«Community Engagement Exchange» – әлемнің 100-ден астам мемлекеттеріндегі жасы 20-27 аралықтағы азаматтық қоғамдағы белсенді азаматтарға көптеген бағыттар бойынша көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған бір жылдық қарқынды тәжірибелік бағдарламасы. Бағдарлама аясында қатысушылар бірлестіктер мен ақпарат арқылы қоғамға жағымды өзгерістерді әкелуіне мүмкіндік беретін, азаматтық қоғаммен диалогты орнату, бейбітшілікті нығайту, ашық және есеп беретін үкімет, әйелдер және гендерлік теңдік, өмір сапасын жақсарту мен тұрақты даму, жастардың қоғамдық өмірге қатысуын арттыру мәселелеріне қатысты шешімдерді табуға ұмтылады.
АҚШ үкіметінің қолдауымен өтетін «Community Engagement Exchange» бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік департаментімен қаржыландырылып, IREX ұйымы арқылы жүргізіледі.
«Community Engagement Exchange» бағдарламасына құжаттарыңызды 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тапсыра аласыз. Бағдарламаға қатысу үшін, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін осы сілтеме бойынша тіркеліп, құжаттарыңызды тапсырыңыз https://cee.irex.org/.
Назар аударыңыз пошта, факс немесе э-пошта арқылы IREX ұйымына жолданған сауалнамалар қабылданбайды. Бағдарламаның барлық шарттары мен сипаттамасын мұқият әрі толықтай оқып болғаннан кейін, сұрақтарыңыз туындаса, осы э-поштаға сұрақтарыңызды жолдай аласыз: Apply.CEE@irex.org
БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ:
- Қатысушыларға көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндіктер беру;
- Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына септігін тигізу;
- Қатысушылардың бірлескен шешім қабылдау және көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
- Жаһандық азаматтық қоғамның экожүйесін құру.
ҚАТЫСУШЫЛАР БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫНДА:
- АҚШ-тың азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығында толықтай қаржыландырылған үш айлық тағылымдамадан өтеді;
- көшбасшылық дағдыларды дамытуға және қоғамдық жұмыстарға белсенділікті арттыруға бағытталған онлайн және дәстүрлі форматта тренингтардан өтеді;
- қоғамдық жұмыстарға арналған семинарлардан өтеді;
- арнайы тәлімгерліктен өтеді;
- түлектерді әрі қарай қолдау мақсатында, қатысушылар өз жобаларын Қазақстанда жалғастыра алады.
Сауалнаманы толтырған кезде, келесі шарттарға назар аударуыңызды сұраймыз:
- Қызыл жұлдызшамен (*) белгіленген сұрақтарға міндетті түрде жауап беру керек. Егер қойылған сұрақтың сізге қатысы болмаса, міндетті түрде N/A (қатысы жоқ) деп жауап беріңіз.
- Аты-жөндер және мекен-жайларды ағылшын тіліне аудармаңыз. Тек ағылшын әріптерінің алфавитін қолданыңыз. Екпін белгілерін қолданбаңыз және есімдерді аудармаңыз. Мысалы: Хосè – Hose болады, Бейбітшілік даңғылы – Beibitshilik dangyly.
- Ағылшын тілінде толтырылмаған сауалнамалар мүлдем қарастырылмайды.
- Сауалнамалар тек бағдарлама үміткерлерімен толтырылуы керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қосымша көмекке жүгінсе, оларға қолдау көрсетілгені туралы сауалнамада міндетті түрде жазылуы керек.
- Әр үміткер тек бір сауалнама ғана тапсыра алады. Егер бағдарлама үміткері екі түрлі э-пошта арқылы екі сауалнаманы толтырса, оның құжаттары мүлдем қарастырылмайды.
- Онлайн сауалнамалар Алматы уақыты бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсаны сағат 23:59 дейін қабылданады.
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ:
«Community Engagement Exchange» бағдарламасының іріктеу аясында талапкерлердің еңбектері мен жетістіктері ескеріледі. Байқау келесі біліктілік талаптарына сай азаматтық қоғамдағы және жергілікті қауымдастықтардағы жаңа көшбасшыларды анықтау мақсатында өткізіледі. Төмендегі талаптарға сәйкес келмейтін сауалнамалар байқаудан шеттеліп, іріктеу комиссиясымен қарастырылмайды. АҚШ мемлекеттік департаменті және IREX ұйымы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттарды тексеруге құқылы екендігін ескертеміз. Егерде, ақпарат шындыққа сай болмаса немесе жалған болып табылса, үміткер сол сәтте байқаудан шеттеледі.
- 2020 жылдың 1 қарашасына қарай жасыңыз 20-27 аралықта болу керек.
- Қазақстан Республикасының азаматтығы.
- Сауалнаманы тапсырған сәттен бастап, үміткер Қазақстанда тұрып, жұмыс атқару керек.
- Босқын мәртебесі бар және өз туған қауымдастығы атынан жұмыс атқарып жүрген азаматтарға артықшылық беріледі.
- Осы бағдарламаға кәсіби маман немесе ерікті ретінде Қазақстандағы қоғамдық қауымдастықтарды қолдайтын бастамаларда жұмыс атқарып жүрген және осы салада кәсіби мансабын жалғастыруға ынталы үміткерден сауалнама қабылданады.
- Үміткер ағылшын тілінде ауызша және жазбаша нысанда жоғары деңгейде білу керек.
- Бағдарламаның жартылай финалистері TOEFL және IELTS ағылшын тілінің тестін тапсыру керек немесе жарамды тест нәтижесі болған жағдайда, оны көрсету керек.
- Бағдарлама аясында қатысушы 2021 жылдың қазаны – 2022 жылдың қаңтар аралығында АҚШ-та үш айлық кәсіби тағылымдамадан өтеді.
- Бағдарламаның аяқталуынан кейін, қатысушы Қазақстанға оралып, жергілікті қауымдастыққа бағытталған жобаны жүзеге асырып, бастау керек.
- Бағдарламаға сауалнаманы тек АҚШ азаматтығы жоқ және соңғы үш жылда АҚШ-та тұрақты тұруға рұқсатты сұрамаған үміткерлер тапсыра алады.
- Сіз J-1 америкалық визасына тапсыруға еш кедергі болмау керек.
- АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен өткен алмасу бағдарламаларының түлектері Қазақстанда екі жылдың ішінде тұрғаннан кейін басқа бағдарламаларға тапсыра алады.
- Сіз бағдарламаның аяқталуынан кейін, Қазақстанда кем дегенде екі жыл ішінде тұратындығыңызды растайсыз, және
- Бағдарламаға АҚШ Мемлекеттік департаментінің немесе IREX ұйымының қызметкері және қызметкердің жақын туысқандары қатыса алмайды.
ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ:
«Community Engagement Exchange» бағдарламасының іріктеу аясында талапкерлердің еңбектері мен жетістіктері ескеріледі. Құжаттарды тапсырудың соңғы күнінен кейін, яғни 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап сауалнамалар қарастырылып, іріктеу комиссиясымен бағаланады. Жоғары бал жинаған үміткерлер жартылай финалға шақырту алып, сұхбаттан өтеді. Сонымен қатар, жартылай финалистер ағылшын тілі тестін тапсыру немесе жарамды TOEFL не IELTS тестерінің нәтижесін көрсету керек. Финалистер мен альтернативті үміткерлердің сұхбат және ағылшын тілінен тестілеу нәтижелері іріктеу барысында ескеріледі.
«COMMUNITY ENGAGEMENT EXCHANGE» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢІ
- 2020 жылдың 16 қарашасы– Бағдарламаның ашылуы;
- 2020 жылдың 31 желтоқсаны– Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі;
- 2021 жылдың қаңтары– Қабылдау комиссиясы сауалнамаларды қарастырады;
- 2021 жылдың ақпаны – Жартылай финалистерге хабарласып, сұхбат күндерін анықтау;
- 2021 жылдың ақпан – наурыз аралығы –Қабылдау комиссиясы жартылай финалистермен сұхбат өткізіп, оларды бағалайды;
- 2021 жылдың наурызы – Финалистер және альтернативті кандидаттарды таңдау кезеңі;
- 2021 жылдың наурызы – Финалистер және альтернативті кандидаттар ағылшын тілі тестін тапсырады (TOEFL немесе оның баламасы);
- 2021 жылдың сәуірі– жартылай финалистерге өздерінің дәрежесі жайлы хабарландыру. Бағдарлама финалистеріне қосымша құжаттарды жіберу керек;
- 2021 жылдың тамызы – АҚШ-қа сапарға дайындық жайлы онлайн кездесу;
- 2021 жылдың қазаны– АҚШ-қа сапар, Детройт, Мичиган штатында бағдарламамен таныстыру шарасы өтеді;
- 2021 жылдың қазан- 2022 жылдың қаңтар аралығында – қатысушы АҚШ-та қабылдаушы ұйымда кәсіби тағылымдамадан өтеді;
- 2022 жылдың қаңтары – Вашингтон, Колумбия аймағында бағдарламаның аяқталуына орай семинар;
- 2022 жылдың қаңтары– Қазақстанға қайта оралу және қауымдастыққа бағытталған «Community Engagement Exchange» жобасын жүзеге асыру;
- 2022 жылдың сәуірі –қауымдастықты жобаға қатысуға шақыру;
- 2022 жылдың маусым-тамыз аралығында – Америкалық қабылдаушы ұйым және бағдарлама көшбасшылары Қазақстанға келіп, бағдарлама қатысушының жобасын бағалайды;
- 2022 жылдың кыркүйегі – Инновациялық орталықтың және түлектер қауымдастығының аясында шараларды жүргізу.