Айнур Қаһарманова: Әлем кішкентай екеніне, және онда барлығы мүмкін екеніне көзім жетті.

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТАР, ДОСТЫҚТЫ ЕСЕЛЕТЕР ӘЙЕЛ ЗАТЫ.

Айнұр Қағарманова Назарбаев Университетінде биология және саясаттануды оқиды. 10 сыныптан кейін АҚШ-мен мәдени алмасу бойынша  «FLEX» бағдарламасымен Америка мектебінде бір жыл өткізді. Әлемнің түкпір-түкпірінен алмасу бойынша келген студенттермен танысып, достасу Айнұрды халықаралық ынтымақтастықты дамытуға шабыттандырды. Нидерландтағы   ‘Youth in Dialogue’ білім беру жобасының және Балтимордағы ‘Better Understanding for a Better World’ конференциясының қатысушысы болған Айнұр  World Humanitarian Summit Regional Consultation in South and Central Asia және World Youth Summit for Peace 2016 саммиттерінде Қазақстан мемлекетінің жастарының өкілі болу құрметіне ие болды. Бүгіндері Айнұр Студенттер кеңесінде биология департаментінің студенттерінің өкілі болып табылады және  Nazarbayev University Art Studio Club-қа жетекшілік етеді.