USAID әкімшісі Саманта Пауэрдің C5 конференциясының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі
24 қазан 2023 ж.
Самарқанд, Өзбекстан
Осы баспасөз мәслихатына келгендеріңізге рахмет. Мен осы жерде, Самарқандта болғаныма өте қуаныштымын. Кішкентай кезімде ата-анам Самарқандқа барып, мешіттердің қыш күмбездеріне, атлас орамалдары мен көйлектеріне, ең бастысы қауындарымен шаттанып қайтты. Олар қауын туралы айта берді! Олардың балдан да тәтті, ал кейбіреулерінің үлкендігі сонша, бір қауын бүкіл отбасын асырайтындай деп айтқандары есімде. Міне сол кезден бері мен өзім осында келуді армандайтынмын.
Бүгін сіздермен бірге болу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын. Ең бастысы, сапарым барысында мен АҚШ-тың Өзбекстанмен ғана емес, Орталық Азияның барлық бес елімен – отыз жылдан астам уақытқа созылған серіктестікті тереңдету мүмкіндігіне ие болу айрықша маңызды.
АҚШ Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігін 1991 жылдың желтоқсанында алғашқылардың бірі болып мойындағанын білетін шығарсыздар. АҚШ президенті Джордж Буш осы жаңа мемлекеттердің ресми танылғанын жариялаған сөзінде: «Бүгін біз үміт пен мүмкіндіктің жаңа әлемімен бетпе-бет келіп отырмыз… Біздің ендігі міндетіміз – осы жаңа мемлекеттерді бейбітшілікті сақтауға және гүлденген болашақ құруға тарту».
Міне, отыз екі жыл бойы біз осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бірге жұмыс істеп келеміз. Кәсіпкерлік пен демократияны тұншықтырған Кеңес Одағының күлінен Орталық Азия халықтары көтеріліп жатқанда, біз заманауи мемлекеттердің қызмет етуіне қажетті тәуелсіз институттардың дамуын қолдап отырдық. Олар өз экономикаларын ашқан уақытта, біз Орталық Азиядағы кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға қаражат беру үшін инвесторларды тартуға көмектестік. Ал, Орталық Азия тұрғындары өздерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға ұмтылған кезде, біз олармен денсаулық сақтауды, білім беруді және белгілі бір топтардың өмір сүруін жақсарту бойынша жұмыс істедік.
Ал бүгінде біз серіктестіктің осы тарихын дамытуды жалғастырудамыз. Президент Байден өткен айда БҰҰ Бас Ассамблеясында C5 көшбасшыларымен кездескен кезде, бұл біздің елдеріміз үшін «тарихи сәт» екенін айтты. Және біз осы сәтте, Президент Буш айтқандай, Орталық Азия халықтары үшін тағы бір «үміт пен мүмкіндіктің жаңа әлемін» көріп отырмыз.
Бізді аймақтағы ынтымақтастықтың дамуын, реформалау бағдарламалары әлі бастапқы кезеңдерінде болса да, көптеген жерлерде қалай тамыр жайып жатқанын және азаматтық қоғам ұйымдарының еңбекті қорғауды күшейту және гендерлік негізде зорлық-зомбылықпен күресуде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін зор ынтамен бақылаудамыз. Аймақ халқының жартысынан көбі 30 жасқа толмаған жаңа ұрпақ – жастар бір-бірімен және әлеммен бұрынғыдан да көбірек байланыста – өз елдерінің болашағына өз талантын, күш-қуатын және идеяларын қосуға дайын екенін білемін. Кеше Ташкент мектептерінің бірінде он бірінші сынып оқушыларымен, олар болашақта қандай жетістіктерге қол жеткізгісі келетінін, қоғамда қандай із қалдырғысы келетініні туралы қызу әңгімелесу бұйырды.
Біз осы сәттің мүмкіндігін кешегі мен кездестірген жастардың күнделікті өмірінде бастан өткеретін ілгерілікке айналдыру үшін көмектесуге дайынбыз.
Бүгін мен өңірде үш маңызды бағыт – экономикалық өсу жолындағы кедергілерді жою, тұрақты және «жасыл» энергия жүйелерін құру, жалған ақпаратпен күресу бойынша атқарылатын шараларды хабарлаймын.
Экономикалық өсуден бастайын. Орталық Азиядағы өсу жолындағы кедергілердің көбісі трансшекаралық сауданы бәсекеге қабілетті болып қалу үшін тым баяу және қымбатқа түсетін ескірген процестер болып табылады. Бүгінгі министрлер кездесуінде Құрама Штаттары барлық бес үкіметпен осы жүйелерді автоматтандыру бойынша жұмыс істеуге келісті, бұл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшеліктің барлық негізгі аспектілері шекаралар арқылы тауарларды тасымалдаудың уақыты мен құнын қысқарту үшін ортақ хаттамалар мен формаларды пайдаланады.
Өсудегі тағы бір маңызды кедергі – капиталға қолжетімділік. Сондықтан USAID жеке инвесторларға 100 шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін гранттар беруге 10,8 миллион доллар бөледі. Әйелдер мен маргиналданған қауымдастықтар басқаратын, сондай-ақ АКТ және «жасыл» экономика сияқты негізгі секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға ерекше назар аударылады, осылайша олар өз бизнесін дамытып, жетілдіре алады.
Екіншіден, біз «жасыл», тұрақты, тәуелсіз энергетикалық жүйелерді қолдаймыз. USAID он жылдан астам Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздеріне көшуді қолдап келеді және керемет нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, 2018 жылы USAID Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін құруға көмектесуге дайын 195 компанияның инвесторларын тарту арқылы таза энергия инвесторларын тарту және жаңартылатын энергияның құнын төмендету үшін өңірдегі жаңартылатын энергия жобаларының бірінші бәсекеге қабілетті аукциондарын бастауға көмектесті. Дәл сол жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының көлемі 36%-ға өсті.
Сондықтан да, біз бұл табысты қызметті дамытуды жалғастырамыз. Қосымша 2 миллион доллар инвестиция арқылы USAID «жасыл» экономикалық өсуді және тиімдірек және жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияны ынталандыру үшін қаржыны жұмылдыруда. Бұдан бөлек, біз Орталық Азиядағы электр энергиясын өндірудің тиімділігін арттыру және энергия тиімділігін арттыратын жаңа технологияларды енгізу бойынша барлық бес елмен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз.
Үшіншіден, біз жалған ақпаратпен күресудеміз. Бүгін мен Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы жалған ақпаратпен күресуге көмектесетін жаңа аймақтық бағдарламаны хабарлауға қуаныштымын. Біз журналистер мен БАҚ мамандарын ең дәл ақпаратты анықтау және хабарлау үшін қажетті құралдармен және әдістермен жабдықтаймыз және біз серіктес үкіметтермен жалған ақпараттың таралуын болдырмауға көмектесетін саясатты әзірлеу және тәуелсіз БАҚ-тың өркендеуіне мүмкіндік беретін реттеуші ортаны құру үшін жұмыс істейтін боламыз.
Жалған ақпаратқа қарсы тұра алатын БАҚ-қа қолдау көрсету маңызды демократиялық реформа болып табылады. Мұндай демократиялық реформалар да – сонымен қатар экономикалық реформалар екенін атап өткен жөн. Егер өз қызметкерлері жалған ақпарат тарату науқаны арқылы жойылмайтынына сенімді болса немесе олардың өнімдері балалар еңбегін пайдалану арқылы шығарылуы мүмкін деп уайымдаудың қажеті болмаса немесе олар өз қызметін жалғастыру үшін жемқор шенеуніктерге қымбат пара беруге мәжбүр болмайтынын білсе, компания инвестициялауға дайын болады.
Президент Мирзиеевпен кездесуде мен оның реформалар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі күш-жігерді одан әрі қолдауға дайын екенімізді баса айттым. Басқа елдер үшін де біз осындай реформаларды жүргізуге дайын серіктес болдық және болып қала береміз.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бүгін мен кеше жариялаған Өзбекстанның денсаулық сақтау, экономикалық өсу, жергілікті басқару және білім беру салаларына шамамен 19 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияға қоса, аймаққа жалпы сомасы 14,3 миллион АҚШ доллары болатын жаңа инвестициялар туралы хабарлаймын.
Осы тарихи сәтте біз бірлескен жұмысымызды жалғастыруға және Орталық Азия халқына үміт пен мүмкіндіктің жаңа әлемін нақты және тұрақты прогреске айналдыруға қолдау көрсетуге қуаныштымыз.
Сіздерге алғыс айтамын. Мен сіздердің кейбір сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.