«Қателіктерін мойындайтын және кемшіліктермен жұмыс жасайтын ел – Америка» – Vlast.kz басылымының негізін қалаушы АҚШ – тың алмасу бағдарламасына қатысқаны жөнінде мағлұмат берді
Вячеслав Абрамов – Vласть бас директоры.
2008 және 2020 жылдары АҚШ-тың кәсіби алмасу бағдарламаларына қатысқан. IVLP 2008 және CAMEX reporting tour 2020, Forieng Press Center Reporting tour.
– Алмасу бағдарламалары шеңберіндегі сапарларым менің өмірімнің әртүрлі кәсіби кезеңдерінде өтті. Біріншісі – журналисттерге жаңа дағдыларды игеруге көмектесетін ұйымда қызмет еткенде, екіншісі – өзім негізін қалаушы басылым Vlasty-да жұмыс істеген уақыт. Олар маған ерекше сезімдер және нәтижелер берді. Бірінші бағдарлама маған жаңа байланыстарды орнатуға көмектесті, түрлі институттар қалай жұмыс істейтіні туралы түсінігімді кеңейтті. Екінші бағдарлама – мен көптеген жылдар бойы жазып келе жатқан америкалық сайлауға түсіп, жаңа көздерді табуға, процестерді көруге, содан соң осы тақырып туралы жазуға тамаша мүмкіндік болды.
– Алмасу бағдарламаларына қатысу – маған америкалық саясат, сайлау және түрлі институттар туралы ондаған мақалалар жазуға себеп болды. Одан басқа, осындай бағдарламалар шеңберінде құрылатын байланыстар кейін маңызды спикерлерді немесе комментаторларды табуға, ал кейде Vласть ұйымдастыратын іс- шараларға шақыруға көмектеседі. Сторителлинг фестиваліне мысал ретінде Қазақстандағы АҚШ елшілігі серіктес болған сторителлинг фестивалін келтіруге болады.
– Әрқашан маған әртүрлі мемлекеттік институттардың жұмысы, олардың қалай жұмыс жасайтыны туралы көбірек білу маңызды және қызықты болды. Олар саяси жағдайдың өзгеруіне қарамастан жұмыс істейді және тәуелсіз бола алады. Америка өзгеруден қорықпайтын және қателіктерге дайын ел, қателіктерін мойындап, әрқашан түзетуге дайын. Менің ойымша, бұл өте маңызды қасиет.
– Әр жолы алмасу бағдарламасы америкалық медиа мен институттарды зерттеуді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдерлегі әріптестермен қарым-қатынасты қамтығандықтан, бұл көрші мемлекеттерде немесе АҚШ- та медианың қандай стандарттары бар екенін, не істеп жатқанын, күн сайын қалай өзгеретінін жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Бұл қатысушылардан білуге және үйренуге тырысқан маңызды сабақтарым.
– Әрбір бағдарлама барлық кәсіби жаңалықтарға толы болды. Кейде мен АҚШ- тан мыңдаған шақырым жерде орналасқан болсақ та, американдық әріптестер жүзеге асыратын жобаларға ұқсас нәрсе жасайтынымызды түсіндім. Кейде керісінше, олардың кейбір әдістері бізде жұмыс істей алмайды деген қорытындыға келдім. Мен олардың ашық мінездеріне, өз ойларымен еркін бөлісуге дайын екендігіне таң қалдым. Біздің жұмысымызда мен редакцияның ішінде де, оқырмандармен де Vластпен не жағдай болып жатқанын бөлісіп отыруға тырысамын.
– Соңғы бір жылдың ішінде біз әлемдегі көптеген БАҚ сияқты медициналық басылымға айналдық. Осы уақытқа дейін, біз медицина, денсаулық және денсаулықты сақтау туралы осы жылдағыдай көп жазған емеспіз. Жағдай осындай және біз жазуды тоқтатпаймыз.