхайм сыйлығының стипендиаты Ренни Харристің бастамасымен семинарлар, дәрістер, тәлімгерлік пен жұрт алдында сөз сөйлеу жолымен хип-хоп мәдениетінің кеңінен таралуы мен сақталуы үшін құрылған.

РХПМ тобы Америка Құрама Штаттарында және шетелде, оның ішінде Вашингтондағы Кеннеди орталығында, Париждегі Гранд холл ля Вийетте, Чикагодағы қазіргі заман өнер мұражайында, Хельсинкидегі Киасма мұражайында, Филадельфиядағы Вильма театрында, Голландиядағы би фестивалінде, Сполето, оған қоса Италиядағы Нерви фестивалінде өнер көрсетіп, аншлаг жасаған.

Ренни Харрис Филадельфияның солтүстік бөлігінде дүниеге келіп, хип-хоптың қазіргі жастардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін және нәсілдік, діни және экономикалық нанымдардың шегінен шығатын әмбебап тақырыптарды көрермендерге жеткізуші жаңа би түрі екенін негізге ала отырып,  РХПМ тобын құрған. РХПМ тобы туралы толық ақпаратты:http://www.rhpm.org/ ресми сайтынан алуға болады. 

БАҚ мәселелеріне қатысты сауалдарыңызды АҚШ Елшілігінің Жұртшылықпен байланыс бөліміне жолдай аласыз: телефон: (7172) 70 22 16 немесе 70 24 15.