Flag

An official website of the United States government

Жыл сайынғы төртінші Go Viral аймақтық фестивалі онлайн форматта өтеді

4 Хаттаманы оқу
Қыркүйек 10, 2020

9 қыркүйек — Жыл сайынғы төртінші Go Viral аймақтық фестиваліне тіркелу ашық деп жариялаймыз. Биыл фестиваль 9 және 18 қазан аралығында онлайн форматта өтеді. Бұл фестиваль жыл сайын Орталық Азияның ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарындағы, бизнестегі, мәдениет пен технологиядағы сарапшыларын, жаңашыл және жасампаз адамдарын біріктіреді. Go Viral презентациялар, семинарлар және нетворкинг арқылы бәрімізге ортақ мәселелердің шешімін табу жолында өзара сындарлы әрекет жасай алатын алаңды ұсынады. Go Viral жобасын 2017 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық уәкілдігі қолдап келеді.

Биылғы фестивальдің тақырыбы — ReThink. ReDesign. ReСonnect. Осы жылы Go Viral фестивалі Facebook Live, YouTube және Zoom сияқты бірнеше платформа негізінде нақты уақыт режимінде он күн бойы өтетін болады. Қатысушылар әлемнің жетекші сарапшыларының презентациялары мен воркшоптарына қосыла алады, авторлық және деректі фильмдерді, сондай-ақ стартап-питчтердің тұсаукесерлерін онлайн көре алады. Сонымен қатар, асқан ойшылдардың өзгерістерді қалай басқаратынын біліп, спикерлермен панельдік пікірталас кезінде әлемнің кез келген жерінен сұрақтар қоя алатын болады.

Тіркелу тегін және goviral.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

«Қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін ескере отырып, бүгінгі таңда ортақ шешімдерді табу үшін біріге жұмыс істеу бұрын-соңды мұндай маңызды болмаған. Осы жылғы тақырып көрсетіп тұрғандай, пандемия бәрімізді бірге қалай жұмыс істейтінімізді және әлемімізді келесі ұрпақ үшін қалыптастыру мақсатында не істей алатынымызды қайта қарастыруға мәжбүр етті. Пандемия біздің биылғы жылғы амалымызды өзгерткенімен, осы жолы онлайн форматтың арқасында бүкіл Орталық Азия және бүкіл әлем бойынша қатысушылардың саны әлдеқайда көп болмақ. Мен шығармашылық және өз ісіне берілген әріптестеріммен біріге жұмыс жасайтыныма қуаныштымын, себебі біз ортақ мәселелеріміздің шешімін пандемия кезінде де, одан кейін де табуға тырысамыз», — дейді Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің басшысы Ананд Кришна.

Фестиваль барысында келесі мәселелер талқыланады:

  • Дипфейк дегеніміз не және оларды қалайша танып-білеміз?
  • Метаконтент дегеніміз не және аудитория сіздің брендіңізді өздігінен таратуы үшін Instagram-сүзгілерді қалай қолдану керек?
  • Пандемиядан кейінгі БАҚ қандай болмақ?
  • Вирустың даусы қандай?
  • Жұмыс іздеудегі жасанды сананың маңызы қанша?
  • Ақылды үй қалай жұмыс істейді?
  • және тағы басқалары.

Спикерлер, жаңалықтар, байқаулар және жобаның өзі туралы толық ақпаратты goviral.kz сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілерден табуға болады. Фестивальдің бағдарламасы да сайтта үнемі жаңартылып отырады және кейінірек толықтай қолжетімді болады.

Көрнекі материалдар мен бейнежазбаларды мына сілтемеден жүктеуге болады.

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз және хэштегтерді қолданыңыз:

#goviralca #goviralca2020

Байланыс контактілері:

Go Viral Festival 2020 баспасөз қызметі

Тел.: + 7 701 222 28 50, Далида Накупова

Email: media@goviral.kz