АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ
Баспасөз хатшысының кеңсесі
Хатшы Майкл Р. Помпеоның Рамазан айының басталуына қатысты мәлімдемесі
23 сәуір, 2020 жыл
Америка халқының атынан АҚШ және бүкіл әлемдегі мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан – өзін-өзі талдау, қызмет ету және рақымдылық кезеңі. Америка Құрама Штаттарында, әдеттегі жағдайда, көптеген мешіттер, үйлер мен қоғамдық орталықтар әртүрлі діндерді ұстанатын достарды мен көршілерді бір шаңырақтың астына бірігуге шақырады, ол біздің америкалық инклюзивтілік пен қайырымдылық құндылықтарына да сәйкес келеді.
Осы жылы COVID-19 әлемдегі көптеген мұсылмандардың жиналыстары мен мерекелерінің өткізу тәртібін түбегейлі өзгертті. Мекке мен Мединаның қасиетті екі мешітіне, ұмра қажылығына бару үшін Меккеге саяхат жасауды жоспарлаған мұсылмандарға аурудың таралуын болдырмау үшін жоспарларын кейінге қалдыруға кеңес берілді. Ифтар бұрынғыдай отбасымен және достарымен өткізілмейді; көп адамдар енді онлайн-платформаларға көшеді. Пандемияға байланысты өзгеріске ұшыраған осы қасиетті айда, COVID-19-дың таралуымен, кейбір діни топтарға, оның ішінде мұсылмандарға қысым көрсетуі күшейе түсті. Біз COVID-19 дағдарысымен күресуді жалғастырып, барлық үкіметтер мен қоғамдастықтарды осы уақытты бірлікті қамтамасыз етіп, қызмет етіп, ең осал және маргиналды топтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін ұмытпай өткізуге шақырамыз. Рамазан барлық дін өкілдеріне рақымдылық таныту, өз әрекеттері туралы ойлау және қиын уақытта барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ескерту болып табылады.
Қалыпты жағдайда біздің көптеген елшіліктеріміз бен консулдықтарымыз Рамазан айы білдіретін бейбітшілік пен достық құндылықтарына құрмет көрсету үшін ифтар қабылдауын өткізеді. Осы жылы олар біздің жалпы адамгершілдігімізді және ел ішінде және шетелде діни сенім бостандығы мен инклюзивтікті алға жылжытуға ниетімізді көрсететін шығармашылық көзқарасты табады. Бүкіл әлемдегі мұсылман қауымына тағы бір рет мейірімділігі мен бейбітшілігі мол Рамазан айын өткізуді тілеймін.
Рамазан Кәрім
# # #