Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен 225 үй шаруашылығы USAID-тың гуманитарлық көмегін алды

4 қараша, 2021 жыл, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) гранты арқылы Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы  Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен ең осал үй шаруашылықтарына қаржылай көмек көрсетуді бастады.

Осалдық пен қажеттіліктерді бағалау негізінде малынан ішінара немесе толықтай айырылған және көмекке мұқтаж ең осал 225 үй шаруашылықтары қаржылық көмек алушылар болып табылады. Банк карталары арқылы берілетін бұл көмек үй шаруашылықтарының шұғыл негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алдағы қыс маусымына мал азығын сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл банк карталары арқылы жалпы 1254 адам 33 миллион теңгеден астам ақша алады. Облыста жалғасып жатқан құрғақшылықтан малдың қырылуы жергілікті халыққа үлкен шығын әкелді, өйткені мал шаруашылығы негізгі табыс көзі болып табылады.

USAID климаттың өзгеруін жеңілдету және оның салдарын жою үшін Орталық Азия елдерімен серіктестік орнатуда.

###

USAID – озық халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға жетуді қарқындату құралы рөлін атқарады.  Көбірек ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID сайтына және Орталық Азиядағы USAID-тың Facebook парақшасына  кіріңіз.

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы – халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысының дүниежүзіндегі ең ірі гуманитарлық желісінің бөлігі, оның мақсаты адам қайғысын жеңілдету, адам өмірі мен денсаулығын қорғау және адам қадір-қасиетін құрметтеуді қамтамасыз ету. Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның Қызыл Айының веб-сайтына және әлеуметтік желілердегі парақшаларға кіріңіз.

###