2018 жаңа жылдық құттықтау

2018 жаңа жылдық құттықтау

Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының дипломатиялық миссиясы атынан және жеке өз атымнан барша Қазақстан халқын келе жатқан 2018 жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және мол табыс тілеймін! Өткен жыл екі еліміз үшін ерекше қызықты және сәтті жыл болды: естен кетпес Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі және сонымен байланысты сан алуан мәдени, іскерлік және халықаралық іс-шаралар өтті. Біз ковбойлар мен латын стиліндегі әншілер бастаған көптеген америкалық өнерпаздарды АҚШ-тың бай әрі сан қырлы мәдениетін көрсету үшін Қазақстанға әкеліп, оларды Қазақстан халқының керемет қонақжайлығымен, рухани мәдениетімен және әсем жерімен таныстырғанымызға қуаныштымыз. Осы орайда өткізілген іс-шаралар келешектегі ынтымақтастығымыздың іргетасын нығайтты. Мен 2018 жылы елдеріміз арасындағы байланыстардың одан әрі жалғасатынына және нығаятынына сенімдімін. Жаңа жыл барлық қазақстандықтарға шаттық пен татулық алып келсін!

АҚШ Елшісі
Джордж А. Крол