Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы, Алматы қаласы әкімдігі және «PosadiDerevo.kz» ұйымы қоқысқа қарсы күрес науқанын бастамақ

Алматы – Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы, Алматы қаласының әкімдігі мен  «PosadiDerevo.kz» үкіметтік емес экологиялық ұйымы Алматы қаласында қоршаған ортаны ластанудан сақтауды үйрететін және қоғамды ластанудың зияны туралы хабардар ететін науқанды бастап, 2014 жылы 23 қаңтарда сағат 17-00-де Бекмамбетов Синемада (Республика алаңы, Алмалы ойын-сауық кешені) әлеуметтік жарнаманың алғашқы көрсетілімін өткізді. Әлеуметтік жарнаманы «Хабар», «Қазақстан» телеарналарында, Алматы қаласының сауда орталықтары, қоғамдық көліктер мен кинотеатрларында тамашалауға болады. Қазақстандағы АҚШ Уақытша сенімді өкілі, Елші Джон Ордвей, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мен «PosadiDerevo.kz» үкіметтік емес экологиялық ұйымының директоры Дәурен Жолдасбаев науқанды кіріспе сөзімен ашты.

«PosadiDerevo.kz» ұйымы адамдарды экология мәселелері туралы хабардар етіп, оларға таза қоршаған ортаның құндылығын түсінуге көмектеседі,» – деді Елші Ордвей өз сөзінде. «Осы қоқысқа қарсы күрес науқаны Қазақстанның табиғаты мен қоршаған ортасын қоқыстан тазартуға зор ықпалын тигізеді деп сенемін. Біз сондай әсем елде өмір сүреміз, сондықтан келешек ұрпақтар Қазақстан табиғатының сұлулығына бір тоймай тамсануы үшін қоршаған ортаны қорғау – әркімнің міндеті деп білемін».

Жасөспірімдер әлеуметтік жарнама арқылы қоқыстың қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы және соған қарсы қандай шара қолдану керектігін үйренеді. Олар ластанудың қоршаған ортаға тигізер теріс ықпалдарын білгенмен қатар, осы ақпаратты құрбы-құрдастары мен ата-аналарына жеткізіп, қоғам арасында тарата алады. Сондай-ақ, «PosadiDerevo.kz» ұйымы жастар мен ата-аналарының қатысуымен Алматы мен Астана қалаларында жалпықалалық сенбіліктер өткізуді жоспарлауда.

Осы жоба Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының Демократияны дамыту жөніндегі комиссияның гранты арқылы қаржыландырылған. Демократияны дамыту жөніндегі комиссияның шағын гранттар бағдарламасы қазақстандық үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдарға демократиялық институттардың дамуына қолдау көрсететін жобаларды әлем бойынша іске асыру үшін гранттар береді. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:http://kazakhstan.usembassy.gov/demcom.html.

# # #

БАҚ сұрақтары бойынша АҚШ Бас консулдығының  БАҚ, мәдениет және білім бөліміндегі Гауһар Мұқаман мен Айгерім Бегалиеваға хабарласыңыз: 250 4862; 250 4814; email: MukamanG@state.govBegaliyevaA@state.gov