Қазақстандық жастар Дүниежүзілік адамды саудаға салуға қарсы күрес күніне орай құрдастарына жүгінді

Нұр-Сұлтан Қазақстан, 2021 жылғы 30 шілде-Бүгін, Дүниежүзілік адамды саудаға салуға қарсы күрес күні, қазақстандық жастар тобы адамды саудаға салу сияқты проблема туралы хабардарлықты арттыру үшін бүкіл ел бойынша өз құрдастарына бейнеөтініш жолдады.

Қазақстанда 2021 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін 137 студент «Ақылды навигатор» оқу бағдарламасына – жастардың (16-20 жас аралығындағы) адамды саудаға салудан аулақ болуына көмектесетін өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған алдын алу бағдарламасына қатысты. USAID қаржыландыратын және Winrock International іске асырған «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы бағдарламаны Қазақстанның алты өңірінен келген жас қатысушылар үшін Орталық Азия жағдайларына бейімдеді.

Адамды саудаға салу адамды алдау, күш көрсету немесе қорқыту арқылы, сондай-ақ бостандығын шектеу немесе оның осалдығын пайдалану арқылы оны сатып алуды, сатуды немесе пайдалануды қамтиды. Жұмысқа орналасу мүмкіндігін іздейтін жастар адам саудагерлері үшін әлеуетті нысан болып табылады және оларға адам саудасының белгілерін тануды үйрену қажет.

«Ақылды навигатор» тренингі қауіпсіз көші-қон және адам саудасы мәселелерін қозғап, түрлі колледждер мен білім беру мекемелерінің жастарын жұмыс туралы ұсыныстарды қабылдау кезінде сыни ойлауға, пайдалану және мәжбүрлеу белгілерін түсінуге және адам саудагерлерінің тартымды ұсыныстарын тануға үйретті.

Бейнеге қатысатын жастар мәжбүрлі жұмыс және адам саудасы туралы білімдерімен, сондай-ақ осы мәселе туралы қалай хабарлау немесе көмекке қайда жүгіну туралы нұсқауларымен бөліседі. Сондай-ақ, бейне әлеуметтік желілерде және ҮЕҰ арасында әртүрлі қоғамдық парақшалар арқылы таратылады.

###

USAID қаржыландыратын Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда және Өзбекстанда Winrock International-мен жүзеге асырылуда. Бұл бес жылдық бағдарлама, онда адамды саудаға салудың алдын алу, тірі қалғандарды қорғау және қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесу мақсатында үкіметтердің, ҮЕҰ мен жеке сектордың өзара есептілігі мен тиімділігін күшейту үшін ғылыми негізделген практикалар мен трансшекаралық байланыстар пайдаланылады. Жоба көші-қон практикасын жақсарту және адамдарды қанаудың алдын алу үшін жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. USAID-тің Орталық Азиядағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз https://www.usaid.gov/central-asia-regional.

###