Қазақстан және АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның бірлескен мәлімдемесі

БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕ

2022 ж. 6 желтоқсан

Қазақстан және АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның бірлескен мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның жыл сайынғы отырысына орай келесі мәлімдеменің мәтінін жариялады.

Мәтіннің басы:

2022 ж. 5 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстан және АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның (КССК) жыл сайынғы кездесуіне қатысу үшін Вашингтонға келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровты және қазақстандық делегацияны қарсы алды. Қазақстан және АҚШ арасындағы КССК екіжақты және өңірлік мәселелерді талқылау және ортақ басымдықтарды ілгерілету үшін жыл сайынғы алаң ретінде құрылған.

30 жылдық дипломатиялық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан және АҚШ делегациялары өңірлік геосаяси мәселелерді, ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық күш-жігерді, лаңкестікке қарсы күресті және басқа да қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, энергетикалық және сауда инфрақұрылымын әртараптандыруды, климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғауды, білім, сондай-ақ адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығы сияқты мәселелерді талқылады. Қазақстандық тарап екі ел арасында тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік хатшының көмекшісі Д.Лу АҚШ тарапы Қазақстанның тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен егемендігіне тұрақты қолдауын растады.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров Қазақстанның ауқымды реформалар күн тәрібін жүзеге асыруға бейілділігін атап өтті. Америка Құрама Штаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ халқына ауқымды игіліктер беретін саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға қолдауын қайта растады.

Делегация басшылары Комиссияның маңыздылығын және келесі КССК-ні 2023 жылы өткізуін атап өтті. Екі тарап алдағы жылы жоғары деңгейдегі сапарларды жалғастырудың маңыздылығын талқылады.

Мәтіннің соңы.