29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн

29 тамызда біз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнді тойлаймыз – бұл Қазақстанның ұсынысымен 2009 жылы БҰҰ қабылдаған декларация. Осыдан жетпіс жыл бұрын 1949 жылы Совет Одағы Семей полигонында алғашқы ядролық қаруды сынақтан өткізді. Ең маңыздысы, 1991 жылы дәл осы күні, 456 ядролық сынақтан кейін, Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай ядролық сынақ полигоны жабық деп жариялады. Бұл Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне дейін төрт ай бұрын Қазақстанның жас көшбасшысының жаһандық ядролық таратпау мұрасын алға қойып, жасаған батыл қадамы болды.

1993 жылы Президент Назарбаевтың мұрасы одан әрі жетілдірілді, ол АҚШ-тың вице-президенті Эл Гормен бірге Қолшатыр келісімшартын жасасып, яғни,  қауіп-қатерлерді азайту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Өткен жылы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта, сондай-ақ Вирджиния штаты Форт Белвуардағы АҚШ Қорғаныс Министрлігінің қауіптерді азайту жөніндегі агенттігі (DTRA) штаб-пәтерінде салтанатты түрде аталған келісімнің 25 жылдығы аталып өтті. Осы жылдың мамыр айында АҚШ-тың жаңадан келген елшісі Уильям Мозер елдегі алғашқы 100 күні ішінде Семей полигонына барып, 25 жылдық тығыз ынтымақтастықтың куәсі болды. Елші Америка Құрама Штаттары үкіметінің  DTRA сараптамасының көмегімен Қазақстан үкіметіне Дегелен тауындағы ядролық сынақтарға пайдаланылатын 181 тоннельді мөр басып жабу үшін жүргізілген бірлескен жобалардың бірін көрді. Ядролық материалдарды тасудың қаупі болғанын ескере келе, Елші Мозер: «тоннельдерді ашық қалдыру аса қауіпті болушы еді», – деп түсіндірді. 7000 шаршы шақырымдық полигонға елші Мозердің қосылуымен DTRA  директоры Вайл Оксфорд: “Біз ондаған ядролық қару материалдарын жасауға жол беретін  есіктерді жаптық. Біз DTRA-ның аймақтағы жаппай қырып-жою қаруын оқсыздандыру үшін бірнеше жылдар бойы жасаған сарқылмас күш-жігерінің нәтижесін көруге қуаныштымыз»,- деп түсініктеме берді.

Семей полигоны бойынша Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның кең ынтымақтастығы президент Назарбаевтың әлемдегі көшбасшы ретіндегі ядролық қаруды таратпау саласындағы мұрасын нығайтып қана қоймай, ең бастысы әлемді қауіпсіз орынға айналдырды. Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен ядролық таратпау мәселесі бойынша серіктестігін мақтан тұтады және болашақта осы маңызды жұмысты жалғастыра беретініне сенім білдіреді.