Шынжаңдағы жағдай туралы біріккен мәлімдеме

Шынжаңдағы жағдай туралы 23 мемлекеттің бірігіп жасаған мәлімдемесі

 

Шынжаңдағы жағдай туралы Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитет төрағасы мен Үшінші комитет арасында өткен интерактивті диалог барысында Ұлыбританияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Карен Пирстің жасаған мәлімдемесі

 

29-шы қазан 2019 жыл

Төраға мырза,

Мен Шыңжандағы жағдай туралы мына мәлімдемені келесі 23 елден құралған топтың атынан оқып шығу құрметіне ие болдым:

Албания, Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Исландия, Ирландия, Жапония, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Америка Құрама Штаттары және әрине, Ұлыбритания.

Біз Шынжаң-Ұйғыр Автономиялық аймағында адам құқықтарын бұзушылықтар, жаппай тұтқындаулар, мәдени және діни әрекеттерді шектеу жөніндегі шаралар, этникалық ұйғырларға бағытталған пропорционалды түрдегі жаппай бақылау туралы 2018 жылдың тамызындағы Нәсілдік кемсітушілікті жою комитетінің  «Қытай туралы қорытынды ескертулер» құжатында айтқан алаңдаушылықтарымен келісеміз.

Біз, Қытай үкіметін Шыңжаңда да, бүкіл Қытайда да адам құқықтарын, оның ішінде дін немесе наным-сенім бостандығын құрметтеу бойынша өзінің ішкі заңдары мен халықаралық міндеттемелерін сақтауға шақырамыз. Қытай үкіметі ұйғырлар мен басқа да мұсылман қоғамдастықтарының мүшелерін заңсыз тұтқындауды тоқтатуымен қоса, Нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитеттің (CERD) сегіз ұсынысын дереу орындауы қажет. Осы алаңдаушылықтарды ескере отырып, біз, барлық елдерді қайтармау қағидатын құрметтеуге шақырамыз.

Сонымен қатар, біз Қытай үкіметін Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары және БҰҰ Кеңесінің Арнайы рәсімдері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасына Шыңжаңға кедергісіз және нақты кіруді дереу түрде қамтамасыз етуге шақырамыз.

Төраға мырза, соңғы сұрақ: CERD-дің «Қорытынды бақылауларында» көтерілген дін немесе сенім бостандығы мен мәдени өмірге еркін қатысу құқығын шектеу мәселелеріне қатысты Қытай үкіметі қандай шаралар қабылдауы керек?

###

Аударма ақпаратты пайдаланушыға қолайлы жеткізу үшін берілген, және тек бастапқы ағылшын тіліндегі мәтін ресми мәтін болып саналады.