Қазақстан және ХҒТО арасындағы байланыстардың нығаюы: ХҒТО бас кеңсесінің Астана қаласында ашылуы

ХҒТО тарихы

Міне, 20 жыл уақыт бойы Халықаралық ғылыми-техникалық орталық ғылыми серіктестікті, сонымен бірге бұрынғы Кеңес Одағы және Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдеріндегі ядролық қаруды таратпау бойынша қызметтерді қаржыландыру және ұйымдастыру саласындағы жетекші ұйым болып табылады. Осы кезең аралығында ХҒТО арқылы энергетика, ауыл шаруашылық, медицина, материал жүргізу, авиакосмостық өнеркәсіп, физика және көптеген өзге салаларда ғылыми және әлеуметтік маңызды тақырыптардың ауқымды аумағын қозғайтын, 3000 шамасында ғылыми-зерттеу жобаларына қолдау көрсетуге 1 млрд. доллар бөлінген. ХҒТО жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған көптеген ғылыми жарияланымдар мен патенттерден өзге халықаралық серіктестік Airbus, Boeing, Hitachi, Samsung, Philips, Shell, GE және көптеген өзге өнеркәсіптік көшбасшыларды есепке алмағанда, ЦЕРН (CERN), Лоуренс атындағы Ливерморскі ұлттық лабораториясы (Lawrence Livermore), Пастер Институты (Institut Pasteur), Дерттерді бақылау және профилактика орталықтары (CDC), МАГАТЭ (IAEA), Жапония атом энергиясы Агенттігі (JAEA) секілді жетекші институттар арасында орнатылды. Біз, ХҒТО 20-жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстанның Астана қаласына жаңа бас кеңсеміздің көшуін тағатсыздана күтеміз.

ХҒТО Қазақстанда                                                                                      

ХҒТО 15-жылдығы қарсаңында Президент Назарбаев «оның еңбегі үшін орасан зор алғысын» және «жалпы бейбітшілік пен прогресс үшін ХҒТО-пен бұдан кейінгі серіктестікке» үмітін жеткізді.

Қазақстан және ХҒТО ғылыми-зерттеу, іскери шеңберлері арасында берік байланыстар орнатылған. Қазақстанның ХҒТО мүшелік ету уақыты ішінде Қазақстанның ғылыми қауымдастығының әл-ауқатына бағытталған, жалпы сомасы 66 млн. АҚШ доллары болатын 184 жобаны қаржыландырған. Көп жағдайда биотехнология, ядролық реакторлар, химия, экология және медицина саласындағы жобалар қаржыландырылған болатын. Қазақстанның барлық ірі ғылыми-зерттеу институттары ХҒТО жобаларына, жиі жағдайда ТМД, ЕО, Канада, Жапония және АҚШ-тағы өз қызметкерлерімен бірге қатысты. Бұл жобалар іргелі ғылыми зерттеулерге және оларды практикалық қолдану мүмкіндіктеріне тоғысты. 2014 жылы қаржыландыруға 6 млн. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалды.

Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) Қазақстандағы ХҒТО үшін жетекші мекеме болып табылады. ХҒТО өкілдігі Алматы қаласында 1995 жылдан бастап бар. Қазақстандағы ғылыми-зерттеу серіктестігі саласындағы өскелең даму және жобаларды қаржыландырудың ұлғаюы ХҒТО қолданыстағы өкілдігінің кеңейтілуін мекеменің бас кеңсесін Ресейден Қазақстанға көшірілуімен бірге талап етті. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның ғылымдар Академиясының президенті ХҒТО жаңа бас кеңсесінің Қазақстанда ХҒТО қолданыстағы өкілдігін алдын-ала кеңейтумен бірге көшірілуіне келісімін берді.

Нәтижесінде Астанадағы (Қазақстан) Назарбаев Университеті (НУ) ХҒТО жаңа кеңесінің орналасу орны ретінде таңдалынды, ал НУ болашақ ғылыми бағы ХҒТО бас кеңсесінің тұрақты орналасу орны ретінде ұсынылды. Бүгінгі таңда кеңсе ретінде тұрақты орналасу ғимаратының құрылысы аяқталғанша уақытша жай ұсынылды. Көшу 2016 жылдың көктеміне жоспарлануда. 2013 жылдың желтоқсан айында ХҒТО Назарбаев Университетімен бірге 2013 жылдың 22 желтоқсанында күшіне енген, кеңсе жайының бөлінуі туралы келісімді аяқтады. Бүгінгі таңда уақытша кеңсе жөндеуден өткен және барлық қажетті қондырғыларға ие. Ол ресми түрде ХҒТО басқарушыларының кеңесінен кейін 2014 жылдың 5 маусымында ашылуы тиіс.

ХҒТО кеңсесінің Назарбаев Университетіне көшірілуінен өзге, Университет Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған, ХТҒО-мен серіктестікте болуға өтінім берді. 2012 жылы Назарбаев Университеті ХҒТО серіктесі ретінде қабылданды және осы арқылы ХҒТО тарихында алғашқы серіктестік ісін бастады.