Әйгерім Хафизова оқу бағдарламасы және АҚШ-қа саяхат туралы: «Менің өмірім 360 градусқа өзгерді»

Бағдарлама: Fulbright Foreign Student Program (2015, Нью-Йорк, АҚШ), Edmund S. Muskie Internship Program (2015, Сан-Франциско, АҚШ)
Facebook: facebook.com/aigerim.khafizova
Fulbright бағдарламасы менің арманым болды. Білім беру саласындағы магистратураға арнайы тапсырған болатынмын. Ол уақытқа дейін мен бұл салада екі жыл жұмыс істеп жүрдім. Бұл тақырып мен үшін өте қызық, оның ішінде, білім беру мен жаңа технологиялар арасындағы байланыс қызықтырды. Алайда, маған бастапқы негіздің жетіспейтіндігін түсіндім. Бағдарлама менің кәсіпкерлік және онлайн-білім беру жолындағы бастауыма айналды. Ал 2015 жылы Fulbright стипендианттары Maskie Program аясында АҚШ-тың компанияларында машықтанудан өте алды. Мен де осы мүмкіндікті пайдаланып, Силикон алқабында (Silicon Valley) тәжірибеден өттім.
«Фулбрайт бағдарламасы менің арманым болды»
Бағдарлама бойынша АҚШ-та оқығаннан кейін менің өмірім 360 градусқа өзгерді. Америкада жүріп, мен мынаны түсіне алдым: бір нәрсені өзгертудің әрдайым шығармашылық тәсілі бар, әрқашан өзіңіз қалағандай жасай аласыз және ойыңызды жүзеге асыруға болады. “Кәсіпкер болып, өнеркәсіпті жасай және өзгерте аламын” деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Ал қазір мен мұны өзімнің Edgravity компаниясы арқылы жасай аламын. Қазірдің өзінде біз Қазақстанның шекарасынан асып, шет елдерге шығып жатырмыз.
АҚШ-та мені адамның сол жерде әртүрлі салаларды біріктіре және синтездей алатыны таң қалдырды. Сіз музыка жазып, оған қоса, технологияларды қолдана аласыз немесе суретші болып, шабытты ғылымнан таба аласыз. Бұл мені таң қалдырды. Сонымен қатар, ойға алған істі әркез жүзеге асыра алу да мүмкін нәрсе екендігіне көзім жетті. Ешқандай шектеу жоқ.
Атауы: «Америкадағы Фулбрайт барлық есіктердің кілті секілді»
АҚШ-та өткізген екі жыл ішінде мен көп саланы зерттедім. Мен Американы тіл және мәдениет арқылы тануға болатынын интуитувті түрде түсіндім. Жазда, демалысқа үйге барудың орнына Перуге ерікті ретінде баруға бел байладым, онда мен Ruwasunchis ғылыми-өндірістік бірлестіктігінде еңбек еттім. Кейін бұл білімімді өз оқуымда пайдаландым. Мұнан бөлек, өнер және театр туралы зерттедім, өнер адамдарымен кездестім. Маған мұның керек екендігін түсіндім. Әлемге басқаша көздбен қарауға үйрендім. Бұл мен үшін «вау» болды.
Болашақ жоба қатысушыларына топ-компаниялармен байланысудан қорықпауға, сізді шабыттандыратын адамдарға жазудан қорықпауға кеңес беремін. Мен бағыттардың қиылысында қызықты ойлардың туындайтынына сенемін. Сондықтан, ізденімпаз болу, саяхаттау, тенденцияларды зерттеу, денсаулықты бақылау және спортпен айналысу өте маңызды. Америкада «Мен Фулбрайт» деп айтсаңыз, сізге кез-келген жерде есік ашады.