«48H Film Race» жобасына қатысушылардың фильмдері үлкен экранға шығады

АСТАНА, 21-22 мамыр – Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылып жатқан  «48h film race» (48 сағатта фильмді түсіру) атты жобасының Астана, Петропавл, Көкшетау, Степногорск, Ақкөл қалаларының қатысушыларынан келіп түскен 80 фильмдерінің көрсетілімі Мамырдың 21 және 22 күндері, сағат 19.00-де және 20:30-да Астанадағы Mega Silk Way сауда орталығында орналасқан, Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді. Кірү тегін.

АҚШ дипломатиялық өкілдігінің үшінші жылы ұйымдастырылып отырған «48h Film Race» (48 сағатта фильмді түсіру) жобасында бүкіл Орталық Азия мемлекеттерінен тәуелсіз кинорежиссерлерінен құралған 1500-ден астам командалар қатысты. Киноконкурсқа қатысушылар 48 сағат ішінде 334 фильмді түсіріп үлгерді. Олар қазіргі таңда Қазақстанның әр қаласының кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Киноконкурстың мақсаты  –жас кинорежисерлерді жеке шығармашылық контентті жасап, бүкіл әлеммен бөлісуге шабыттандыру.

Киноконкурс 21-ші сәуірде басталды. Барлық қатысушыларға аталған күнінде конкурстың тақырыбы, нұсқаулар мен фильмде міндетті түрде көрсетілетін элементтер жіберілді. Олар –  ине мен жіп, алма, шляпа киген адам және «Do you speak English?» сөз орамы. Байқауға қатысушылар сценарийлер мен тақырыптарды өздері ойлап тауып, өз фильмдерінде әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелерді көтеріп, түрлі жанрлардағы фильмдерді түсірген. Барлық топтар өз жұмыстарын 23 сәуірде сағ. 10:00-ге дейін тапсыруға тиісті болған.

48h Film Race жобасына қатысты толығырақ ақпарат пен фотосуреттерді  Facebook желісінде (https://www.facebook.com/48HFR) және Instagram  (https://www.instagram.com/48hfr) парақшаларынан табуға болады.

# # #

БАҚ сұрақтары бойынша Тоғжан Мұқатаевамен 8 (7172) 70 22 16 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз.