Flag

An official website of the United States government

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Президент Тоқаевқа жолдау
2 Хаттаманы оқу
Желтоқсан 14, 2020

 

The White House

Құрметті Президент мырза,

Шын жүректен сізді және сіздің отандастарыңызды Қазақстанның Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтаймын. Мен сіздерге Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді ілгерілету бойынша көшбасшы болып келе жатқан отыз жылдай уақытты тойлауларыңызға қосыламын.

Өткен жыл өзімен бірге бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алып келді, алайда біздің серіктестігіміз бұл қиындықтарды да жеңіп шықты.

COVID-19 пандемиясының барлық аспектілеріне қарсы тұрудағы біздің ынтымақтастығымыз жемісті болды және кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіне сәйкес келді.

Америка Құрама Штаттары тұрғындарының атынан мен Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен өркендеу тілеймін.

Құрметпен,
Дональд Трамп