Эко-байқау : #7DaysOfGreen

Сынаулар:

6 сәуір. Reuse and Reduce Day.  Екінші рет  қолданысқа жарамайтын бөтелкені немесе стақанды қолданғанша, қайта толтыруға болатын бөтелкеңізді жұмысқа/сабаққа ала кетіңіз. Қолданылған А4 парақшасын алып, оның екінше жағында ‘7 Days of Green’ жазуын қолданып жейде және/немесе суға арналған бөтелкенің дизайның салыңыз. Қоршаған ортаны ластамайтын бөтелкеңізді және суретіңізді суретке немесе видеоға түсіріп, өзініздің Instagram парақшаңызға жүктеп, @usinkz  парақшасын көрсетіп,  #7DaysofGreen1 хэштегің қолданыңыз.

7 сәуір. Car-free Day. Бір күнге әдетті қатынас көлігінізден бас тартып, қоғамдық қатынас көлікпен қолданып, одан да тиімдірек, велосипедпен немесе жаяу жүріп көріңіз. Өзіңізді әр түрлі жерлерде түсіріп, өзініздің instagram парақшаңызға жүктеп, @usinkz парақшасын көрсетіп,#7DaysofGreen2 хэштегің қолданыңыз.

8 сәуір. Meatless Green Day. Күні бойы етті жемеңіз. Өзіңіздің ет қосылмаған тағамдарыңызды фото/видеоға түсіріп, өзініздің instagram парақшаңызға жүктеп, @usinkz парақшасын көрсетіп,#7DaysofGreen3 хэштегің қолданыңыз.

9 сәуір. Recycled Crafts Day. Қоқыс көмегімен қолдан жасалған бұйымды жасаңыз. Оны фото/видеоға түсіріп, өзініздің instagram парақшаңызға жүктеп, @usinkzпарақшасын көрсетіп, #7DaysofGreen4хэштегің қолданыңыз.

10 сәуір. Save Power Day. Таңертен жұмысқа/сабаққа шығар алдында барлық жерде жарық, теледидар, және тағы басқа электр құатына жалғанған тұрмыстық құрал-жабдықтарды өшіріңіз, және өз туған-тыусқандарыңызға/достарыңызға сізді қолдау үшін хат жазыңыз. Бөлмеңізді/хатыңызды фото/видеоға түсіріп, өзініздің instagram парақшаңызға жүктеп, @usinkz парақшасын көрсетіп,#7DaysofGreen5 хэштегің қолданыңыз.

11 сәуір. Go plogging Day. Далаға жүгіруге шыққан кезде өзіңізбен бірге пакетті алып шығуға ұмытып кетпеңіз. Жүгіріп, айналадағы қоқысты жинап жүріңіз, ол сіз әрі коршаған орта үшін пайда болады! Күн аяғында сіздің жүгіруіңізден видеоны өзініздің instagram парақшаңызға жүктеп, осы байқаудан сіз не алғаныңыз және сізде қандай пікір пайда болғаны туралы қысқаша есептеме жазып, @usinkzпарақшасын көрсетіп, #7DaysofGreen6хэштегің қолданыңыз.

Байқау демеушілері: АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық Миссиясы («Конкурс демеушілері»)

Байқау мақсаттарының сипаттамасы

Конкурстың мақсаты – Қазақстанда қоршаған ортаға деген қамқор тарату және қандай күнделікті ұсақ әрекеттер біздің планетаны сақтауға көмектесетінің көрсету.

(Қатысу құқығына кімдердің ие бола алатынын білу үшін, төмендегі «Қатысу шарттарына сәйкес болу» бөліміне қараңыз.)

Платформалар:

Байқау Instagram бейне және медиа платформасы негізінде өткізіледі; бірақ Instagram байқау серіктесі немесе демеушісі болып табылмайды. Конкурстың қатысушылары байқауға қатысып, контентті жоғарыда аталған платформаға жүктеу арқылы, осы платформа мен оның қызметтердің ұсынылу шарттарын және келісімдерін толықтай орындауға міндеттенеді.

  • Қатысушылар сауалнаманы толықтырып, байқау ережерелерімен мұқият танысу керек.
  • Қатысушылар байқауда қатысу үшін барлық ережелерді толығымен сақтау керек.
  • Қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде @usinkz парақшасына жазылулары керек.
  • Қатысушылар өзінің парақашалары ашық болуы туралы көз жеткізулері керек.
  • Қатысушылар фото немесе видео (30 сек. артық емес) жүктеп, @usinkz парақшасын көрсетіп күн хэштегін пайдалану керек.
  • Барлық сынауларды өткен, өзінің жасампаздығын көрсеткен және қоршаған ортаға көмектесуге көп белсенділік танытқан қатысушы жеңімпаз болып атанды.

Тiркелу 6 сәуірде сағат 20.00-де аяқталады. Байқау Астана уақыты бойынша 2018 жылдың 6 сәуірде сағат 00.00-де басталып, 2018 жылдың 12 сәуірде сағат 23.59-да бітеді. Белгіленген уақыттан кейінгі ұсынылатын материалдар қаралмайды. Материалдарды бағалау жұмыстары 2018 жылдың 20 сәуірде аяқталады.

Байқау талаптары:

  1. Ұсынылған құжаттарда тіл тигізу, ашық сексуалды түрдегі материалдар, жалаңаштанған дене суреттері, балағаттаушылық, зорлық-зомбылық графикалық суреттері, зорлық жасауға үгіттеу, коммерциялық ұсыныстар немесе коммерциялық жарнама болмауы керек. Өткізілген материалдардың жергілікті заңға сәйкес келуі тиіс, олардың ішінде кез келген конкурс демеушілеріне немесе кез келген топтар, жеке тұлғалар мен мекемелерге қарсы қатал, азғырынды, қаралау және дөрекі контент немесе суреттер болмауы керек. Берілген материалдар сыртқы келбеті және мәні бойынша мәдени қоғамда қабылданған нормаларға сәйкес келуі керек. Басқаша айтқанда, барлық материалдардың мазмұны ғаламдық аудитория үшін лайық болуы керек.
  2. Ұсынылған материалдар үміткер жасаған бастапқы контент түрінде болуы керек. Олар басқа тараптың авторлық құқықтарымен қорғалған немесе зияткерлік меншік құқықтарына немесе басқа да меншік құқықтарына, соның ішінде жеке ақпаратты қорғауға және жария ету құқықтарына қатысты ешқандай элементтерді қамтымауы тиіс (төмендегі d тармағына сәйкес рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда). Конкурстың демеушілері авторлық құқықпен қорғалған материалдардың кез-келген «заңды пайдалану» жағдайын мойындамаған секілді, үшінші тарап жасаған немесе үшінші тарапқа тиесілі лицензияланған материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін де мойындамайды.
  3. Конкурстың демеушілері осы ресми конкурстық ережелердің мақсаттары мен мәніне, сондай-ақ осы өлшемшарттарға сәйкес келмейтін кез-келген материалдарды өз қалауы бойынша дисквалификациялауға құқылы.
  4. Осы конкурстық талаптарды орындау, түсіндіру және қолдану немесе осы ресми конкурстық ережелердің басқа ережелеріне қатысты кез-келген мәселелер немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, байқаудың демеушілері мұндай келіспеушіліктерді немесе мәселелерді өз қалауы бойынша шешуге айрықша құқығын сақтайды.
  5. Конкурсқа бейнені ұсынған кезде қатысушы бейнеде көрсетілген барлық адамдардың жазбаша келісімін алғанын растайды (немесе тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандар болып саналса, олардың ата-аналарының / қамқоршыларының келісімі). Байқауға қатысушы, конкурстық іріктеудегі барлық материалдарды, музыканы, суреттерді, мәтіндерді және басқа да контенттерді пайдалануға қатысты барлық қажетті лицензияларды, рұқсаттарды және рұқсат құжаттарын иемденгенін де растауы тиіс. Одан әрі, конкурстың қатысушысы сұрату бойынша осы рұқсаттардың, лицензиялардың және басқалардың барлығын растайтын сенімді құжаттарды ұсынуға дайын екендігін растайды. Мұндай құқықтарды, лицензиялар мен рұқсаттарды алу мүмкіншілігі болмаған жағдайда, бұл фотоматериалдардың тек қана байқау демеушісінің қалауы бойынша дисквалификациялануына әкелуі мүмкін.
  6. Бейне клипті өңдеу: бейне материалдарды өңдеуге арналған барлық дәстүрлі әдістер қабылданады. Кез келген бағдарламаны және кез-келген форматты пайдаланып бейне клиптерді өңдеуге болады. Дегенмен, бейне клиптер тығыздалып, YouTube, Facebook немесе Instagram медиа платформаларына жарамды пішімде жіберілуі тиіс.

Байқауға қатысу құқығы

  1. Байқауға қатысуға арналған құжаттарды толтырған кезде конкурсқа қатысушылардың жасы кем дегенде 14-те болуы керек. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан тұрғындары болуы тиіс және АҚШ азаматтары немесе тұрақты тұрғындары бола алмайды.
  2. Конкурстық материалдарды ұсынатын тұлға конкурсқа қатысушы және сыйлық алу үшін конкурсқа қатысуға құқығы бар жалғыз тұлға деп танылады. Ұйымдар конкурсқа қатысуға және заңды тұлға ретінде де, өз өкілінің көмегі арқылы да сыйлық алуға құқылы емес. Марапаттауға жарамды болу үшін тапсырыс беруші толық және дұрыс ақпаратты ұсынуы керек.
  3. Конкурс демеушілерінің, Instagram платформаларының, немесе АҚШ үкіметінің жұмысшылары, практиканттары, директорлары мен қызметкерлері; немесе байқауды басқаруға және жарнамалауға қатысатын, байқауға төрешілік ететін, сондай-ақ байқауды ұйымдастыруға, әзірлеуге және өткізуге қатысатын кез-келген мекеменің, компаниялардың немесе тұлғалардың кез-келген жұмысшылары, практиканттары, директорлары мен қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері (ерлі-зайыптылар, серіктестер, балалар, аға-iнiлер мен апа-сiңлiлер, сондай-ақ олардың жұбайлары немесе туыстары; сондай-ақ осы адамдардың кез-келгенiнiң үй шаруашылығында тұратын адамдар) конкурсқа қатысуға құқылы емес.
  4. Конкурс материалдарын ұсынғаннан кейін, аты (немесе қатысушының аты, егер қатысушы анонимді болып қалғысы келсе) және қатысушының елі тек қана байқау демеушісінің қалауы бойынша ғана көрсетілуі мүмкін.

Жеңімпазды таңдау

  1. Барлық өтініштердегі ресми байқау ережелерінің орындалып-орындалмауы байқау демеушілері тарапынан алдын ала тексеріледі. Ережелерге сәйкес келмейтін материалдар байқаудан шығарылады. Конкурстың демеушілері өздерінің қалауы бойынша конкурстың ресми ережелеріне сәйкестігін немесе ықтимал финалға қатысушы мен жеңімпаз жарыс материалын байқау сайтында жарияламастан бұрын, марапат беруді ұйғару мен жеңімпазды тану және басқа шара алдында толық тексеруді жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
  2. Төрешілер: АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық Миссиясы.
  3. Бағалау өлшемшарттары: Барлық сынауларды өткен, өзінің жасампаздығын көрсеткен және қоршаған ортаға көмектесуге көп белсенділік танытқан қатысушы

Жүлдені жіберу үшін, жеңмпаз өзіңің жеңгенің білгеннен кейін үш күн ішінде  оның нақты және толық мекен-жайын ұсынуы тиіс.

Жүлде: Бас жүлде – iPhone, және көптеген басқа жүлделер

Жауапкершілік және құқық

  1. Байқаудың демеушілері ешқандай байқау материалдары мен тұжырымдамаларына қолдау білдірмейді. Байқаудың демеушілері конкурсқа ұсынылған өтінімдерге байланысты кез-келген жауапкершіліктен бас тартады, оның ішіне конкурстық материалдарды жасауға бірлесіп қатысқан тараптар арасындағы дауларды шешу жауапкершілігі кіреді.
  2. Байқау және оның демеушілері авторлық құқықты бұзуға немесе кез-келген зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтыратын әрекеттерге жол бермейді. Байқаудың демеушілері екінші тараптың авторлық құқықтарын бұзады, деп саналған конкурстық материалдарды немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарын алып тастауға және дисквалификацияға құқылы.
  3. Байқауға қатысушылар өздерінің түпнұсқалық жұмыстарын иелену айырықша құқығын сақтап қалады. Ұсынылған материалдар байқауға қатысушының зияткерлік меншігі болып қалады, және байқау демеушілері мен АҚШ үкіметі сайысқа қатысушы ретінде тіркелген кез келген адамның кез келген жұмысына қатысты авторлық құқығына қарсы ешқандай талап қоймайды. Байқауға қатысушы байқау демеушілеріне нақты түрде барлық контентті пайдалану құқығын беруге келіседі. Финалға қатысушылар мен/немесе жеңімпаздардың, тиісті тапсырыс бойынша, қажет деп тапқан кез келген арналар арқылы, қайта лицензиялауға және табыстауға жататын, конкурстық материалдарды пайдалануға, жаңғыртуға және таратуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ туынды жұмыстарды дайындау және / немесе қандай да бір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кез-келген медиа-форматтарда байқау материалдарын шығаруға және / немесе көрсетуге дүниежүзі бойынша айрықша емес және роялти салығы салынбайтын мерзімсіз лицензияны конкурстың демеушілеріне ұсынулары қажет.
  4. Байқауға қатысушы конкурсқа ұсынылған материалдар мен олардың мазмұнын, сондай-ақ осы материалдарды ұсынудың немесе жариялаудың кез-келген салдары үшін айрықша жауапкершілікті өзіне алады.
  5. Байқаудың демеушілері кез-келген уақытта байқауға ұсынылған материалдар мен байқауға қатысушыларды тексеруге және осы ресми конкурстық ережелерді бұзған кез-келген қатысушыны немесе конкурстық материалдарды дисквалификациялауға құқылы. Сондай-ақ, байқаудың демеушілері конкурсқа қатысу құқығын растайтын және осы конкурстық ережелердің орындалуын растайтын қосымша құжаттарды өз қалауы бойынша сұратуға құқылы..
  6. Егер сыйлық немесе оның кез-келген бөлігі қолда жоқ болса, онда байқаудың демеушілері өздерінің қалауы бойынша жүлдені басқа бір немесе одан да көп құндылық пен сападағы басқа сыйақымен ауыстыруға құқылы.
  7. Конкурстың демеушілері өздерінің дәлелді пікірі бойынша (i) ресми бәсекелестік ережелерін бұзған; (ii) электрондық платформаны пайдалану шарттарын бұзған, немесе (iii) жосықсыз әрекет етіп, зиянды бәсекелестікпен басқаларға кедергі келтіріп немесе басқа адамға қасақана кінәратсыздық жасаған, оған қатер төндірген, сес көрсеткен немесе қорқытқан кез-келген адамды кез-келген уақытта өз қалауы бойынша  дисквалификациялауға немесе ережелерді ұстанбады, деп қарауға құқылы.
  8. Байқаудың демеушілері кез-келген себеппен және өз қалауы бойынша жарыстың тәртібіне өзгерістер енгізуге немесе оның өткізілуін тоқтата тұруға, доғаруға немесе болдырмауға құқылы.
  9. Байқаудың қатысушылары конкурстың демеушілерін, олардың бас, еншілес және үлестес ұйымдарын, қызметшілерін, директорларын, қызметкерлерін, практиканттарын және өкілдерін кез-келген талаптар, шығындар, міндеттемелер, залалдар, қаржылық міндеттемелер, ұсталымдар немесе борыштар мен шығыстар бойынша жауапкершіліктен келесі жағдайларда босатуға келіседі (оның ішінде, адвокаттың ақысы): (i) осы ресми ережелерді бұзу; (іі) үшінші тұлғалардың құқықтарын, кез келген авторлық құқықтарды, тауар белгілерін, зияткерлік меншікті, ақпаратты жарияламауға және жариялауға қатысты міндеттемелерді немесе осы байқауға байланысты кез келген басқа да мүліктік құқықтарды бұзу; немесе (iii) кез келген үшiншi тұлғаға байқау материалдарын өткiзу себебімен келтiрiлген зиян үшiн кез келген талап, оның iшiнде қаржы шығыны. Жауапкершіліктен босату жөніндегі бұл міндеттер байқаудың аяқталуына қарамастан, мерзімсіз болады.
  10. Байқауды өткізу, жұмыстарды бағалау және марапаттарды тапсыру АҚШ-тың тиісті заңдарына және қабылдайтын елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. АҚШ заңы мен қабылдаушы елдің заңы арасында қайшылық туындаған жағдайда АҚШ заңы басым болады.
  11. Байқаудың демеушілері мен АҚШ үкіметі қатысушылар туралы жеке ақпаратты, жеке басты куәландыратын мәліметтерді және басқа да құпия ақпаратты қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Байқау қатысушылары ұсынатын байланыс ақпараты АҚШ-тың Астанадағы елшілігінде сақталып, келешекте қатысушылармен басқа мақсаттарда байланысу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпарат конкурстың басқа демеушілеріне және / немесе үшінші тұлғаларға заңмен рұқсат етілген шектерде ұсынылуы мүмкін.
  12. Байқаудың демеушілері талапкердің байқауға қатысуынан немесе оның конкурсқа қатысу әрекеттерінен немесе оның конкурстық бағдарламаға қатысуға қатысты ақпаратты алуға, жүктеуге әлде өзгеше түрде қабылдауға қабілеттілігі немесе қабілетсіздігіне байланысты туындаған кез-келген шығындар мен залалдар үшін ешқандай міндеттемелер немесе жауапкершіліктерді қабылдамайды. Байқаудың демеушілері келесі жағдайлар үшін қандай да бір міндеттемелерді немесе жауапкершіліктерді қабылдамайды: байқауды өткізуге байланысты туындайтын техникалық мәселелер немесе ақаулар, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету немесе компьютерлік техниканың жұмысындағы қателер; компьютерлік ақаулық, телефон, кабельдік байланыс, спутниктік, электрондық, желісіз немесе интернет байланысы, немесе басқа да онлайн режиміндегі байланыс мәселелері; интернет қызметінің ұсынушыларына, серверлер, хост немесе провайдерлерге байланысты қателер немесе шектеулер; бұрмаланған, шатастырылған немесе ақаулы деректердің жөнелтілуі; электрондық пошта хабарларын жіберу немесе қабылдау бойынша ақаулар; электрондық байланыстың жоғалуы, кешігуі, кідіруі немесе бөтен біреу тарапынан қолға түсірілуі; қандай да бір себептермен байқау сайтының толық немесе жартылай жұмыс істемеуі; интернет желісіндегі немесе байқау сайтындағы кептеліс; рұқсатсыз кіру, хакер әрекеті, ұрлау, вирус пен қоңыз-құрт енгізу; немесе байқаудың өткізілуіне байланысты байқаудың кез келген элементтерін жою, жоғалту, жетіспеушілік тудыру, электрондық шоттағы қате жөнелтілу, қол жетпеушілік немесе шоттың жоғалуы.
  13. Пайдаланушы байқау сайтымен байланысты барлық қауіп-қатерлерді қабылдайды. Байқаудың демеушілері байқауға қатысуға, байқау сайтын қолдануға немесе байқау сайты туралы ақпараттарды жүктеуге байланысты компьютерлік техникаға келтірілген қандай да бір жеке бұзылуы, мүліктің бүлінуі немесе қандай да бір зақымдануы үшін жауапты емес. Байқауға қатыса отырып, оның қатысушысы байқау демеушілерін байқауға тікелей немесе жанама түрде қатысуынан туындаған барлық талаптардан босатады.
  14. Байқаудың демеушілері ауа-райының, өрттің, ереуілдің, соғыс актілері мен терроризмнің немесе кез-келген басқа себептердің салдарынан жарыстың толық әлде ішінара тоқтатылуына немесе оның кешіктірілуіне жауапты емес.