Алматы мен Ташкенттегі «C5+1» жұмыс тобының кездесулері

Шілденің 20-нан 23-іне дейін АҚШ Үкіметінің қызметкерлері Орталық Азиядағы бес республиканың жоғары деңгейдегі делегацияларымен Қазақстанның Алматы және Өзбекстанның Ташкент қалаларында кездесіп, «Қоршаған ортаны қорғау, экономикалық байланыс және қауіпсіздік» жөніндегі  ілгерілеу барысын «C5+1» үш жұмыс тобының құрамында талқылады. «C5+1» – бұл негізгі аймақтық дипломатиялық алаң, ол арқылы АҚШ пен Орталық Азияның бес республикасы экономикалық интеграцияны алға жылжыту, экологиялық осалдылықты төмендету және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін атсалысады.

Мемлекеттік хатшының экономикалық және іскерлік мәселелер жөніндегі көмекшісі Маниша Сингх 20 шілдеде АҚШ делегациясын Алматыдағы «Экономикалық қатынастар» жөніндегі жұмыс тобында басқарды. Мемлекеттік хатшының көмекшісі Сингх экономикалық байланыстарды кеңейту арқылы байланыстар мен сауда-саттықты нығайту мәселелерін талқылады. Азия елдері бойынша USAID басқарушысы көмекшісінің орынбасары Хавьер Пьедра қатысушыларға қазіргі уақыттағы «C5 + 1» экономикалық жобалары туралы баяндады, сонымен қатар, делегациялар болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Генри Эншер АҚШ делегациясын 20 шілдеде Алматы қаласында өткен, «C5+1» үшін Орталық Азия аймақтық электр нарығы (CAREM) жобасын ұсынған «Қоршаған ортаны қорғау» жөніндегі жұмыс тобына басшылық етті.   

23 шілдеде, Ташкентте Эншер мырза, АҚШ делегациясына «Қауіпсіздік» жөніндегі жұмыс тобында басшылық етті. Қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимыл және шекара қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ аймақтағы зорлық-зомбылықты жоюға қарсы әрекет ету және зорлық-зомбылықтың радикалдандырылуына жол бермеу үшін қоғамның қатысуына бағытталған жұмыс тобының алғашқы екі жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.