2021 Techgirls Бағдарламасы

Түйіндеме: АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азияда жоғарғы сыныпта оқитын ғылым, технология, инженерия және математикаға қызығушылығы бар қыздарға арналған 2021 TechGirls бағдарламасын ашық деп жариялайды. 

Бағдарламаның сипаттамасы: 2021 TechGirls бағдарламасы Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия мемлекеттеріндегі 15-17 жас аралығындағы қыздардың STEM бағыты бойынша қызығушылығын, жоғары білімін жалғастыруын, ғылым мен технология саласында кәсіби қызметке қол жеткізуін, тәжірибелік дағдыларын дамытуы мақсатында төрт-апталық қарқынды бағдарламаны ұсынады. Бағдарлама бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздардың әлеуметтік дәрежесінің өсуін толықтай қолдап, АҚШ пен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия мемлекеттерінің жастар арасындағы STEM білімінің дамуына, достық қарым-қатынастың нығаюына және өзара түсіністікті тереңдетуіне бағытталған. 

Бағдарлама 2021 жылдың 3-30 шілде аралығында өтеді. Қатысушалар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, және Өзбекстан мемлекеттерінен болатындықтан, аймақтық алмасу бағдарласы болып есептеледі.  

Бағдарламаның қатысушылары екі аптаның ішінде Вирджиния штатының Блэксберг қаласындағы Вирджинияның технологиялық университетінде Java бағдарламау тілінде жұмыс істеуді, киберқауіпсіздік туралы үйреніп, интерактивті зертханаларда тәжірибеден өтеді.  Сонымен қатар, қатысушылар Вашингтон, Колумбия округіндегі технологиялық компанияларда болып, алдыңғы қатарлы емдеу клиникаларында, жоспарлауға, қоғамды көркейтуге бағытталған, тәжірибелік дағдыларға, мәдениаралық ынтымақтастыққа бағытталған семинарларға қатысады. 

Бағдарлама аясында қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыру үшін жоспар құрады. Қазақстанға қайта оралғаннан кейін, қатысушылар жобаны орындап, өз дағдыларын бекітіп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданады. 

Қатысушылар саны: 3 оқушы 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
• Қазақстан Республикасының азаматтығы;
• Бағдарламаға қатысу жасы 15 тен 17 жасқа дейін болу керек;
• Ғылым, технология, инженерия және/немесе математика саласындағы дағдылары мен қызығышулығын дәлелдеу керек;
• Жоғарғы білім алуға және технология саласында қызмет атқаруға ұмтылыс;
• Ағылшын тілін жетік білу;
• Ой дербестілік, икемділік, және жаңа тәжірибену алуға ұмтылыс;
• Бағдарламаның аяқталуынан кейін қатысушылардың мектепте оқуға бір семестрі қалу керек;
• Бағдарламаның аяқталуынан кейін қоғамды жақсартуға бағытталған жобаны жүзеге асыруға дайындылық.

АҚШ-та оның алдында болмаған қатысушыларға немесе қысқа сапармен болған талапкерлерге артықшылық беріледі.

Әртүрлі тәжірибесі және дағдылары бар қатысушылар мен мүмкіндіктері шектеулі талапкерлерді бағдарламаға құжаттарын тапсыруға шақырамыз.  

Назар аударыңыздар: АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросының басқа алмасу бағдарламасымен АҚШ-та болған қатусышылардың сауалнамалары бағдарламаға қабылданбайды. 

Байқаудың өткізілу уақыты:

  • 2020 жылдың 15 қарашасынан – 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін – құжаттарды қабылдау кезеңі;
  • 2021 жылдың 15 ақпаны – жартылай финалистер тізімі Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне жіберіледі;
  • 2021 жылдың ақпан айының соңы – наурыздың басы – Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Skype арқылы жартылай финалистермен сұхбат өткізеді;
  • 2021 жылдың 1 сәуірі – финалистер анықталады;
  • 2021 жылдың мамыр айының соңы — Қазақстандағы АҚШ Елшілігінде визалық сұхбат және сапарға дайындалу үшін арнайы кездесу өткізіледі. 
  • 2021 жылдың 3-30 шілде аралығында бағдарлама АҚШ-та өтеді. 

2020 жылдың 15 қарашасынан бастап, онлайн сауалнаманы осы сілтеме арқылы толтыра аласыз https://www.legacyintl.org/techgirls/online-application/ 

Онлайн сауалнамына тапсырудың соңғы күні: 15 қантар 2021 года.

АҚШ Мемлекеттік департаменті қатысушылардың барлық шығындарын, оның ішінде жол жүру және тұру шығындарын төлейді.