[Қаржыландыру мүмкіндігі] Бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңартылатын энергия көздеріне арналған бағдарламасы

АҚШ Елшілігі, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Қаржыландыру мүмкіндігі туралы хабарлама

Бағдарлама кеңсесі: Қоғаммен байланыс бөлімі, Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі
Қаржыландыру мүмкіндігінің атауы: Бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңартылатын энергия көздеріне арналған бағдарламасы
Хабарлама түрі: Грант немесе Ынтымақтастық туралы келісім
Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірі: DOS-KAZ-NS-AEECA-21-015
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 27 Тамыз, 2021 ж., 18:00 дейін ұсынылуы қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен)
CFDA нөмірі: 19.900 – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға көмек
Қаржыландырудың жалпы соммасы: $46,000
Жоғарғы грант сомасы: $46,000
Төменгі грант сомасы: $25,000
Жобаны орындау мерзімі: 12 айға дейін
Болжауланған бағдарламаның басталу күні: 15 Қыркүйек, 2021 ж.

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанның журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру және жаңартылатын энергия көздері мен Қазақстанның төмен көміртекті болашаққа ұмтылу жолындағы мәселелері бойынша жергілікті репортаж сапасын арттыру ниеттеріне қолдау көрсетеді.

АҚШ Елшілігі кәсіби дайындықты қамтамасыз ету, жаңартылатын энергия туралы жаңалықтар дайындауда инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандыру және әріптестер арасында тәжірибе мен білім алмасуды қолдау арқылы Қазақстандық БАҚ, журналистер мен блогерлер жариялайтын жаңартылатын энергия көздері мен климаттың өзгеруі туралы хабарларды кеңейту және арттыруға бағытталған гранттарға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жоба Қазақстандық БАҚ-та жарияланатын жаңартылатын энергия мәселелері жөніндегі хабарлардың сапасы мен санын жақсартуға, көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелері, сондай-ақ олардың елде жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге бағытталуы қажет.

Толық ақпарат пен өтініш формаларын келесі сілтеме арқылы таба аласыз: DOS-KAZ-NS-AEECA-21-015