Flag

An official website of the United States government

“Шеврон” мен АҚШ миссиясы арасындағы алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік қазақстандық жастарға
жаңа мүмкіндіктер ұсынады
2 Хаттаманы оқу
Қараша 27, 2020

Алматы, 2020 жылғы 27 қараша – АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы және “Шеврон” компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, Қазақстандағы STEAM саласында білім беруді қолдауға бейілділіктерін растады.

Қазақстанға сапары аясында Мемлекеттік хатшының көмекшісі Мари Ройс “Шеврон” Еуразиялық бизнес бөлімшесінің атқарушы директорының орынбасары Марк Пэйнмен бірге «Makerspace кеңейеді!” атты жобаның негізін қалаушы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан бойынша жастардың ғылым, технология, жобалау, өнер және математика (STEAM) салаларында білімдерін жетілдіруге деген мүмкіндіктері бірдей қолжетімді емес. 2015 жылы осы мәселені шешуге көмек ретінде және STEAM пәндеріне деген үлкен қызығушылықты қанағаттандыру үшін АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы “Шевронның” қолдауымен Алматы мен Нұр-Сұлтандағы Америкалық кеңістіктерде алғаш рет MakerSpaces орталықтарын ашты. 3D принтерлер, бағдарламалық жасақтама, робототехника, электроника, ғылыми жиынтықтар және басқа да құралдармен жабдықталған MakerSpaces орталықтары – студенттер мен жас мамандар бірігіп, өз қолдарымен құрал-жабдық жасайтын, ізденіп, білім алатын бірден-бір орын.

Бүгінгі іс-шара АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы мен “Шеврон” компаниясының Қазақстан жастарын бұдан әрі де білім алу мүмкіндігімен қамтығысы келетінін растайды. Қазақстанның 10 қаласындағы Америкалық бұрыштар мен Атырау Жастар сарайындағы “Шевронның” демеушілігімен құрылған Jaspace орталығына келушілер бұдан былай STEAM бағыттары бойынша іс-шараларға еркін қол жеткізе алады. Жаңа мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында “Шеврон” және АҚШ миссиясы жастарға жаңа білім мен дағдыларды беру үшін жергілікті серіктестермен бірігіп жұмыс істемек.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Мари Ройс атап өткендей, “бұл серіктестік оларға қарқынды технологиялық даму дәуірінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі, сондай-ақ жоғары технологиялық ресурстар мен инновациялық бағдарламаларға, өздерімен пікірлестерге жандарға, сапалы іскерлік байланыстар мен мықты тәлімгерлерге жол ашып береді”.