#20DaysofGreen

Сайыс ережелері:

  1. Қатысушылар әрбір қадамды жасағаны туралы сурет немесе видео түсіру міндетті. Нұсқаулықты оқу  мұқият оқу өте маңызды қажет, себебі кейбір қадамдар тек видео түсірілмді қажет етеді. Инстаграм парақшаға суретті және видео дәлелді жариялау барысында, әрбір қатысушы  @usinkz-ті  және  #20daysofgreen хэштегін қолдана отырып жариялау қажет.
  2. Сайыс туралы кеш білген қатысушылар кейіннен қосыла алады, алайда жеңімпаз атану үшін, алдын жарияланған қадамдарды міндетті түрде орындау қажет.
  3. Қатысушылардың Instagram парағы ашық болуы керек.
  4. Қатысушылардың қадамды орындағаны жайлы пост сәуірдің 21-не кешкі сағат  8-ге дейін жариялану қажет.
  5. Орындалған 10 қадам үшіг, әрбір қатысушы жейде ұтып алады. Барлық 20 қадамды аяқтаған және өз қорытынды ойымен бөліскен қатысушылар, құрмет дипломымен марапатталады, арнайы сыйлық және Астанада өтетін мерекеге қатысады.
  1. Қоқыс журналы.

Күні бойы тастаған барлық қоқысты, оның кішкентайлығына қарамай, тізімін жасаңыз. Соңында, инстрагам парақшаныңға тізім бар суретті жариялау қажет.

  1. Үйден әкелінген қоржын.

Дүкенге барған кезде, әдеттегідей жаңа қоржын сатып алғанша, оны үйден алып келіңіз. Бұл қадам қоқыстың азаюына ықпал етеді.  Сатып алынған заттарды сол қоржынға салып жатқаныңызды суретке немесе видеоға түсіріп, инстрамға салыңыз.

  1. Ұсқансыз жемістер

Келбеті сырлап әрленбеген жемісті сатып алыңыздар. Бұл сізге түрлі химиялық қосылғылары бар тағамнан алыстайды және жергілікті фермерлердің жұмысын жақсартады. Сатып алған жемісті жариялауды ұмытпаңыз.

  1. Суық су.

Киімді әдеттегідей жоғары температурада емес, суық су көмегімен жуыңыз. Өзіңіздің кір жуғыш машинаңыздың суық су режимінде жуып жатқан видеоны инстаграм желісіне жариялаңыз.

  1. Сегіз қырлы бір сырлы.

Күнделікті жағдайда тастайтын материалға жаңа қолданыс табыңыз. Кез келген материалдан кішкене ғана  өнер туындысын жасап, оны өз таныстарыңызға (немесе бейтаныс адамға!) беруді ұмытпаңыз

Мысалы: Тетра Пак портмоне  https://www.cutoutandkeep.net/projects/milk-carton-coin-purse

Туындының суретін салыңыз немесе оны жасап жатқан видеоны жариялаңыз.

  1. Етсіз күн.

Өзіңіздің бір күніңізді етсіз өткізіп көріңіз. Ол жануарлардың өмірін сақтап, сонымен қатар сіздің ағзаңыза пайдалы болады. Ет қосылмаған тағамдарды міндетті түрде жариялау қажет.

  1. Электро-вампирлер.

Үйден шығар алдында тоққа қосылған барлық розеткаларды ажыратыңыз  және соны фото немесе видеоға түсіріңіз. Кофе машинасы, қысқа толқынды пештер, шамдар, зарядтау құрылғылары, ойын жүйесі—тізім жалғаса береді.

  1. Пайдалы романтика.

Бір рет кешкі асыңызды электро жарығынсыз өткізіп көріңіз. Бұл тек қана қоршаған ортаны сақтауға емес, сондай-ақ жақындарыңызбен қызықты немесе романтикалық кеш өткізуге көмек береді.

  1. Білімде бар күш.

Егер әдетте комедия немесе романтикалық кино көретін болсаңыз, оны бір кешке өзгертіңіз. Қоршаған орта және осы тақырыпқа байланысты кино көріп, өз ойыңызды бізбен инстаграмда бөлісіңіз. (Егер бұл тақырыпта ешқандай кино білмесеңіз, біз жасаған фильмдер тізімінен таңдаңыз)

Тізім: The 11th Hour, Before Vanishing, Clouds of Smoke, No Pressure, Before the Flood, Pandora,  An Inconvenient Truth, Crude, Elemental

  1. Әлеммен бөліс.

Қоршаған ортаны сақтаудың жолдарымен өз достарыңызбен және жақындарыңызбен бөлісу өте маңызды. Сондықтан қағазға жарықты өшірудің маңыздылығын айқындайтын ескертпе жазып, әріптестеріңізге немесе отбасы мүшелеріне қалдырып кетіңіз. Қалдырған ескертпені суретке түсіріп, жариялаңыз.

  1. Өз кесеңді алып жүр .

Екінші рет  қолданысқа жарамайтын бөтелкені қолданғанша, қайта толтыруға болатын кесеңді немесе бөтелкеңді ала жүр. Қоршаған ортаны ластамайтын ыдысыңызды суретке немесе видеоға түсіріп, инстаграм парақшаңызға жариялаңыз.

  1.  Судың да сұрауы бар.

Душ қабылдайтын уақытты қыстарту арқылы, сіз таза судың ысырап болмауына өз үлесіңізді қосасыз. Таймерді  бес минутқа орнатып, сол уақытта шомылып бітіруге тырысыңыз.  Таймердің және душтың суретін жариялау қажет.

  1. Орамалдың пайдасы.

Қағаз сүлгілерді қайта өңдеу технологиялық тұрғыда мүмкін емес. Сондықтан матадан жасалған орамалды/ майлықты алып жүріңіз. Бұл арқылы сіз қоқысты азайтасыз және ормандарды сақтауға көмектесесіз. Өз орамалыңыздың суретін салуды ұмытпаңыз.

Күні 14. Ысырап жасама!

Тісіңізді тазалаған кезде, суды міндетті түрде өшіріңіз. Бұл кіұкентай қадам қорғанан ортаны және сіздің ақшаңызды сақтайды. Видеоға суды босқа ағызбай тіс тазалап жатқаныңызды видеоға түсіріп, инстаграмға жариялаңыз.

  1. Таза ауа – жанға шипа.

Бір күн жеке көлігіңізде емес, қоғамдық көлікте немесе  велосипед жүрініз. Ал жаяу жүре алсаңыз тіптем керемет. Экологиялық таза көлікте саяхатыңызды инстаграм парақшаңызға салуды ұмытпаңыз.

  1. Эко-шам.

Ескі шамдарды, жаңа, энергия үнемдейтін шамға ауыстырып, суретті жариялаңыз.

  1. Қайта өңдеу!

Әдеттегідей пластикалық бөтелкені  тастаудың орнына, оны қайта қолдануға болатын ыдысқа айырбаста..Кейіннен  сол ыдыспен селфи жасап, инстаграмға жарияла.

  1. Кішкентай үзіліс, үлкен үлес.

Теледидарды және барлық басқа электро-құрылғыларды тоқтан шығарып, 60 минуттық үзіліс жариялаңыз. Уақытыңызды қызықты өткізу үшін, паркте серуендеп қайтаңыз немесе қызықты кітап оқыңыз. Бұл туралы міндетті түрде пост жасаңыз.

  1. Пайдалы мәзір.

Өз түскі асыңызды қайта пайдалауға болатын контейнерге салыңыз және асыңызды тастауға қажет етпейтін ыдыстармен қабылдаңыз. Қалдықсыз түскі асыңыздың суретін жариялаңыз.

  1. Жаңа ескі.

Әр жолы жаңа зат сатып алудың орнына, қолданылған кітапты, киімді немесе техника тауарын сатып алыңыз. Танысыңдан немесе бөтен адамнан сатып алып жатқаныңызды видеоға түсіріп инстаграмға салуды ұмытпаңыз.

  1. Құттықтаймыз! Істей алған эко-қадамдарыңызды санап, инстаграмға жеңіс селфиды жариялаңыз.Сонымен қатар, міндетті түрде  #20daysofgreen – ден үйренген пайдалы кеңестер туралы өз ойыңызды жазуды ұмытпаңыз!