АҚШ Елшілігі қазақстандық оқушыларға арнап ағылшын тілі бағдарламасын іске қосады

2018 жылдың қазан айында АҚШ Елшілігі мектеп оқушыларына  ағылшын тілін үйрену үшін Access 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске қосты. 2018-2020 жылдарға арналған бағдарлама Павлодар, Сайрам, Қарағанды, Орал, Талғар қалаларының мектептерінде жүзеге асырылатын болады.  2019 жылды жастар жылы деп жариялаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын және үштілділік саясатын қолдау мақсатында бұл бағдарлама көптеген жастарға, соның ішінде шалғай аудандардың оқушыларына ағылшын тілін үйреніп, жетілдіруге мүмкіндік береді.

2007 жылы Қазақстанда ашылған Access бағдарламасы оқушыларға ағылшын тілін еркін үйреніп қана қоймай, сондай-ақ көшбасшылық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ америкалық мәдениетпен танысуға мүмкіндік береді.

2007 жылдан бастап Қазақстаннан 1800 жасөспірім і бағдарламаны сәтті аяқтады. Бағдарламалар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Тараз, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Астана, Ақмола, Жезқазған, Өскемен және Семей қалаларында ұйымдастырылды.

Биылғы жылы Қазақстанда 12 бағдарлама жүзеге асырылуда, оқушылардың жалпы саны 360 адам. Оқыту жергілікті білім беру ұйымдарының қабырғасында жүргізіледі. Жылына бір рет оқушылар жазғы лагерьге барады, онда ағылшын тілін қарқынды меңгереді. Сондай-ақ, оқу барысында олар Қазақстан облыстарына келген АҚШ-ның мұғалімдерінен үнемі қолдау алып тұрады.

Access – бұл әлеуметтік-осал топтардың дарынды жасөспірімдеріне арналған ағылшын тілінде сөйлеудің негізгі дағдыларын үйрететін екі жылдық бағдарлама. 2004 жылы құрылғаннан бері бағдарламаға 87 елдің 135 мыңға жуық оқушысы қатысты. Бағдарламаны бітіргеннен кейін,  оқушылар АҚШ-ның оқу орындарының әр түрлі шәкіртақыларына ие бола алды. Access бағдарламасының түлектерінің он бес пайызы Future Leaders Exchange Program (FLEX) деп аталатын тағы бір халықаралық бағдарламаға қатысу үшін іріктеуден сәтті өте алды.

Толық ақпарат үшін байланыс:

  1. Павлодар, LINGUAGRAD, tonkikh_pvl@yahoo.com Тіл орталығы
  2. Шымкент,  Global Education Sayram, dilorom.mirsalieva@gmail.com Тіл орталығы
  3. Талғар,  Caspian education group. Caspian_education@mail.ru
  4. Орал, rosturalsk@gmail.com  РОСТ Тіл орталығы
  5. Карағанды, Smart business education Тіл мектебі, +77710063800