ҚАЗАҚСТАН. 2020 ЖЫЛ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕГІ ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ БАЯНДАМАСЫ

Қысқаша сипаттама 

Конституция елді зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады және діни сенім бостандығын қамтамасыз етеді. Дін мәселелеріне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) Дін істері комитеті (ДІК) жауапты болып табылады. Жергілікті және халықаралық бақылаушылардың айтуы бойынша, билік органдары үкімет тарапынан «дәстүрлі емес» деп танылған діни бірлестіктерге шектеу қойып өз бақылауына алды, олардың қатарында елде ресми танылған сунниттік исламдағы Ханафи мәзһабынан бөлек ағымды ұстанатын мұсылмандар мен протестант христиандар бар. Билік органдары адамдарды діни сеніміне байланысты тұтқындауды, ұстауды және қамауға алуды; діни сезімдерді білдіруді шектеуді; тіркелмеген бірлестіктерге өз дінін ұстануға жол бермеуді; бейбіт діни жиындарды шектеуді; қоғам алдында діни сенімді білдіруді шектеуді; діни киім-кешекті қоса алғанда, діни көзқарас пен діни әдет-ғұрыптарды шектеуді; «діни алауыздыққа түрткі болатын» мәтін үшін жауапқа тартуды; прозелитизмді шектеуді; діни әдебиетті жариялау мен таратуды шектеуді; діни мазмұндағы цензура; діни салт-жоралар мен мақсаттар үшін пайдаланылатын ғимараттарды сатып алу немесе пайдалануды шектеуді жалғастырды. Үкімет діни қызметтерге тосыннан тексерістер жүргізді, жеке тұлғаларды «заңсыз миссионерлік қызмет» үшін қудалады және «дәстүрлі емес» діни бірлестіктерді тіркеуден бас тартты. Қаңтарда Алматы қаласындағы сот екі мұсылманды діни өшпенділікті қоздырғаны және «Хизб ут-Тахрир» ұйымына онлайн-чаттар арқылы қатысқаны үшін бес жылға бас бостандығын шектеуге (шартты түрде) үкім шығарды. Қазан айында  Жоғарғы соттың алғашқы сот үкімінің күшін жою туралы шешіміне қарамастан, бір мұсылман 2015 жылы терроризмді онлайн посттар арқылы қолдағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Діни азшылық топтар билік органдары COVID-19 пандемиясына байланысты оларды кемсітетін шектеулер қолданды деп мәлімдеді. Бес пастор мен екі шіркеу қызметкерін ұстап, сотқа берді, түрмеге жауып, пандемияға байланысты шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл салыпескертулержасады. ДІК соңғы мәліметтерге сәйкес 2019 жылы Дін туралы заңды бұзғаны үшін 552 әкімшілік қудалау орын алғанын мәлімдеді. Кейбір діни азшылық топтар жергілікті билік органдарының олардың мүлкіне тыйым салу әрекеттеріне тап болған. Қазан айында бұрын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасынан өткен Қытай азаматтары, яғни төрт этникалық қазаққа Қытайға оралған кезде қудалаудың құрбаны болу қаупінің себебіне байланысты саяси пана ұсынылды 

Бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің мақалалары немесе хабарларында «дәстүрлі емес» саналатын азшылық діни топтарды беделін түсіруді жалғастырды. Иегова куәгерлері бірқатар жала жабылған мақала мен хабарлардың орын алғаны туралы хабарлады. ҮЕҰ мен ғылыми бірлестіктері өкілдерінің мәлімдеуінше кейбір діни топтардың мүшелері, соның ішінде хиджаб және оларды белгілі бір діннің өкілдері екенін білдіретін киім киген мұсылмандар, сондай-ақ кейбір христиан қауымдастықтарының өкілдері, соның ішінде евангелистер, баптистер және Иегова куәгерлері қоғам тарапынан оларға біржақты қарау проблемасына тап болуда және кемсітушілікке ұшырауда. 

Мемлекеттік хатшы, әлем елдеріндегі діни сенім бостандығы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, АҚШ елшісі және АҚШ-тың басқа да лауазымды шенеуніктері дүниежүзілік пандемия кезінде жеке кездесулер мен сапарларға шығуға қойылған шектеулерге қарамастан, жеке және виртуалды платформалар арқылы билік органдарымен диалогқа шығып отырды, сонымен қоса, жалпы және нақты бір жағдайларда діни сенім бостандығын құрметтеудің маңыздылығын атап өте отырып, АҚДМ және ДІК-мен үнемі және тұрақты қарым-қатынаста болды. Осы диалог барысында үкіметтің дін туралы заңдар мен қылмыстық және әкімшілік кодекстерді жүзеге асыруының нәтижесінде діни сенім бостандығына тигізетін кері әсері, әсіресе бейбіт діни сарында сөз сөйлеу, тіркелмей дұға ету және діни әдебиеттердегі цензураға қатысты қылмыстық жаза қолдануға байланысты туындаған алаңдаушылықтар талқыланды. Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі екі жақты жұмыс тобы кез келген адамға елде өз сенімін еркін ұстануға мүмкіндік беретін ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін ақпан айында бетпе-бет кеңес және қазан айында сырттай кеңес өткізді. АҚШ дипломатиялық қызметкерлері түрлі ғибадат үйлерін аралады және көптеген діни қауымдастықтар мен діни сенім бостандығын жақтаушылармен тілдесті. Сонымен қатар, елшілік діни бостандықты құрметтеуге шақырып, әлеуметтік желілерде науқандар өткізді. 

I бөлім. Діни демография 

АҚШ үкіметі жалпы халық саны 19,1 миллион адамды құрайды деп бағалайды (2020 жылдың ортасындағы жағдай бойынша). 2009 жылы жүргізілген соңғы халық санағының нәтижелері бойынша халықтың 96,7 пайызының діни сенімі бар екені анықталды. ДІК зерттеуі 2019 жылғы халықтың 92,8 пайызы дінді ұстанатынын көрсетті. 2009 жылғы халық санағы бойынша тұрғындарлың 70 пайызы мұсылмандар, олардың көпшілігі ханафи мектебіне жататын сунниттер. Басқа ислам топтарына шафиит мазхаб сүнниттері, шииттер, сопылар және Ахмадия мұсылмандары қауымдастығы кіреді. 

Халықтың 26 ​​пайызы христиандар, олардың көпшілігі православиелік орыстар. Христиандардың арасында рим-католиктер, грек-католиктер, лютерандықтар, пресвитериандар, жетінші күн адвентистеріметодистерменониттерпятидесятниктер, баптистер, Иегова куәгерлері, Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуінің прихожандары және христиан ғалымдары, Бірлестік пен бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін отбасы федерациясының мүшелері (Бірлестік шіркеуі) бар. Этникалық қазақтар және басқа да ортаазиялық этникалық топтар өздерін мұсылман деп санайды, ал этникалық орыстар мен украиндар өздерін христиан деп санайды. 

Халықтың 5 пайызынан азын құрайтын басқа діни топтарға еврейлер, буддистер, Кришна санасы халықаралық қоғамының мүшелері, бахаилер және саентологтар кіреді. 

II бөлім. Үкіметтің діни сенім бостандығын құрметтеу мәртебесі  

Құқықтық негіз 

Конституцияға сәйкес Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, мұнда діни сенім бостандығына, сондай-ақ дiнді ұстану бостандығына кепілдік беріледі. Бұл құқықтар конституциялық құрылым, қоғамдық тәртіп, адамның құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау үшін қажетті заңдармен ғана шектелуі мүмкін. Конституцияға сәйкес барлық адамдар діни немесе басқа да наным-сенімдерді ұстануға, діни іс-шараларға қатысуға және өз нанымдарын таратуға құқылы. Бұл құқықтар іс жүзінде «дәстүрлі» немесе тіркелген діни топтармен шектеледі. Заңда «дәстүрлі» діни топтардың анықтамасы жоқ, бірақ бұл ханафи мазхабындағы сүнниттер, православиелік христиандар, католиктер, лютерандар, иудаистер және басқа да негізгі немесе тарихи діндердің өкілдері болып саналады. 

АҚДМ және оның құрамына кіретін ДІК елдегі діни тәжірибені реттейді. Заңға сәйкес, АҚДМ дін саласындағы мемлекеттік саясатты жасауға және іске асыруға, сондай-ақ үкіметтің және азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз етуге жауапты. Ол сондай-ақ діни қызмет пен экстремизм туралы заңдарға қатысты бұзушылықтарды қарастырады. АҚДМ заңнама мен нормативтік актілерді әзірлейді, діни материалдарға талдау жасайды және цензура туралы шешім қабылдайды. Барлық діни бірлестіктер діни материалдарды таратпас бұрын бекітуге міндетті. АҚДМ діни бірлестіктерге тыйым салу және Діни қызмет туралы заңнаманы бұзатын жеке тұлғаларға санкциялар салу үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейді, діни тәжірибені реттеуде жергілікті билік органдарының әрекеттерін үйлестіреді және дін туралы заңның ресми түсіндірілуін қамтамасыз етеді. 

Терроризмге қарсы заң діни ұйымдардан діни ғимараттарды ықтимал террористік шабуылдардан қорғауды талап етеді; діни ұйымдар аталмыш талапты орындай алмаған жағдайда үкімет оларға қарсы шара қолдануы мүмкін. Заң бойынша мемлекеттің конституциялық негізіне, егемендігіне немесе аумақтық тұтастығына қауіп төнбеген жағдайда, мемлекет азаматтар немесе резиденттердің дінді таңдауына кедергі болмайды.  

Қылмыстық және әкімшілік кодекске сәйкес, заңсыз діни қызмет үшін жаза қарастырылған, оған тіркелмеген діни топтардың қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, діни қызметті рұқсат етілген аумақтардан тыс жерлерде жүргізу, діни материалдарды лицензиясыз тарату немесе діни қызметкерлерді оқыту, үкіметтің рұқсатынсыз немесе үкімет мақұлдамаған жерлерде діни әдебиетті сату, сондай-ақ миссионерлік қызметті міндетті тіркеусіз жаңа адепттерді тарту мақсатында дінді талқылау жатады.  

Қылмыстық кодекс «дінаралық алауыздықты тудыруға» тыйым салады, оған «азаматтардың дініне немесе басқа да сипатына байланысты бірегейлігін, артықшылығын немесе кемшілігін насихаттау» жатады. Діни төзімсіздік пен бірегейлікті насихаттайтын қоғамдық институттарды құру және басқару қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады,  осындай әрекет үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. 

Діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдарға қатысты қолданылатын экстремизм туралы заң мемлекетке топты «экстремистік ұйым» ретінде тануға, белгілі бір топтың қызметіне тыйым салуға және тыйым салынған ұйымға мүше болғаны үшін жаза қолдануға мүмкіндік береді. Заң «экстремизмді» конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, елдiң егемендiгiн немесе аумақтық тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікті бұзуға, билікті күшпен тартып алуға немесе ұстап қалуға, қарулы көтеріліске, зорлық-зомбылыққа шақыратын этникалық, діни немесе өзге де қоғамдық алауыздықты тудыруға, немесе қауіпсіздік пен денсаулыққа қауіп төндіретін кез келген діни тәжірибені пайдалануға бағытталған іс-әрекет немесе ұйым ретінде анықтайды. Экстремистік ұйым – «экстремизммен айналысатын және сот экстремистік деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі». Заңда топтың «террористік» немесе «экстремистік» деп танылуы бойынша сот ісін жүргізудің оңтайландырылған тәртібі ұсынылған, оған сәйкес соттың қарау және шешім шығару үшін қажетті уақыты 72 сағатқа дейін қысқартылған. Іс-әрекет құқық бұзушылық заңды түрде анықталған соң, лауазымды тұлғалардың ұйымның тіркеу құжатын жоюға, осылайша оның заңды жұмысын тоқтатуға және мүлкін тәркілеуге құқылы. Прокурорлар жыл сайын мемлекеттік органдарда тіркелген барлық топтарды қолданыстағы заңнаманы сақтауын тексеруге құқылы. 

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес Қаржы министрлігі терроризм немесе экстремизм ретінде танылған қылмыстарды жасауға кінәлі деп танылған адамдардың қаржылық шоттарын тоқтатуға құқылы. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс елде «тіркелмеген діни топтардың дінін таратуға» тыйым салады, ол үшін 252 500 теңге (660 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлетеді. Кінәлі деп танылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның депортациялануы мүмкін. 

Діни ұйым республикалық, облыстық немесе жергілікті деп танылуы мүмкін. Жергілікті деңгейде тіркелу үшін діни топтар Әділет министрлігіне кем дегенде 50 негізін құрушы-мүшенің аты-жөні мен мекенжайын көрсетіп, арыз беруі тиіс. Бұл бірлестіктер облыстық немесе республикалық деңгейде тіркелетін мүшелерінің саны жеткілікті болмаған жағдайда, тіркеліп жатқан географиялық аумақтың шеңберінде ғана жұмыс істей алады. Өңірлік ұйымды тіркеу үшін екі бөлек облыста орналасқан кем дегенде екі жергілікті ұйымды қажет етеді және әр жергілікті бірлестікте кемінде 250 адам болуы керек. Республикалық тіркеу үшін еліміздің әр 14 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан кемінде 300 адамның, жалпы саны кем дегенде 5000 адамның болуы қажет. Діни қызметкерлерді оқыту мақсатында білім беру мекемелерін республикалық және өңірлік деңгейде тіркелген бірлестіктер ғана ашуға құқылы. 

Заңға сәйкес діни бірлестіктің мүшелерінің саны жеткіліксіз болған жағдайда немесе ДІК жүргізген сараптама нәтижесінде діни бірлестіктің Жарғысы мен кез келген заңның арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда, билік органы діни топты тіркеуден бас тарта алады. Әкімшілік кодекске сәйкес, тіркелмеген, немесе тыйым салынған діни бірлестікке, сондай-ақ қызметі тоқтатылған діни бірлестіктерге мүшелік ететін, басқаратын немесе қаржыландыратын жеке тұлғаларға 126 250 теңге (300 АҚШ доллары) мен 505 000 теңге (1200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Әкімшілік кодексте 505 000 теңге (1200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл және жиналыс өткізуге рұқсат етілмеген ғимараттарда діни жиналыстар өткізгені үшін; ДІК тарапынан мақұлданбаған діни материалдарды сырттан әкелгенішығарғаны немесе таратқаны үшін; тіркелген ұйымның жарғысы мен нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттерді жүйелі түрде жүргізгені үшін; діни объектілерді рұқсатсыз салғаны үшін; заңға қайшы келетін жиналыстар мен қайырымдылық іс-шараларын өткізгені үшін; немесе конституция мен заңдарды бұзғаны үшін тіркелген бірлестіктердің қызметін үш айға тоқтату жазалары қарастырылған. Аталмыш әрекеттерді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға 126 250 теңге (300 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады. Полиция бұл айыппұлдарды сотқа жүгінбей-ақ салуы мүмкін. Айыппұлмен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге болады.  

Егер ұйым, оның басшылары немесе мүшелері ұйымның жарғысында көрсетілмеген қызметпен айналысса, оған ескерту жасалады және (немесе) 252 500 теңге (600 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады. Әкімшілік кодекс бойынша, осындай құқық бұзушылық бір жыл ішінде тағы қайталанса, заңды тұлғаға 378 750 теңге (900 АҚШ доллары) айыппұл салынады және үш айдан алты айға дейін қызметі тоқтатылады. 

Әкімшілік кодекске сәйкес, егер діни ұйым тыйым салынған қызметті жүзеге асырса немесе қызметін тоқтатуға себеп болған бұзушылықтарды түзетпесе, лауазымды тұлғаға немесе ұйым басшысына 505 000 тенге (1200 АҚШ доллары) көлемінде, ал ұйымға 1 262 500 теңге (3000 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады және оның қызметі тоқтатылады. 

Заң жергілікті билікке діни ғимараттар мен құрылыстардан тыс діни іс-шараларды өткізу орнын таңдауды «үйлестіруге» өкілеттік береді. Заң бойынша, тұрғын үй-жайларда діни іс-шараларды ұйымдастырушылар «көршілердің құқықтары мен мүдделерін» ескерулері қажет. Билік органдары кейде мұны көршілерден рұқсат алу талабы ретінде түсіндіреді. 

Билік органдары айыппұл салынып, бірақ оны төлемеген адамдарға елден кетуге рұқсат бермейді. 

Заңмен адамды қандай да бір дінді ұстауға мәжбүрлеуге, діни топтың қызметіне немесе діни рәсімдерге қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Заң азаматтардың және тұрғындардың денсаулығына немесе имандылығына зиян келтіретін, отбасылық қарым-қатынасты үзіп, ажырасуға әкелетін, адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзатын немесе азаматтарды конституция мен заңнамада көрсетілген міндеттерді орындаудан жалтаруға итермелейтін мәжбүрлі діни іс-әрекеттерге тыйым салады. Заң қайырымдылыққа тәуелді дінді жаңадан қабылдаған адамға қатысты прозелитизм әдістерін пайдалануға тыйым салады. Заң сондай-ақ діни қызметке қатысуға мәжбүрлеу мақсатымен бопсалауға, зорлық-зомбылыққа, қоқан-лоққы көрсетуге немесе материалдық қорқыту құралдарын пайдалануға тыйым салады.  

Заң бойынша тұтқын діни рәсім жасау үшін діни қызметкердің көмегіне жүгінген жағдайда, ол діни қызметкерді ресми тіркелген діни бірлестіктен түзеу мекемесіне шақыра алады, алайда бұл түрменің ішкі ережелеріне қайшы келмеуі тиіс. Заңда түрме аумағында ғибадат орындарын салуға тыйым салынған. Заңға сәйкес, діни ұйымдар түрмелерді бақылауға, оның ішінде түзету жүйесін жетілдіруге бағытталған бағдарламаларды құруға және іске асыруға, сондай-ақ түрме жүйесіне байланысты заңдар мен нормативтік актілердің жобаларын әзірлеп, талқылауға қатыса алады. Діни топтар қамаудағыларға гуманитарлық, әлеуметтік, құқықтық және қайырымдылық көмекті анықтауы, беруі, таратуы және бақылауы мүмкін. Олар заңға қайшы келмейтін болса, пенитенциарлық жүйе органдарына басқа да көмек түрлерін ұсына алады. Заңға сәйкес, тұтқындар жеке заттарымен бірге діни әдебиетті пайдалана алады, бірақ ДІК оған сараптама жүргізіп, мақұлдауы керек. 

Заң «діни туризмді» «адамдар уақытша тұрғылықты елде (жерде) діни салт-жораларды орындайтын туризм түрі» ретінде анықтайды және оның АҚДМ тарапынан реттелуін талап етеді. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен (ҚМДБ) бірге АҚДМ, діни салт-жораларды орындау үшін адамдардың қажылыққа немесе басқа сапарға баруын бақылауға жауапты болады. Мемлекет әр топты арнайы таңдап алынған гидтер мен имамдар алып жүруін талап етеді, бұл ережелер қажылыққа барушылар экстремистік діни топтардың ықпалына түспес үшін ойластырылған.  

Заң діни рәсімдерді мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында, оның ішінде әскери немесе құқық қорғау органдарына тиесілі ғимараттарда жүргізуге тыйым салады.  

Заң бойынша діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды шығару, жариялау мен таратуға ДІК жүргізген сараптама қорытындысы оң болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Діни материалдарды жеке пайдалану үшін тек бір данасын ғана әкелуге рұқсат етіледі, бұл жағдайда ДІК оны сараптамадан өткізу міндетті емес. 

Заңда баланың денсаулығына зиян келген немесе баланың құқығы бұзылған жағдай орын алмаса, ата-аналарға балаларын өз діни нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге мемлекеттің кедергі жасауға құқығы жоқ екені көрсетілген. 

Заң ата-ананың бірі немесе басқа да заңды қамқоршылардың бірі қарсы болған жағдайда, ұйымнан «18 жасқа толмаған жасөспірімнің діни бірлестіктің қызметіне қатысуын болдырмау үшін шара қабылдауды» талап етеді. Заң діни қызметті, оның ішінде прозелитизмді, балалар мерекесінде, спорттық, шығармашылық және басқа да бос уақытты ұйымдастыру шараларында, лагерьлердешипажайда жүргізуге тыйым салады. Ұйымдар кәмелетке толмағандардың діни қызметке араласуын қаншалықты шектеу қажеттігі анықталмаған және бұл билік органдары тарапынан да белгіленген жоқ. 

Заңмен мемлекеттік мектептерде, колледждерде немесе университеттерде діни оқуға тыйым салынған. Үйде оқыту кезінде де діни білімге тыйым салынады. Заңда мектептен тыс және басқа да қосымша діни оқуларға рұқсат беріледі, бірақ оны тіркелген діни бірлестік өткізуі тиіс. Жарлық бойынша мектеп оқушылары білім берудің зайырлы сипатына сай келетін мектеп формаларын киюі тиіс, басты бүркеп алу сияқты белгілі бір дінге қатыстылықты білдіретін кез келген киім элементтеріне тыйым салынады.  

Сайлау туралы заң діни қатыстылыққа негізделген саяси партияларға тыйым салады.  

Қылмыстық кодекс «азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына зиян келтірумен немесе азаматтарды азаматтық міндеттерін орындаудан жалтаруға шақырумен «байланысты қызметпен айналысатын діни немесе қоғамдық бірлестіктерді құруға, басқаруға не белсенді түрде қатысуға, сондай-ақ діни негізде партия құруға және жетекшілік етуге тыйым салады. Кодекс мұндай әрекет үшін 15,2 миллион теңгеге дейін айыппұл (36 100 АҚШ доллары) немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Елде миссионерлік немесе басқа діни қызмет атқару үшін шетелдіктер миссионерлік немесе діни виза алуы керек. Бұл визалар адамға алты айға дейін елде тұрақтауға және тұрақтау мерзімін тағы алты айға дейін созуға мүмкіндік береді. Миссионерлік визаны алу үшін өтініш берушіде елде ресми тіркелген діни бірлестіктен шақырту болуы тиіс. Шақыру хат ДІК тарапынан мақұлдануы тиіс. Өтініш берушілер өтінім берген сайын ДІК-ның келісімін алу керек. ДІК діни сарапшыларының теріс бағасына сүйене отырып немесе миссионерлер елдің конституциялық құрылымына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына немесе кез-келген адамның денсаулығы мен имандылығына қауіп төндіретін болса, миссионерлік виза өтінімдерін растамауға құқылы. Конституция бойынша шетелдік діни бірлестіктер өз қызметін жүзеге асыруды соның ішінде жергілікті қауымдардың басшыларын бекіткенде «тиісті мемлекеттік мекемелермен», атап айтқанда, ДІК және Сыртқы істер министрлігімен келісу (СІМ) талап етіледі. Шетелдіктер діни бірлестіктерді тіркеуге құқылы емес.  

Жергiлiктi және шетелдiк миссионерлер жыл сайын облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органында тiркелiпдiни сенiмiмиссионерлiк жұмыс аумағы және осы жұмысты орындау мерзiмi туралы ақпарат бередi. Миссионерлер өзінің миссионерлік қызметін жүргізуге қолданатын барлық әдебиеттер мен басқа да материалдарды тіркеуге берілетін өтінішпен қоса беруі керек. Тіркеу кезінде сараптамадан өтпеген материалдарды пайдалану заңсыз болып табылады. Миссионер діни бірлестіктің атынан жұмыс істеу үшін тіркеу құжаттары мен демеуші діни ұйымның сенімхатын тапсыруы керек. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы «конституциялық тәртіпке, әлеуметтік тәртіпке, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қауіп төнсе», миссионерлерді тіркеуден бас тартуы мүмкін.  

Заңда діни нанымдар бойынша жалпыға бірдей әскери міндеттіліктен бас тарту құқығы қарастырылмаған, бірақ үкімет Иегова куәгерлерін міндетті әскери қызметтен босатты. 

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге мүше болып табылады.  

Билік органдарының әрекеттері 

 «Форум 18» діни сенім бостандығы жөніндегі халықаралық ҮЕҰ 24 сунниттік мұсылман діни қызмет пен діни сеніміне байланысты әрекеттеріі үшін түрмеге қамалғанын мәлімдеді. Үш протестанттық христианға түрмеге қамалуына сырттай үкім шығарылды. Алты адам жазасын «бас бостандығын шектеу» түрінде өтеді, оның ішінде сынақ мерзімі мен міндетті қоғамдық жұмыстар кіреді. Мұндай жазаларға соттың еркін жүріп-тұруды шектеуі де кіруі мүмкін. Түрмеде отырып шыққан он алты адамға діни қызметпен айналысуға тыйым салынды. 

БАҚ-тың хабарлауынша, 27 қаңтарда Алмалы аудандық соты Қарлығаш Адасбекова мен Дарья Нышанованы діни алауыздықты қоздырғаны және WhatsApp-тағы топтарда онлайн хабарламалар арқылы Үкімет тыйым салған «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымын қолдағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот талқылауы кезінде екі куә айыпталушыға қарсы бұрынғы айғақтарын қайтарып алды, ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеуге әкелген алғашқы хабарлама жасаған куә WhatsApp қосымшасында не туралы айтқанын есіне түсіре алмады. Осы қайшылақтарға қарамастан, судья сотталушыларды кінәлі деп таныды және олардың әрқайсысын бес жылға бас бостандығын айрыру үкімін шығарды. 

21 қаңтарда Жоғарғы Сот Дадаш Маженовтың ісі бойынша 2018 жылғы үкімге дау айту туралы Бас прокурордың өтінішін қарап, істі жаңадан қайта қарау үшін апелляциялық сотқа жіберді, себебі Маженовтың әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын талдаған сарапшының тиісті лицензиясы болған жоқ және қорғаныс мәлімдемелері жеткілікті тексерілмеген. Маженов сунниттік бағыттағы мұсылман, ғаламтордағы жариялынымдарда терроризмді қолдағаны үшін 2015 жылы жеті жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. 13 қазанда Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасы Маженовке қатысты 2018 жылғы үкімді күшінде қалдырды. Наурыз айында Мәженов 2019 жылдың жазында Шымкент қаласындағы еңбек лагерінде жазасын өтеп жүргенде құлшылық жасағаны үшін азапталғаны туралы шағым түсірді. Мамыр айында Азаптауға қарсы коалиция, түрмелер мен қамауда орындарына мониторинг жүргізетін жергілікті үкіметтік емес ұйым Маженовтың мүддесін қорғайтын адвокат тағайындады. ҮЕҰ түрмелердегі азаптау туралы істердің аз ғана бөлігі сотқа жеткенін және бірнеше лауазымды адамдар ғана кінәлі деп танылғанын атап өтті. 

22 сәуірде «Форум 18» ұйымы 27 адам (26 сунниттік мұсылман және бір жетінші күн адвентисті) түрме жазасын немесе бас бостандығын шектеу жазасын өтеп болса да, олардың банктік шоттары әлі күнге дейін бұғатталуда екенін білгенін хабарлады. «Форум 18» ұйымының хабарлауынша, билік органдары әдетте терроризм немесе экстремизм айыптары бойынша сотталған адамдарды Қаржы министрлігінің «терроризмді немесе экстремизмді қаржыландырумен байланысты» тізіміне қосып, олардың банктік шоттарын бұғаттаған. Бұл адамдардың отбасылары шоттары банкке хабарласқаннан соң бұғатталғанын білген. «Форум 18» ұйымы басқа табыс көздері болмаса, туыстарына шоттан аздаған қаражат шешіп алуға рұқсат етілетінін мәлімдеді. 

Иегова куәгерлерінің айтуынша, діни себептер бойынша әскери қызметтен бас тартқан осы қауымдастықтың 23 мүшесі қызметтен босату тұрғысынан кейбір қиындықтарға тап болды, дегенмен кейіннен барлық жағдайларда олардың істері билік органдарымен диалог барысында шешілді. Иегова куәгерлерінің өкілдері жергілікті әскери комиссариаттың қызметкерлері бас кезінде жергілікті діни қауымдастықтың әскерге шақырылушыларға берген анықтамаларын әскери қызметтен босату үшін жеткіліксіз негіз деп есептегендерін мәлімдеді. Содан кейін жергілікті Иегова куәгерлері қауымдастығының өкілдері әрі қарай түсініктемелер беріп, діни себептермен жастарды әскери қызметтен босатылуы ресми түрде сұратылған хаттар жіберді.  

Діни сенім бостандығын бақылаушылар билік органдары діни азшылықтарды қудалау үшін дін туралы заңды қолдануды жалғастырды, олардың қызметін айыппұлдар мен басқа да шектеу шаралары арқылы шектейтіндігін үнемі айтты. Бұзушылықтарға билік органдары рұқсат етпейтін шараларға діни іс-шараларға қатысу, діни әдебиеттер мен бейнелерді импорттау, сату немесе тарату, оның ішінде ғаламторда тарату, діни идеялар мен уағыздарды тарату, сондай-ақ мешіттерде құдайға құлшылық ету тәртібін бұзу жатады. ДІК соңғы мәліметтерге сәйкес 2019 жылы Дін туралы заңды бұзғаны үшін 552 әкімшілік қудалау орын алғанын мәлімдеді.  

Бір жыл ішінде билік органдары жергілікті биліктің алдын-ала рұқсатынсыз діни іс-шараны өткізгені үшін Кришна Санасы Халықаралық қоғамынан (ИСККОН) 2019 жылы тағылған айыптарды алып тастады. КСХҚ Атырауда 2019 жылы полиция рейдінде ұсталды.  

Иегова куәгерлері деректерінде қоғамның 63 мүшесі заңсыз миссионерлік қызмет жасады деген айыппен қаңтар-қазан айларында ұсталғаны мәлімделген. Олардың 38-не ауызша, 14 -не жазбаша ескерту жасалды, ал 11-і дін туралы заңды бұзғаны үшін сотқа тартылды. Он бірінің тоғызы ақталды, ал екеуі кінәлі деп танылып, әрқайсысына 277 800 теңге (660 АҚШ доллары) айыппұл салынды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда COVID-19 пандемиясымен күресу бойынша төтенше жағдай жариялау туралы жарлық шығарды. Төтенше жағдайға байланысты кең ауқымды шектеулер аясында діни рәсімдерге тыйым салынды және мешіттер, шіркеулер және басқа діни орталықтардың қызметі уақытша тоқтатылды. 11 мамырда төтенше жағдай тоқтатылды. 18 мамырдан бастап мешіттер, шіркеулер және басқа да ғибадат үйлері 30% ғана тола отырып және белгілі бір өңірлердегі қоғамдық денсаулыққа байланысты басқа шектеулер қоя отырып, жұмыс істей бастады. COVID-19 таралуын болдырмауға бағытталған күштердің шеңберінде бір жыл ішінде өңірлердегі шектеулер жиі өзгертіліп отырды. Қоғамдық денсаулықты сақтау үшін жыл соңында ірі діни іс-шараларға (мысалы, үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдері) тыйым салынды.  

Діни азшылық топтар билік органдары COVID-19 пандемиясына байланысты оларды кемсітетін шектеулер қолданды деп мәлімдеді. Сәуір айында Қарағанды облысының соттары үш жергілікті евангелиялық баптистік қауымның пасторлары шіркеулерге 29 наурыз жексенбілік қызметтерге прихожандардың жиналуына рұқсат беріп, COVID-19 бойынша карантин ережелерін бұзды леп айыптады. Пасторлар үш күнге түрмеге қамалды, ал Теміртаудағы пастор Дмитрий Янценге 26 510 теңге (63 АҚШ доллары) айыппұл салынды. Шіркеу басшылары бұл оқиғалар жиналыстарға қатысатындардың рұқсат етілген саны туралы нақты ережелердің болмауына байланысты деп мәлімдеді. Бас санитариялық инспектордың жарлықтарымен жаппай жиналыстарға тыйым салынған, бірақ мұндай жиналысқа қанша қатысушы рұқсат етілгені көрсетілмеген. Шіркеулер кейбір заңгерлер мен үкімет шенеуніктері бұқаралық жиналысқа 50-ден 200-ге дейін қатысушы санын белгіледі деп мәлімдеді. Пасторлар аурудың таралуын болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдағанын, соның ішінде қатысқан сенушілердің санын шектегенін айтты. 

5 сәуірде Алматы соты «Жаңа өмір» шіркеуінің пасторы Иван Крюков пен екі волонтер Роман Меграф пен Петр Шелепановқа мұқтаж адамдарға азық-түлік жеткізу кезінде карантиндік шектеулерді бұзды деп әкімшілік айыппұл салды. «Нұр Отан» саяси партиясы және ҚМДБ сияқты мемлекеттік ұйымдардың мүшелері азық-түлік жеткізгені үшін ұсталған жоқ. Пастор мен еріктілер шектеулерді бұзбағанын және Алматы билік органдарынан қалада жүруге ресми рұқсат алғанын мәлімдеді. Олар сот шешіміне шағымданды. 24 сәуірде Алматы қалалық соты төменгі сот шешімін күшінде қалдырды, үш ер адамды карантинді бұзғаны үшін кінәлі деп таныды, бірақ айыппұлды ескертумен алмастырды. 

22 сәуірде «Жаңа өмір» шіркеуімен байланысты Шымкенттегі евангелиялық христиандардың пасторы төтенше жағдай кезінде миссионерлік қызмет жүргізгені үшін 10 күнге түрмеге қамалды. Шіркеу өкілдері пастор Жетис Рауиловты 21 сәуірде әкімдікке ДІК жергілікті бөлімшесінің қызметкері кездесуге шақырған, кеңседе шенеунік орнында болмаған соң үйіне қайтқан, жолда супермаркетке кірген деп мәлімдейді. Оны полиция тоқтатып, көлігіне тінту жүргізіп, прихожандарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін рұқсатсыз қалада жүрді деген күдікпен ұстады (Жергілікті шектеулерде азық-түлік өнімдерін жеткізу үшін рұқсат талап етілді, бірақ үйге жақын жерден азық-түлік сатып алуға рұқсат қажет емес.) Рауиловтың пікірі бойынша оның қамауға алынуы жергілікті билік ұйымдастырған сияқты, себебі бұл әкімдіктегі кездесуден кейін бірден орын алды Рауилов жазасын өтеп, босатылды. 

18 Форумының мәліметтері бойынша 15 мамырда, пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай жойылғаннан кейін төрт күн өткен соң полиция COVID-19 байланысты шектеулердің сақталуын тексеру үшін Ақтөбедегі сауда орталығында қоғамдық жиналатын орындарға рейд жүргізді. Сауда орталығының әкімшісі Гүлнар Құрманғалиеваға ислам намазханасының сауда орталығында жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін 132 550 теңге (310 АҚШ доллары) айыппұл салынып, билік органдары намазхананы үш айға жапты.  

Билік органдары әкімшілік кодекске сәйкес рұқсат етілмеген діни жиналыстарды өткізгені, діни әдебиеттерді сатқаны және дін туралы басқа да заң бұзушылықтар жасағаны үшін жеке тұлғаларға айып тағуды жалғастырды.  

29 ақпанда полиция Павлодар облысындағы христиан евангелиялық баптистік шіркеуінің мүшелері Олег Степаненко мен Надежда Смирнованы діни әдебиеттерді рұқсатсыз таратқаны үшін ұстады. Жергілікті БАҚ оларды «қауіпті» діни топтың ұстанушылары деп сипаттады. 2 наурызда жергілікті сот оларды дін туралы заңды бұзғаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік айыппұл салды. Билік органдары олардың иелігіндегі 200-ге жуық діни кітапты тәркілеп, жойды.  

БАҚ-тың хабарлауынша, қыркүйек айында Көкшетау әкімшілік соты жеке тұлғаны діни әдебиетті таратқаны үшін, діни кітаптарды (ДІК теологтарының пікірінше бұл кітаптар тыйым салынған экстремистік мазмұнда) әлеуметтік желілерде жарнамалағаны үшін кінәлі деп таныған. Үкімет сарапшылары жарнаманы әлеуметтік медианы бақылау кезінде көрді. Полиция автордың ізіне түсіп, айып тағып, оған 100 000 теңгеге (240 АҚШ доллары) айыппұл салған.  

29 наурызда Павлодар полициясы евангелиялық христиандардың Павлодар қауымның ғибадат үйіне тінту жүргізді және 66 жастағы пасторға тіркелмеген діни топты басқарды деген айып тағылды. 20 сәуірде Павлодар әкімшілік соты пасторды кінәлі деп танып, оған 194 460 теңге (460 АҚШ доллары) айыппұл салды. 

 «Ашық есіктер» халықаралық діни қайырымдылық ұйымы үкіметтің елдегі шіркеу жиналыстарын бақылау, рейдтер жүргізу және қамауға алуларды қоса алғанда, діни көріністерді бақылауы бойынша елді Дүниежүзілік бақылау тізіміне енгізді. ҮКҰ христиан дінін қабылдаған мұсылмандар ең қатал қудалауға ұшырады деп мәлімдеді.  

Үкімет мектептерде діни киімге тыйым салу саясатын жалғастырды. Білім және ғылым министрлігі республиканың барлық мектептерінде орамал тағуға тыйым салуды жалғастырды, бірақ БАҚ COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн режимінде оқыту кезінде тыйым салу қатаң сақталмады деп хабарлады. 29 қыркүйекте БАҚ-тың хабарлауынша,Үкіметтің мектептерде орамал тағуға тыйым салуына байланысты Ақтөбе облысының білім басқармасының мәліметі бойынша 11 оқушы өз қаражаты есебінен онлайн оқуға шешім қабылдаған. 

18 Форумы құқық қорғау органдары кейбір мұсылмандардан сенімдері туралы бірнеше рет сұрақтар қойғанын мәлімдейді. 

ДІК статистикасында 2019 жылғы 3 770-пен салыстырғанда, жылдың алғашқы тоғыз айында елде 3 818 діни бірлестік немесе олардың филиалдары тіркелген деп көрсетілді. 

Үкімет ҚМДБ-ның бақылауындағы Сунни Ханафи мектебінен басқа мұсылман топтарын тіркеуден бас тартты. Исламның барлық басқа мектептері тіркеусіз қалды және елде ресми түрде қызметін жүзеге асыра алмады, алайда кейбір мұсылман қауымы үкіметтің араласуынсыз бейресми түрде ғибадат етуді жалғастырды.  

АҚДМ мен ҚМДБ ынтымақтастық туралы ресми келісімді қолдады, бірақ ҮЕҰ бұл үкіметтің номиналды тәуелсіз ҚМДБ-ға бақылау жасауына алып келді деп сендіруді жалғастырды. ҚМДБ-ға кіру арқылы мұсылман қоғамдастықтары өз имамдарын тағайындау құқығынан бас тартты, кез-келген меншік әрекеттері үшін (мысалы, сату, аудару немесе жақсартулар) ҚМДБ-ның мақұлдауына бағынышты болып қалды және мешіттің табысының 30 пайызын ҚМДБ-на беруге тиіс болды. ҚМДБ елде діни білім беруге арналған оқу бағдарламасын белгілеп, жұма намазы кезінде нұсқаулық қағидаттар мен уағыздардың мәтіндерінің үлгілерін ұсынды. 

ҚМДБ жаңа және қалпына келтірілген мешіттердің ашылуын бақылауды жалғастырды. КДР мәліметтері бойынша, елде 2 684 мешіт болған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 46-ға көп, бірақ Үкімет пен БАҚ бүкіл елдегі мешіт саны туралы әртүрлі және сәйкес келмейтін статистика ұсынған.  

КМДБ Сунни Ханафи мектебіне қатысы бар барлық 2684 ресми тіркелген мұсылман топтарының қызметін бақылауды жалғастырды және жаңа мешіттер салу, имамдарды тағайындау, емтихан тапсыру және үміткер имамдардың шыққан тегін тексеру құқығына ие болды. АҚДМ имамдарды оқыту, медреселердің мәртебесін дәреже беруші колледжге дейін көтеру және қажылықты бақылауда ҚМДБ-мен тығыз жұмыс істеді. ҚМДБ имамдарға алдыңғы білім деңгейіне қарай Нұр-Мүбарак университетінің исламтану және дінтану бөлімдерінде бакалавриат, магистратура немесе докторантура бағдарламаларына түсуге рұқсат етті. Сунни ханафи имамдары үшін 11 мектеп, Рим-католик діни қызметкерлері үшін бір мектеп және орыс православиелік діни қызметкерлері үшін бір мектеп болды.  

Ахмадилер мұсылман қауымдастығы тіркелмеген күйде қалды; үкімет қауымдастықты 2016 жылдан бері  алтыншы рет  тіркеуден бас тартты. Үкіметтік сарапшылар қауымның ілімін исламдық емес деп таныды және қауымдастық «мұсылман» сөзін тіркеу материалдарынан алып тастауы қажет деді. Қауымдастық мүшелері тіркелмегендіктен, олар ешқандай діни қызметпен айналыспағанын айтты. 

Баптисттік шіркеулер кеңесі ол әлі де үкіметтен алшақтықты сақтау саясатына сәйкес заңды тіркеуден түбегейлі бас тартатынын мәлімдеді. Бірлестік өкілдерінің айтуынша билік бірлестіктің жиналыстары мен сапарларын мұқият бақылауды жалғастырды, ал полиция оларды өткен жылдардағыдай қадағалап аңдып отырды.  

Саентология шіркеуі діни ұйым ретінде емес, тіркелген қауымдық бірлестігі ретінде жұмысын жалғастырды. Үкімет шіркеуге қауымдық бірлестік ретінде мүшелері кітаптарды оқып не үйге алып кете алатын және талқылау не кездесулер өткізе алатын ресурстық орталықтарды/кітапханаларды ашуға рұқсат етті, бірақ үкімет Шіркеуге діни деп санайтын қызметпен айналысуға тыйым салды.  

Кейбір азшылық діни топтарыны жергілікті билік органдарының  олардың мүлкін алуға әрекетімен  тәжірибелі болды17 қыркүйекте Алматы қалалық соты Алматыдағы «Жаңа өмір» шіркеуінің ғимараттарын қамауға алу туралы бұрын қабылданған сот шешімін күшінде қалдырды. 2019 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты шіркеудің елден қашқан үш шіркеу қызметшісін бұрынғы прихожандарды алдау және зиян келтіру мақсатында гипноз бен психологиялық манипуляцияларды қолданғаны үшін кінәлі деп танып, шіркеудің мүлкіне, соның ішінде ғимараттарға, ақша қаражаты мен компьютерлерге тыйым салу туралы қаулы шығарды. Сот отырысына «Жаңа өмір» шіркеуінің басшылары, олардың адвокаты да қатысқан жоқ, бастапқыда отырыстың кейінге қалдырылуын сот  келіскеніне қарамастан, сот олардың хабардар болусыз өтті. Шіркеу дереу апелляция берді. Шіркеу өкілдері әсіресе осал топтағы адамдарды қолдау үшін пайдаланылатын екі ғимаратқа ауыртпалықтың салынуына және ғимараттар тәркіленсе, бұл ғимараттарда тұратындардың кейбіреулерінің баратын жері жоқ екеніне алаңдаушылық білдірді. Жыл соңында ғимараттарға салынған ауыртпалық апелляция қаралғанға дейін  қалдырылды. 

14 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Мемлекеттік балабақша салу үшін Благодать пресвитериандық шіркеуі мен «Агапе» елуінші күндік шіркеуіне бөлінген жерді тәркілеу туралы жарлық шығарды. Шіркеулер әкімдікке қарсы талап арыз берді, бірақ 7 қыркүйекте қалалық сот ауыртпалық салу туралы қаулының орындалуы тиіс деген әкімнің қарсы талап-арызын қабылдай отырып, шіркеулерге қарсы шешім шығарды. Сот Шіркеуді бір топ сарапшыларға, яғни әкімдіктің шенеуніктеріне мүліктің құнын бағалау үшін ақы төлеуге міндеттеді. Шіркеулер бұл шешімге шағымданды, бірақ 12 желтоқсанда аппелациялары қабылданған жоқ. Жыл соңында жер тәркіленген жоқ және Шіркеулер жарлыққа қарсы шығып жүрді. 

21 қаңтарда Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан шекараны заңсыз кесіп өткені үшін екі этникалық қазақ мұсылманы сотталып, бір жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қысқа мерзімге жазаларын өтеп, босатылды. Қазан айында осы және Қытай азаматтары болып табылатын бұрын сотталған тағы екі этникалық қазаққа Қытайға оралған кезде қудалаудың құрбаны болу қаупінің себебіне байланысты пана  беріледі. 

Тамыз айында Үкімет COVID-19 шектеулері кезінде раввин Леви Ицхак Шнерсонның қайтыс болуына 76 жыл толуына байланысты жария рәсім жасауға еврей тобына Алматыға баруға рұқсат берді. Үкімет жерленген орнын ұлттық мұра объектісі деп жариялады. 

Саентология шіркеуі  жыл ішінде оның мүшелерінің биліктің қудалауына және қорқытуына ұшырағанын, оның ішінде соттың талап-арыздары мен ұлттық теледидардағы жала жабу науқандары, қудалау, соттың рұқсатынсыз тінту жүргізу, үй-жайларындағы рейдтер және әдебиеттерді алып қою жағдайлары туралы мәлімдеді. 

26 сәуірде ҚМДБ-ның Діни сараптама орталығы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Діни жағдайды талдау және дінтану сараптамасы институты болып қайта құрылды. Институттың мәліметі бойынша, оның негізгі міндеті елдегі және бүкіл әлемдегі діннің дамуының жан-жақты теологиялық талдау жүргізу және іргелі мәселелері мен үрдістерін талдау болып табылады. Институт ақпараттық-насихаттық бағдарламаларды жүргізуге және діни мәселелерге жауапты мемлекеттік мекемелердің жұмысын қалай жақсарту және діни оқиғаларды қалай жақсы бақылауға болатыны туралы ұсыныстар беруге жауапты. 

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпараты бойынша, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде, ІІМ 2017 жылғы түрме қызметкерлерінің қатарына «дін маманын» қосу туралы бұйрығына сәйкес, барлық түрмелерде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламаларын жасайтын арнайы маман жұмыс істеді. Бағдарламамен таныс заңгерлер мамандардың көпшілігінде білім немесе арнайы дайындық жоқ дейді. 

III бөлім. Қоғамның діни сенім бостандығын құрметтеу мәртебесі 

Бақылаушылар және азшылық христиан діни қауымдары БАҚ «дәстүрлі емес» деп санайтын азшылықтардың діни топтары туралы жағымсыз мақалалар мен бағдарламаларға қатысты тағы да алаңдаушылық білдірді. 

Иегова куәгерлері жыл бойы әртүрлі БАҚ-та бірқатар жала жабылған мақала мен хабарлардың орын алғаны туралы хабарлады. 24 қыркүйекте Алматы облысында орналасқан «Жетісу» өңірлік телеарнасында Текелі қаласының тұрғыны Савира Әбдіхалықова эфирде Иегова куәгерлері оны өз тобына қосылуға мәжбүрледі деп мәлімдеді Савира Иегова куәгерлерінің қауымдастығы басында оған өте мейірімді болғанын, 24 жылдан кейін ол көңілі қалып, қауымдастықтан кеткенін айтты. Савира топ өз мүшелерін өздерінің діни сеніміне кіруге мәжбүрледі және мүмкіндігінше жаңа мүшелерді жинақтауға тырысты, себебі топ әр мүшені жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар және ақша түрінде қайырымдылық жасауға міндеттей отырып пайда көрді деп мәлімдеді. Жетісуда түсірілген кадрларда Иегова куәгерлерінің мектеп жасындағы балаларды бағыттау практикасының бар екенін мәлімдейді. Репортер топта балаларды тартатын арнайы фильмдер мен әдебиеттердің болғанын айтты. Савира «Иегова Куәгерлері, сіздер адамдардың тағдыры мен өміріне жауаптысыздар» және осындай ұрандар жазылған плакаттар ұстап тұрған жастардың фотосуреттері жанында ата-аналар балаларын діни қауымдастыққа қосылуға сендіреді деген оқиғаларымен бөлісті. Савира топқа қосылғанына өкінетінін айтты және адамдардан оның қателігін қайталамауын сұрайды. 

ҮЕҰ жеке тұлғалар «дәстүрлі емес» діни топтардан, әсіресе, прозелитизмге ұшыраған немесе киімі мен шаш үлгісі «дәстүрлі емес» саналатын, соның ішінде орамал таққан, сақал қойған мұсылмандардан қорқатынын мәлімдеуді жалғастырды. Алайда, 2019 жылы жүргізілген және 2020 жылы жарияланған КДР сауалнамасына сәйкес, қазақстандық қоғам ашық бола бастады және діни киім, әсіресе хиджаб кигендерді қабылдауға дайын. Сауалнама барысында діни киім киетіндер туралы теріс пікір білдірген респонденттердің 31,4 пайызымен салыстырғанда, респонденттердің жартысынан көбі (38,4 пайызы) діни киім киетін адамдарға бейтарап (26,6 пайыз) қарайды.  

 «Ашық есіктер» ҮЕҰ мәліметтері бойынша, христиан дініне өткен мұсылмандарды отбасы, достары және олардың қоғамдастығы қудалаған. 

IV бөлім. АҚШ үкіметінің саясаты мен өзара әрекеттестігі 

Халықаралық діни сенім бостандығы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, АҚШ елшісі, АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері және елшілік қызметкерлері ​Сыртқы істер министрлігі, ҚМДБ және ДІК-нің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесіп, діни сенім бостандығын құрметтеудің маңыздылығын атап өтті. Қаңтар айында Мемлекеттік хатшы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы интернационалдық лагерлерде немесе түрмелерде отырған этникалық қазақ мұсылмандарымен кездесті. Мемлекеттік хатшы барлық еріксіз ұсталғандарды босатуға және Шыңжаңдағы ұйғырларға жүйелі бақылау мен репрессия бағдарламасын тоқтатуға шақырды. COVID-19 шектеулеріне байланысты виртуалды платформаларда екіжақты пікірталастар да өтті. Алдыңғы жылдардағыдай, АҚШ өкілдері ағымдағы дін туралы заң мен қылмыстық, әкімшілік кодекстер діни сенім бостандығына кері әсерін тигізіп жатқандығы жайлы алаңдаушылық білдірді. Олар сондай-ақ Дін туралы Заңның және «дәстүрлі емес» және «дәстүрлі» діни топтарға қатысты қылмыстық және әкімшілік кодекстердің дәйекті қолданылмауына алаңдаушылық білдірді.  

АҚШ шенеуніктері екіжақты кездесулер мен АҚШ пен Қазақстан арасындағы діни сенім бостандығы жөніндегі халықаралық жұмыс тобының кездесулерінде ақпан айында және іс жүзінде қазан айында жеке тұлғалардың діни сенімдерін бейбіт білдіру және дінді еркін ұстану құқықтарын құрметтеуге үкіметті шақыруды жалғастырды. АҚШ шенеуніктері кең ауқымды және билік органдарына, әсіресе жергілікті деңгейде оларды еркін қолдануға мүмкіндік беретін заң терминдерінің нақты анықтамасы болмаған соң, билік органдары, әсіресе жергілікті билік органдары тиянақсыз жазылған заңдарды өз қалауынша қолдануы мүмкін деп қауіптенді. Олар үкіметті діни бірлестіктерді тіркеуге қойылатын ауыр талаптарды алып тастауға және діндарлардың діни канондарды сақтау мүмкіндіктерін кеңейту үшін дін туралы заңға түзетулер енгізу бойынша басқа да шаралар қабылдауға шақырды. АҚШ шенеуніктері жергілікті БАҚ-тағы антисемиттік мазмұнға алаңдаушылық білдіріп, Үкіметтің діни ұйымдармен жер дауларында әділ және тең қарым-қатынас жасауға шақырды. Елшілік әлеуметтік желілерде дін бостандығын құрметтеуге шақыратын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Елшілік қызметкерлері елдің бірқатар аймақтарындағы ғибадат үйлеріне барып, көптеген діни қауымдастықтармен, олардың басшыларымен және діни сенім бостандығын жақтаушылармен жеке және онлайн байланыс арқылы тілдесті. Олар зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресте діни сенім бостандығының маңыздылығын атап өтті және діни сенім бостандығын одан әрі шектеуге қатысты алаңдаушылығын білдірді және барлық азаматтар тіркелген діни топтың құрамына кіретін-кірмейтініне қарамастан бейбіт діни шараларды ұйымдастыруы үшін тиісті заңдар мен нұсқаулықтарды реформалауға шақырды.