Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен British Council журналистерге арналған ағылшын тілін меңгеру бағдараламасын іске қосты

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі Британдық Кеңеспен (British Council) бірлесе, 2018 жылдың қарашасында «Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасының басталуын жария етеді. Бағдарламаның мақсаты – журналистердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға және елдің үштілдікке өтуі үдерісінде ағылшын тілін білуді кеңейтуге деген Қазақстанның ұмтылысын қолдау. 

Бағдарламаға ағылшын тілін меңгерумен қоса журналистика саласына байланысты практикалық тапсырмалар кіреді. Бұл тапсырмалардың орындалуы ағылшын тілінің білуін қажет етеді. Курс Қазақстанның сегіз қалаларында өткізіледі: Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Қостанай. Ұзақтығы – 12 ай.

Бағдарламаға қазіргі таңда Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүрген, штатқа кіретін немесе кірмейтін журналистердің қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл жылғы бағдаралама ағылшын тілін минималды деңгейде білуін талап етпейді, мүлдем тілді оқымаған журналистер де қатыса алады. Бұрын «Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасына қатысқан және бұл жылғы тілді білу деңгейі Upper Intermediate дәрежесінен жоғары болмайтын журналистер де өтінім бере алады. 

Өтінім 2018 жылғы 11 желтоқсанға дейін қабылданады. Іріктелген қатысушылар 2019 жылдың 25 қаңтарына дейін хабарлама алады. Сабақ 2019 жылдың 11 ақпанында басталады.  

Тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өтуге болады https://www.britishcouncil.kz/english/professional-english-for-journalists

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі «Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасын 2016 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның түлектері – 200-ден астам журналистер.