Мемлекеттік департамент – АҚШ елшілігі, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабарлама – Жыл сайынғы бағдарлама туралы мәлімдеу

Бағдарлама кеңсесі:  Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер: Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі және Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығы

Қаржыландыру Мәдениет саласындағы жыл сайынғы бағдарлама туралы мәлімдеу

Мүмкіндігінің атауы: Жариялау түрі: Грант немесе ынтымақтастық туралы келісім 

Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірі: DOS-KAZ-NS-PAS-20-002

Өтінім беру мерзімі: Ауыспалы мерзім. Өтінімдерді қабылдаудың бірінші мерзімі 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін, екінші мерзімі 2020 жылдың 15 маусымға дейін, үшінші мерзімі 2020 жылдың 31 шілдеге дейін

Қаржыландыру болған жағдайда, ертерек ұсынылған өтінімдердің қарастырылу ықтималы жоғары болады.

Іріктеу комиссиясы: Іріктеу комиссиясы отырыстарының өткізілуі мамыр, шілде және тамыз айларында көзделіп отыр

CFDA (федералдық бюджет ұсынатын қаржылық көмек түрлері): 19.040 Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің бағдарламалары

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

  1. Grants.gov туралы сұрақтар туралы 1-800-518-4726 нөмірі бойынша Grants.gov байланыс орталығына хабарласыңыз.
  2. Осы өтінімнің талаптарына байланысты көмек алу үшін келесі электрондық поштаға хабарласыңыз: KZ-PAS-Proposals@state.gov, Гранттың үйлестірушісі: Нұр-Сұлтан қаласының телефон нөмірі (+ 7-717-270-2217; +7-777-255-66-79) және Алматы (+ 7-727-250-4870).

МАЗМҰНЫ 

  1. БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ 2
  2. ГРАНТТАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ: 3
  3. ФЕДЕРАЛДЫҚ ГРАНТТЫҢ БЕРІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 6
  4. ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 7
  5. ӨТІНІШ ЖӘНЕ ӨТІНІМДІ БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 7
  6. ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ БАРЫСЫ 11
  7. ФЕДЕРАЛДЫҚ ГРАНТТЫҢ ӘКІМШІЛЕНДІРУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 12
  8. ФЕДЕРАЛДЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ 12
  9. БАСҚА АҚПАРАТ 13
  • БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі жанындағы және Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы жанындағы Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер (PAS) Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің гранттары бағдарламасы арқылы қаржыландырылуға қол жеткізуге болатынын қуана хабарлайды. Өтінімдерді ауыспалы соңғы мерзім шеңберіңде кез келген уақытта ұсынуға болады. Гранттар қаражаттың болуына қарай берілетін болады.

Алғышарт: Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі жанындағы және Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы жанындағы Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер (PAS) бейкоммерциялық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми-білім беру мекемелерінен ұсыныстарды күтеді. Ұсыныстар төменде көрсетілген басым бағыттардың біріне бағдарланған болуы сұралады. Үміткерлер өз өтінішін жазу кезінде осы басымдықтарға, Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдердің мақсаттары және мақсатты аудиторияға мұқиятты түрде назар аударуы керек. Көптеген үміткерлер мен сұраныстарға байланысты, PAS өтінім беруден бұрын ниет туралы хаттарды, тұжырымдамалық құжаттарды немесе кездесу өткізу туралы өтініштерді қабылдамайды.

Бұл бағдарлама «Қоғамдық дипломатия туралы» заңға сәйкес қаржыландырылады. Барлық бағдарламалар қаржыландырудың заңды шектеулеріне бағынады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы PAS төменде көрсетілген басым бағыттардың біріне назар аударатын жобалар бойынша ұсыныстарға сұраныс жасайды. Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің бағдарламалары халықаралық аудиториялармен қарым-қатынастарды, мәдени бағдарламаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын нығайтуды, білім беру тәжірибесімен алмасуды, университеттер арасындағы ынтымақтастықты, азаматтық қоғаммен жұмыс істеуді және білім саласын, соның ішінде ағылшын тілін үйренуді және дәлдік ғылымдарды қамтиды.

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім туралы қосымша ақпаратты келесі сайттан таба аласыз: https://kz.usembassy.gov/.

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің гранттар бағдарламасының мақсаты:

PAS біздің екі халықтар арасындағы ынтымақтастықтың айқын көріністері арқылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайтатын және бірлескен құндылықтарға ерекше көңіл аударатын жобалық ұсыныстарға сұраныс жасайды. Барлық бағдарламалар американдық тарихтың, мәдениеттің элементтері немесе бірлескен құндылықтарды қамтуы тиіс. Сонымен қатар, сайыстық ұсыныстар бағдарлама аяқталғаннан кейін де АҚШ-тың саясаты мен көзқарасын терең түсінуге және (немесе) АҚШ пен Қазақстанның халықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін белгілі бір саладағы американдық сарапшы (лар), ұйым (дар) немесе мекеме (лер ) мен қарым-қатынасты қамтуы керек.

  • ГРАНТТАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:

    1. Ағылшын тілі: Қазақстандағы үштілділік саясатына сәйкес, ағылшын тілі үш ресми білім беру тілдерінің бірі болып табылады, сондықтан АҚШ Елшілігі бүкіл Қазақстан бойынша ағылшын тілін оқытуды жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. PAS оқытушыларға жақсартылған сынып құралдары мен әдістемелерін игеруге мүмкіндік беретін ұйымдармен жұмыс жасау арқылы Қазақстан Үкіметінің жұмысын қолдауға тырысады.
      1. Мақсаты: Ағылшын тілі мен дәлдік ғылымдар (STEM) пәндерінің мұғалімдерін даярлауды дәлдік жетілдіру арқылы қазақстандық оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейін арттыру.
  • Ең қолайлы серіктестерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: Жеке оқытушылар, университеттер, жеке бейкоммерциялық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдар
  • Негізгі пайда көрушілер: Ағылшын тілі немесе дәлдік ғылымдар пәндері бойынша қазақстандық мұғалімдер. Өз қоғамдастығында неғұрлым үлкен қауымға жете алатын ұстаздарға немесе мұғалім нұсқаушысыларға артықшылық беріледі.
  • Мысалдар: Бағдарламаларға тренингтер, семинарлар, практикумдар, конференциялар және т.б. кіруі мүмкін.
    1. Бұқаралық ақпарат құралдар (БАҚ) дамуы: Қазақстан өсіп келе жатқан және әртараптандырылған медиа-нарық пен объективті кәсіби журналистикаға деген сұранысқа ие. АҚШ егеменді және тәуелсіз Қазақстанды қолдайды, оның ішінде кәсіби және тәуелсіз баспасөзді қолдайды. АҚШ Конституциясында бекітілген баспасөз бостандығының және медиа-инновациалардың ұзақ тарихының арқасында АҚШ Қазақстан Үкіметінің мақсатын қолдауға тырысады, ол – баспасөз корпусының кәсібилігін арттыру және азаматтарға дезинформациямен күресте көмектесу.
      1. Мақсаты: Толыққанды демократия үшін өте маңызды болып табылатын қазақстандық қоғамның көбірек хабардар болуын қамтамасыз ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жақсырақ және объективті материалдар жасауға көмектесетін инновациялық құралдар, тәсілдер мен медиа трендтердің көмегімен журналистер мен редакторлардың білімі мен дағдыларын кеңейту.
  • Ең қолайлы серіктестерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: Медиа сауаттылығы және ақпарат бостандығы саласында жұмыс істейтін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз БАҚ, журналистика бөлімдері, ғылыми орталықтар
  • Негізгі пайда көрушілер: Журналистер, атап айтқанда, қазақ тілді журналистер, блогерлер және жаңа медиа контентті жасаушылар, редакторлар, журналистика кафедраларының оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар БАҚ-пен маңызды тақырыптар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын мамандар.
  • Мысалдар: Бағдарламаларға сарапшылардың қатысуымен өткізілетін тренингтер, хакатонға ұқсас шығармашылық кездесулер, журналистік зерттеулер жобалары және т.б. кіруі мүмкін.
  1. Мәдениет және білім беру саласындағы жобалар: АҚШ пен Қазақстанның бай мәдени дәстүрлері бар, бұған өнер, әдебиет және сторителлинг (әңгімелеу өнері), театр және орындаушылық өнер, кино, музыка және би дәлел бола алады. Өнер саласындағы іс-шаралар қоғамға, әсіресе жастарға мәдениеттер арасындағы байланыстарды орнатуға, мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті тереңдетуге, маңызды тақырыптарды талқылауға көмектесетін тамаша тәсіл. АҚШ Елшілігі АҚШ пен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтатын өнер мен мәдени жобаларды қолдауға мүдделі.
      1. Мақсаты: Мәдени, білім беру және (немесе) спорттық бағдарламалар арқылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы өзара түсінушілікті тереңдету
  • Еріктілер жылы: Қазақстан Үкіметі 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауы аясында, АҚШ еріктіліктің құндылықтарына ортақ болатын бағдарламалар тиісті түрде қаралады.
  • Ең қолайлы серіктестерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: Жеке тұлғалар, бейкоммерциялық ұйымдар және (немесе) білім беру немесе өнер мекемелері
  • Негізгі пайда көрушілер: Университет қызметкерлері, оқытушылар, студенттер, суретшілер (қолөнершілер), спортшылар, ауыл тұрғындары, аз қамтылған топтар, тәуекел топтары және көпшілік қауым
  • Мысалдар: Барлық мақұлданған өтінімдер американдық компонентті қосу арқылы өзара түсінушілік мақсатын қолдауы керек. Бағдарламаларға пікірсайыс / театр клубтары, кино / жазушылар шеберханалары, мобильді мәдени жобалар, би қойылымдары, спорттық іс-шаралар немесе конкурстар, дәлдік ғылымдарды ұнататындарға арналған лагерьлер және т.б. кіруі мүмкін.
  • Адам саудасы (АС): Адам саудасы – адамның қадір-қасиеті мен жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыс. Қазақстан шығу, транзит және тағайындалған ел бола отырып, адам саудасына қарсы күресте көптеген мәселелерге тап болады. Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің басты басымдығы – жергілікті серіктестермен жұмыс жасау арқылы адам саудасына қарсы күресте Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсету. PAS адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ағымдағы және (немесе) болашақтағы бастамаларды, соның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі  жоспарды және зардап шеккендерге өтемақы төлеу қорын қоса алғанда, Қазақстан Үкіметінің соңғы бастамалары туралы ақпаратты таратуды қолдайды. 
    1. Мақсаттары: Жобалар келесі мақсаттардың біреуін немесе бірнешеуін орындай алады:

1-мақсат: Адам саудасының құрбандарын, әсіресе зардап шеккен шетелдік азаматтарды және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау және оларға көмек көрсету бойынша жұмысты күшейту

2-мақсат: Адам саудасымен байланысты қылмыстарды тергеуді қолдауды күшейту

3-мақсат: Шетелдік және жергілікті адам саудасының құрбандарын қолдайтын заңнамалық және саяси өзгерістерді қолдауды күшейту

  • Ең қолайлы серіктестерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: Адам құқықтары жөніндегі ұйымдар, баспаналар, азаматтық қоғам ұйымдары және бейінді сарапшылар.
  • Негізгі пайда көрушілер: Адам саудасының қазақстандық құрбандары, шетелдік құрбандар және мәжбүрлі еңбек құрбандары, тәуекел топтары және көпшілік қауым
  • Мысалдар: Құқық қорғау органдары мен АС құрбандарына қолдау көрсететін ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін; құрбандардың өз құқықтары туралы хабардар болуын арттыратын; Қазақстан Үкіметінің адам саудасымен күрес жөніндегі бастамалары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға назар аударатын; адам саудасының құрбандары арасында ақпараттық жұмыстар жүргізетін; адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтауға көмектесетін тренингтер өткізетін бағдарламалар
  • Азаматтық қоғам: АҚШ Үкіметі беделді демократия негізгі құндылықтырды қолдайтынына сенімді. Оның ішінде азаматтық және адам құқықтарын құрметтеу, инклюзивтілік, аз қамтылған топтарының, оның ішінде әйелдердің, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және еріктіліктен кәсіпкерлікке дейін жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге көмектесу. Осы грант арқылы Қазақстандағы АҚШ-тың Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі американдық ұйымдармен жұмыс істейтін немесе жергілікті тұрғындарға қатысты мәселелерді алға тартатын АҚШ нұсқасын қолданатын жеке тұлғалармен және ұйымдармен серіктес болуға тырысады.
  • Мақсаты: Демократиялық құндылықтар мен негізгі бостандықтарды құрметтейтін жобаларды насихаттау.
  • Ең қолайлы серіктестерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: Азаматтық қоғам ұйымдары, ҮЕҰ, кәсіпкерлік экожүйені қолдайтын ұйымдар (инкубаторлар, тәлімгерлік бағдарламалар және т.б.)
  • Негізгі пайда көрушілер: Аз қамтылған топтар, кәсіпкерлер, құқық қорғаушылар және т.б.
  • Мысалдар: Бағдарламаларға тренингтер, тәлімгерлік бағдарламалар, көпшілікке арналған ақпараттық науқандар, кәсіби даярлау бағдарламалары және т.б. кіруі мүмкін.
  1. Ауа сапасы: Қазақстан, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалаларда, ауа сапасының нашарлауына байланысты мәселелерге тап болады. Ауа ластануынан экономикалық шығындары және ауа сапасын жақсартудың денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы қоғамда түсінік жетіспеушілікте. АҚШ жасыл технологияларды енгізуде, АҚШ-тың ірі қалаларында ауа сапасын жақсартуға бағытталған үкіметтік саясатты және денсаулық сақтау науқандарын қабылдауда көшбасшы болып табылады. Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер бұл мәселені шешудегі АҚШ тәжірибесімен бөлісуге және қазақстандықтарға Қазақстанда шешімдерді жылжытуға қолдау көрсетуге бағытталған.
    1. Мақсаттары: Жобалар келесі мақсаттардың біреуін немесе бірнешеуін орындай алады:

1-мақсат: Ауа сапасын жақсартудың экономикалық және әлеуметтік артықшылықтары туралы халықтың түсінігін арттыру

2-мақсат: Адамдардың денсаулығы туралы неғұрлым дәлелденген шешімдерді қабылдау үшін халықтың ауа сапасы туралы мәліметтері бойынша түсінігін арттыру

3-мақсат: Ауа сапасын жақсарту үшін азаматтық қоғам мен сарапшыларға мемлекеттік саясаттағы өзгерістерді алға жылжытуда қолдау көрсету

  • Ең қолайлы серіктестерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: Университеттер, БАҚ, азаматтық қоғам ұйымдары, ҮЕҰ
  • Негізгі пайда көрушілер: Ірі және басқа ауа сапасы төмен қалаларда тұратын адамдар
  • Мысалдар:
        1. Ластаудың көрсеткіштері мен көздерін өлшеу, оның ішінде қолданыстағы модельдеудің әдістерін пайдалану. Оны болжалған ластаудың көздерімен салыстырғанда нақты ластаудың көздері туралы халықты ақпаратпен қамтитын науқандарды жүргізу, жариялау және іске асыру.
        2. Экономикалық мәліметтерге және ауруға шалдығу деңгейіне ерекше көңіл аударатын, нақты экономикалық шығындар мен ауа сапасын жақсартудың артықшылықтарын көрсететін ақпараттық-түсіндіру науқандар
        3. АҚШ-тың ауа сапасын және жасыл технологияларды жақсарту жөніндегі тәжірибесімен бөлісетін дәріскерлік және алмасу бағдарламалары
        4. Ластанған ауа кезінде қолданылатын сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыратын қоғамдық денсаулық сақтау науқандары.
        5. Ортақ қоғамдық мәселерді шешумен шұғылдану және оған ақпараттық қолдау жасау бойынша тренинг

Бағдарлама аймағында жоғарыда аталған ерекше талаптардан басқа, барлық ұсыныстар:

  1. Қарауға ұсынылған шараның негізгі бағытын анық көрсетуі керек;
  2. Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің негізгі аудиторияларына және қойылған мақсаттарына ерекше назар аударылуы керек;
  3. Гранттың аяқталуынан кейін (егер мүмкін болса) тұрақтылықты арттыру үшін америкалық серіктестермен қарым-қатынас немесе байланыс құруы керек;
  4. Бағдарламаның элементтері қалай көбейту әсеріне ие болатын және гранттың мерзімінен кейін тұрақты болатындығын анық көрсетуі керек;
  5. Орынды болған жағдайда шаралар мен бағдарламаның нәтижелеріне арналған дәстүрлі және (немесе) әлеуметтік медиа жоспарын қамтамасыз етуі керек;
  6. Шаралар орын алатын қалаларды / аудандарды айқындау керек;
  7. Гранттық кезең аяқталғаннан кейін қол жеткізілетін нақты нәтижелерді айқындау керек;
  8. Мониторинг және бағалау мақсаттары үшін әзірленетін кез-келген құралдарды (сауалнама, гранталушымен сұхбат, фокус-топтар және т.б.) айқындау керек.

Келесі жобаларға басымдық беріледі:

  1. Қазақстанның нашар дамыған географиялық аймақтарына және қауымдастықтарына, сондай-ақ қарапайым оқу орындарына (мүмкіндігінше) ерекше көңіл аударатын жобалар;
  2. американдық және қазақстандық қатысушыларды ортақ нәтижелерге немесе көрсеткіштерге жеткізетін және (немесе) өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешетін жобалар;
  3. нақты нәтижелерге жеткізетін жобалар.

Үміткерлер жобаның барлық қаржылық аспектілерін, оның ішінде қатысушы көтерген шығындарды және серіктес ұйымдармен суб-гранттық қарым-қатынастар туралы айқын келісімдерді қоса алғанда, өз құзыреттілігін көрсетуі керек.

  • ФЕДЕРАЛДЫҚ ГРАНТТЫҢ БЕРІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қаржыландыру құралының түрі:  Ынтымақтастық туралы келісім немесе грант

Болжамды орындау мерзімі: 9-12 ай

Болжамды гранттар саны: 20

Жеке гранттың ең аз сомасы:  5000 АҚШ доллары

Жеке гранттың ең жоғары сомасы:  50000 АҚШ доллары

Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі мен Алматыдағы АҚШ Консулдығының Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер лайықты мәлімдемелер болмаған жағдайда немесе АҚШ үкіметі мүдделеріне неғұрлым сәйкес келетін басқа да жағдайларда, осы қорларда көрсетілген қаражаттардан аз немесе артық соманы тағайындауға құқылы.

Жобалық және бюджеттік кезеңдер: Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім қаражат бар болған жағдайда, бағдарламаның қанағаттанарлық өрлеуі болған жағдайда және қаржыландырудың АҚШ Мемлекеттік департаментінің мүддесіне сай болуын ескере отырып, конкурстан тыс түрде, бастапқы бюджет кезеңінен басқа кезде, осы гранттар бойынша қаржыландыруды жалғастыру үшін гранттарға өтінімдерді қабылдайды. Ұлғаймалы қайтарым үшін оңай масштабталатын, таралымы көбейетін немесе кеңейтілетін табысты бағдарламалар, жалғасып жатқан гранттар немесе өзгерістер үшін жағымды түрде қарастырылады.

  • ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі мен Алматыдағы АҚШ Консулдығының Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер АҚШ пен Қазақстанда тіркелген бейкоммерциялық ұйымдардан, азаматтық қоғамдар / үкіметтік емес ұйымдардан, білім беру мекемелерінен және кем дегенде бір жыл бағдарламалау тәжірибесі бар тұлғалардан келіп түскен өтінімдерді қолдайды. Бұл тәжірибе ұйымның ұсыныс құжатында рәсімделуі тиіс. Ұйымды тіркеу туралы құжатының көшірмесі өтініммен бірге ұсынылуы тиіс. Америка Құрама Штаттарында орналасқан ұйымдар АҚШ салық басқармасының «бейкоммерциялық ұйымды табыс салығынан босату» туралы қаулысының көшірмесін ұсынулары керек. Қазақстандық ұйымдар тиісті мемлекеттік органынан алынған тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсынуы керек.

Жеке тұлғаға берілетін грант – бұл Федералдық грантқа сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін нақты адамға берілетін Федералдық грант. Жеке тұлғаға берілетін гранттың алушысы – ұйым немесе жеке тұлғалар тобы емес, бұл жеке тұлға.

Шығындарды үлестіру немесе салыстыру

Шығынды үлестіруді енгізу бұл мүмкіндіктің талабына жатпайды.

Қатысудың басқа талаптары

Грант алуға құқығы бар барлық ұйымдарда бірегей ұйым идентификаторы болуы керек (Dun & Bradstreet-ден әмбебап деректерді нөмірлеу жүйесі / DUNS нөмірі), сондай-ақ келесі сайтта жарамды тіркеуі (“Active” мәртебеге ие) болу керек: www.SAM.gov.

  • ӨТІНІШ ЖӘНЕ ӨТІНІМДІ БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Өтінім берудің соңғы мерзімі

Өтінімдер келіп түсуіне байланысты қабылдана береді. Іріктеу комиссиясының отырыстары мамыр, шілде және тамыз айларында күтілуде немесе ұсыныстар келіп түскен кезде өткізіледі. Қаржы болған кезде ертерек ұсынылған өтінімдердің қаралу ықтималы жоғары болады, сондықтан өтінімдерді мүмкіндігінше тезірек жіберу ұсынылады.

Төмендегі барлық нұсқауларды мұқият орындаңыз. Осы хабарландырудың талаптарына сай келмейтін ұсыныстар қарастырылмайды.

Өтінім беру барысы: Барлық өтінімдер ағылшын тілінде болуы керек. Үміткерлер барлық өтінім құжаттарды келесі электронды поштаға: KZ-PAS-Proposals@state.gov жіберу керек және электрондық пошта тақырыбы ретінде қаржыландыру мүмкіндігінің атауы мен қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірін көрсетулері тиіс.

Өтінімдер келіп түскен кезде қабылданады. Іріктеу комиссиясы мамыр, шілде және тамыз айларында отырыстар өткізуді көздеп отыр.

Өтінімді растау

Үміткерлер өтінім бергеннен кейін бір апта ішінде растау алады.

Техникалық талаптар 

Қосымшалар пакетін сұрау үшін байланысыңыз

Осы жыл сайынғы бағдарлама туралы мәлімдеу (APS) мен кез-келген өзгертулерді www.grants.gov сайтынан табуға болады (мүмкіндік нөмірі бойынша іздеңіз).

Төмендегі барлық нұсқауларды мұқият орындаңыз. Осы хабарландыру талаптарына сай келмейтін немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды.

Өтінімнің мазмұны

Осыған көз жеткізіңіз:

  • Осы ұсыныста осы қаржыландыру мүмкіндігінің мақсаттары мен міндеттері нақты айқындалған;
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде;
  • Барлық қаражат АҚШ долларымен көрсетілген;
  • Барлық беттер нөмірленген;
  • Барлық құжаттар 8 ½ х 11 қағазда пішімделген;
  • Барлық Microsoft Word құжаттары бір интервалымен, Times New Roman 12-әрпімен басылған, шетінен кемінде 1 дюйм (2,5 см) жолақ қалтырылған болуы керек.

Келесі құжаттар болуы тиіс:  

    1. Міндетті өтінім бланкілері: 424 стандартты формалары бар, сонымен қатар осы нысандарды толтыру туралы нұсқаулар келесі веб-сайтта «SF-424 Family» бөлімінде орналасқан: http://www.grants.gov/web/grants/forms.html.
  • SF-424 (Федералдық көмекке өтінім – ұйымдар)
  • SF-424I (Федералдық көмекке өтінім – жеке тұлғалар)
  • SF424A (Құрылыстық емес бағдарламаларға арналған бюджеттік ақпарат)

** Қосымша бола алатын: Талапкерлер өздерінің ұсыныстарының 3 минуттық бейне-таныстырылымын ұсына алады. Егер сіз бейне материалды қосқыңыз келсе, сол бейне материалға сілтемесі жіберіңіз.

  1. Жиынтық бет: Өтінім берушінің толық аты мен ұйымның атауы, ұсыныс күні, жобаның атауы, жобаның болжамды басталу және аяқталу уақыттары, сондай-ақ жобаның қысқаша мақсаты көрсетілетін тақырып беті.
  2. Ұсыныс (12 беттен аспауы тиіс): Ұсыныстарда қосымшадағы Өтінім формасы қолданылуы керек.
  • Ұйымға немесе жеке түрдеге өтінішке кіріспе: АҚШ Елшілігінің және (немесе) АҚШ мемлекеттік мекемелерінің бұрынғы гранттары туралы ақпараттармен бірге, жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін, өткен және ағымдағы әрекеттерге сипаттамасы.
  • Қысқаша мазмұны: Ұсынылған жобаны баяндайтын қысқаша сипаттама, соның ішінде жобаның мақсаттары және күтілетін нәтиже көрсетіледі.
  • Жобаның негіздемесі: Шешілуі қажет болған мәселенің анық, қысқа және дәлелді баяндамасы мен ұсынылған жобаның қажеттілігі.
  • Жобаның мақсаттары мен міндеттері:  «Мақсаттар» жобаның неге арналғанын сипаттайды. «Міндеттер» мақсаттарға қол жеткізудің жолдарын айқындайды. Ол қол жетімді және өлшемді болуы керек.
  • Жобаның шаралары: Жобаның шараларын және олардың мақсаттарға жетуге қалай көмектесетінін сипаттаңыз.
  • Ұсынылаған жобалар кестесі мен мерзімдері: Жоба шараларының ұсынылған кестесі. Жоспарланған жұмыстар мен шаралардың күндерін, уақыттарын және орындарын көрсетіңіз.
  • Негізгі қызметкерлер: Жобаға қатысатын негізгі қызметкерлердің толық атауы, лауазымы, рөлі мен тәжірибесі / біліктілігі. Бұл жобаны орындау үшін қанша уақыт жұмсалады?
  • Жоба серіктестері: Негізгі әріптес ұйымдар мен қосалқы мердігерлердің аттары мен түрлерін көрсетіңіз.
  • Жобаны бақылау және бағалау жоспары: Ұсыныстың «Бақылау және бағалау» құрамдас бөлігінде атқарылатын жұмыстардың бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне (жоғарыда аталған) қол жеткізуге қалай ықпал ететіндігі туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Маңызды ұсыныс келесі мәліметтерді қамтуы керек:
  • Грант алушы өз бағдарламаларын жүзеге асыру барысында алатын кез келген нәтижелер. Күтілетің нәтижелерге мыналар жату мүмкін: білім деңгейіндегі, хабардарлықтағы және көзқарастардағы өзгерістер; қызмет сапасын жақсарту; мектептегі, топтағы әлеуетті арттыру; Сонымен қатар, ұсыныста грант алушы нəтижелерді қалай тексеретіні туралы ақпаратты (сауалнама, сұхбат, байқау жəне т.б.) қамтамасыз етуі керек.
  • Мысалы: мұғалімдерді оқыту бағдарламасы мұғалімдердің дағдыларын жақсартады деп күтілсе, ұсыныста мұғалім алатын дағдыларды тізімдеп, бағдарламаның арқасында дағдылардағы өзгерістерді көрсететін сауалнаманы оқу бағдарламасына дейін және оқу бағдарламасынан кейін жоспарлауға болады.
  • Грантқа арналған іс-шаралар кестесі (қатысушыларды іріктеу, семинарлар, сапарлар, лекциялар, тренингтер және т.б.), сондай-ақ грант алушының жұмыс барысын тексеретін уақыты туралы ақпарат беріледі. Осы тексерістердің нәтижелері тоқсан сайынғы есептерде көрсетілетін болады деп күтілуде.
  • Грант алушы жоспарда бағдарламаның мақсаттарына жету фактілерін көрсетуі керек. Тиісті жағдайда, жақсы қорытынды есептері табыстың тарихына, мінез-құлқының өзгеру фактілеріне, алынған сабақтар мен нәтижелерге сүйенеді.
  • Болашақ қаржыландыру немесе тұрақтылық: Өтінім берушінің гранттық кезең аяқталғаннан кейін бағдарламаны жалғастыру жоспары немесе басқа ресурстардың қол жетімді болу жағдайы қаралады.
  1. Бюджетті негіздеу: Үміткерлер берілген форма бойынша толық бюджет пен бюджет сипаттамасын ұсынуы керек. Шығыстардың баптары барынша егжей-тегжейлі көрсетілуі керек. Қызметкерлердің жалақысы әр лауазым бойынша жобаға жұмсалатын уақыттың пайызын және жалақы мөлшерін анықтайды. Бюджеттер АҚШ долларымен ұсынылуы тиіс, сонымен қатар түпкілікті гранттық келісімдер де АҚШ долларымен есептелуі керек.
  2. Қосымшалар:
  3. Жобаға ұсынылған негізгі қызметкерлердің 1 беттен тұратын түйіндемесі.
  4. Қосалқы мердігерлер немесе басқа серіктестерге арналған қолдау хаттары қосылуы керек. Хаттарда, ұсынылған жобалық іс-шараларға қатысты орнатылатын қарым-қатынастың түрі (ресми немесе бейресми), әр серіктестің рөлі мен жауапкершілігі және серіктестіктен күтілетін нәтижелер көрсетілуі керек. Жеке хаттар 1 беттен аспауы керек.
  5. Егер сіздің ұйымыңызда NICRA (жанама шығындардың мөлшерлемесі туралы келісім) келісімі бар болса және NICRA төлемдері бюджетке енгізілсе, NICRA-ның соңғы нұсқасы PDF файлы түрінде тіркелуі керек.
  6. Қажет болған жағдайда жобаға қатысу үшін берілетін ресми рұқсат қағаздары.

Назар аударыңыз:

  • Қажетсіз / сұралмаған болса да, сіздің өтініміңіз қаржыландыру үшін мақұлданған жағдайда, сұралуы мүмкін басқа да ақпараттар:
      1. Соңғы екі (2) жылдағы ұйымның немесе бағдарламаның аудиторлық құжаттарының көшірмелері.
      2. Тиісті кадрлық құжаттардың, қаржы құжаттарының немесе сатып алу туралы ережелердің көшірмелері.
      3. Департаментке сіздің ұйымыңыздың шет елде федералдық грантты басқару мүмкіндігін анықтауға көмектесетін басқа да тиісті ұйымдастыру ережелері мен құжаттамаларының көшірмелері.
  • Елшілік осы ұсынысқа қатысты кез-келген қосымша бағдарламаны және (немесе) қаржылық ақпаратты сұрауға құқылы. 

Өтінімдер тек ағылшын тілінде қабылданады, сондай-ақ түпкілікті гранттық келісімдер ағылшын тілінде жүргізіледі.

Қаржыландыру шектеулері

  • Құрылыс: Бұл грантқа құрылыс жұмыстары немесе шығындар кірмейді. 
  • Алдын ала жасалған шығындар: Алдын-ала жасалған шығындар бұл қаржыландыру мүмкіндіктеріне жарамды емес шығындар болып табылады. 
  • Бағдарлама іс-шаралары: Төменде қаржыландыруға құқығы жоқ кейбір іс-шаралар көрсетілген: 
    1. пайда табуға бағытталған жобалар.;
    2. білім алуға немесе жеке тұлғаларға арналған оқытуға қолдау көрсету үшін берілетін стипендиялар*;
    3. басқа қорлармен басталған іс-шараларды аяқтау үшін қажетті төлемдер;
    4. қаражат жинау жобаларына немесе қорды дамытуға қаржылық қолдау көрсету;
    5. саяси сипаттағы немесе сайлау алдындағы науқандарда жеке немесе белгілі бір партия үшін біржақтылық таныту / қолдау көрсету белгілері бар жобалар;
    6. саяси партия және лоббистік іс-шаралар;
    7. нақты діни қызметпен айналысатын жобалар; және де
    8. микрокредиттер / микроқаржыландыру жобалары, кəсіпорындар үшін жобаның бастапқы сатысында қаражаттарды үлестіру, сондай-ақ құқыққа / жер құқықтарына бағытталған бағдарламаларға қаржы бөлуге жол берілмейді.

* Америка Құрама Штаттарында тәжірибе алмасу немесе оқу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатын адамдар, қолжетімді бағдарламалар туралы қосымша ақпарат алу үшін https://kz.usembassy.gov/education-culture/ веб-сайтына кірулері керек.

  • ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ БАРЫСЫ

Өлшемшарттар

Әрбір өтінім төменде көрсетілген бағалау өлшемшарттарына сүйене отырып қаралады және бағаланады.

  • Бағдарлама идеясының сапасы мен орындалу мумкіндігі – 20 ұпай: Бағдарламаның идеясы жобалық іс-шараның жүзеге  асырылуы туралы мәліметтермен жеткілікті қамтылуы тиіс. Ұсыныстар түпнұсқалығын көрсетуі керек және айқын, қол жеткізуге болатын мақсаттар қоюы керек. Ұсыныс, шараны іске асыру үшін ақылға сыйымды уақытты қамтуы керек. Жобаның көлемі жөнді және айқын болуы керек. 
  • Ұйымдастыру әлеуеті және бұрынғы гранттарды есепке алу – 10 ұпай:
      • Ұйымның аталған саладағы тәжірибесі мен ұсынылған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігін көрсетеді.
      • Ұйымның табысты жоспарлау және салықтық басқаруға жауапкершілікпен қарау қабілетін көрсетеді. Бұл қаржылық басқару жүйесі мен банктік шотты қамтиды.
      • Бұрын гранттар алған үміткерлер қолданыстағы қағидалар мен ережелерді орындай алатынын дәлелдеген.
  • Серіктестер баяндалған жағдайларда, өтінім беруші әр серіктестің тиісті рөлін егжей-тегжейлі сипаттайды және жоба мен қаржылық басқаруға жауапты адамдар үшін өмірбаяндық ақпараттарды ұсынады. Ұсынылатын персонал, институционалдық ресурстар мен серіктестер өзекті және маңызды болуы керек.
  • Жобаны жоспарлау / мақсаттарға жету мүмкіндігі – 25 ұпай: Жобаның жоспары іс-шараны жүзеге асыруға қатысты жеткілікті мәліметтермен қамтылған. Ұсыныс мақсатты аудиторияны, қатысушылардың тобын және іс-шаралар атқарылатын географиялық бағытты көрсетеді. Ұсыныс айқын және қол жеткізуге болатын мақсаттарды белгілейді. Ұсынысқа негізделген мерзімдер кіреді. Жобаның ауқымы дұрыс және өзі тура анықталған.

Бюджет – 20 ұпай: Бюджет және негіздеме жеткілікті түрде жасалған. Шығындар жоспарланған жұмыстарға және күтілетін нәтижелерге қатысты ақылға қонымды түрде есептелген. Бюджет жоспарланған қызметке қол жеткізу үшін қажетті барлық шығындарды есепке ала отырып, шынайы түрде әзірленген. Нәтижелер мен ұсынылған нәтижелер жобаның жалпы құнын ақтайды. Бюджеттік баптар ақылға қонымды, қолжетімді және үлестірімді.

Бақылау және бағалау 20 ұпай: Өтінім беруші бағдарламаның табыстылығын негізгі көрсеткіштермен өлшеуге қабілетті екендігін көрсетеді және ұсыныста қойылған мақсаттарға жеткізетін қадамдарды айқындайды.

Тұрақтылық – 5 ұпай: Жоба жұмысының нәтижелері, жоба аяқталғаннан кейін де оң әсерін тигізетін болады.

  • ФЕДЕРАЛДЫҚ ГРАНТТЫҢ ӘКІМШІЛЕНДІРУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Федералдық гранттың берілуі туралы хабарлама

Грант беру немесе ынтымақтастық туралы келісім жазбаша түрде жасалады; қол қою, берілу және басқару шаралары грант беру  туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлға тарапынан атқарылады. Көмек туралы келісім рұқсат беретін құжат болып табылады және алушыға танысу және қол қою үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі. Алушы, грант беру туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлғаның қолы қойылған гранттық құжатта көрсетілген күннен бастап жобаның шығындарын көтере бастайды.

Егер қаржыландыруға арналған ұсыныс таңдалса, Мемлекеттік департамент болашақта қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуге міндетті емес. Қаржыландыруды ұлғайту немесе мерзімін ұзарту үшін гранттарды ұзарту Мемлекеттік департаменттің қалауы бойынша жүзеге асырылады.

Федералдық үкімет бұл хабарландырудың нәтижесі бойынша федералдық стипендия тағайындауға міндетті емес. Қаржыландыру туралы осы хабарламаның берілуі АҚШ үкіметіне сыйақы төлеу міндетін жүктемейді және де АҚШ үкіметі ұсыныстарды дайындауға және ұсынуға жұмсалған шығыстарды төлеуге міндетті емес. Бұдан басқа, АҚШ үкіметі кез келген немесе барлық ұсынылған ұсыныстарды қабылдамауға құқылы. АҚШ үкіметі сыйақыны ең жоғары (максималды) деңгейден жоғары грант беру құқығын өзіне қалдырады.

Әкімшілік және мемлекеттік саясат талаптары

Шарттар мен ережелер: Өтінім беруден бұрын үміткерлер осы гранттарға қойылатын барлық шарттар мен талап етілетін қажетті сертификаттармен таныс болуы керек. Оларға мыналар жатады: 2 CFR 200, 2 CFR 600, сертификаттар мен кепілдіктер, сондай-ақ Мемлекеттік департаменттің стандартты шарттары мен ережелері. Осылардың барлығын https://www.state.gov/m/a/ope/index.htm веб-сайтынан қарай аласыз.

Есеп беру

Алушылар жоба бойынша тоқсан сайынғы ілгерілеу мен қаржы есептерін ұсынулары қажет. Ілгерілеу мен қаржылық есеп, есеп беру кезеңінен кейін 30 күн өткен соң ұсынылуы керек. Расталған қорытынды бағдарламалар мен қаржылық есептер жоба аяқталғаннан соң 90 күннен кейін ұсынылуы тиіс.

Барлық есептер электронды түрде ұсынылуы керек.

Қауіптілік деңгейі жоғары деп саналатын грант алушылардан жоғары риск дәрежесі жойылғанға дейін кеңінен және жиі есеп берулері талап етілуі мүмкін.

Грант алушы АҚШ тарапынан берілген барлық жабдықтар тізімін жыл сайын SF428 нысанын пайдалана отырып, АҚШ Елшілігіне ұсынуы қажет.

  • ФЕДЕРАЛДЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Егер сіздің грантқа өтінім беру туралы сұрақтарыңыз болса, мына электрондық поштаға хабарласыңыз: KZ-PAS-Proposals@state.gov.

Grants.gov туралы сұрақтар бойынша Grants.gov байланыс орталығына хабарласыңыз: 1-800-518-4726.

Жанама шығындардың мөлшерлемесі туралы келісім (NICRA) алу туралы ақпарат алу үшін Дональд Хантерге келесі электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: HunterDS@state.gov.

  • БАСҚА АҚПАРАТ

Бюджетті негіздеу жөніндегі нұсқаулық

Қызметкерлер және қосымша төлемдер: Жобаға өтінім берушіге тікелей жұмыс істейтін уақытша немесе тұрақты қызметкерлердің жалақылары, айлықтары және қосымша төлемдері мен олардың жобаға жұмсайтын уақыттарының пайызын сипаттаңыз.

Іссапар шығыстары: Бұл жоба бойынша бағдарлама қызметкерлеріне, кеңесшілерге немесе спикерлерге және қатысушыларға / көмек алушыларға арналған саяхат және тәуліктік ақша шығындарын бағалаңыз. Егер жоба барысында халықаралық саяхаттар жасалатын болса, сол сапарлардың қысқаша негіздемесін жасаңыз.

Жабдықтар: Бір жылдан аспайтын мерзімге (немесе жобаның ұзақтығынан асатын мерзімге) ие және құны бір данасы үшін 5 000 АҚШ долларынан кем болмайтын жобаға қажетті кез-келген жабдықты, жиһазды немесе өзге де жеке заттарды сипаттаңыз.

Жабдықтау заттары: Жобаға қажетті кез-келген компьютерлік құрылғылармен бірге, барлық заттар мен материалдарды тізімдеп, сипаттаңыз. Егер заттың құны бір данасы үшін 5000 АҚШ долларынан асатын болса, оны «Жабдықтар» бөлімінде бюджетке енгізіңіз.

Келісімшарт жасасу: Өтінім беруші жеткізушімен келісім-шарт бойынша сатып алуды жоспарлап отырған тауарлар мен қызметтерді сипаттаңыз. Коммерциялық емес серіктестерге жобалық жұмысты орындауға көмектесетін суб-гранттарды сипаттаңыз.

Басқа тікелей шығындар: Басқа санаттарға сай келмейтін, жобаға тікелей қатысы бар басқа шығындарды сипаттаңыз. Мысалы, материалдар мен жабдықтарды тасымалдау құны немесе қолданылатын салықтар. Барлық «Басқа» немесе «Қалған» шығындар көрсетілуі және негізделуі тиіс.

Жанама шығындар:  Бұл жобалау жұмыстарына тікелей жатқызуға болмайтын шығыстар. Мысалы, ұйымның жұмысын қамтамасыз ету үшін талап етілетін үстеме шығыстар. Егер сіздің ұйымыңыз жанама шығын мөлшерлемесі туралы келісімге (NICRA) ие болса және NICRA-ның шығындарын бюджетіне қосса, NICRA-ның соңғы нұсқасының көшірмесін тіркеңіз. Ешқашан NICRA келісімі болмаған ұйымдар 2 CFR 200.68-де анықталғандай, түзетілген жалпы тікелей шығындардың 10% мөлшерінде жанама шығындарын талап ете алады.

Шығындарды үлестіру: АҚШ елшілігінен басқа да ұйымдар немесе мекемелердің үлесі болып табылады. Ол сондай-ақ еріктілер уақыты мен көмек ретінде ұсынылатын орындар сияқты ақшалай емес үлестерді қамтиды.

Брендинг талаптары: Грантты алу шарты ретінде грантқа сәйкес дайындалған материалдар, соның ішінде оқу материалдары, алушыларға арналған материалдар немесе шетелдік аудиториямен сөйлесуге арналған материалдар, бағдарламалар, шаралар, жоба немесе келісім бойынша өзге қызметтер, соның ішінде шараларға шақыру, баспа материалдары мен фондары, мінбелердің белгілері және т.б. көлемі кез келген басқа логотиппен немесе сәйкестендіру ақпаратымен тең (немесе одан асатын) мөлшердегі стандартты тік бұрышты АҚШ-тың жалауымен тиісті түрде белгіленуі тиіс. Ескерту: Брендинг талаптарынан ауытқуға белгілі бір жағдайларда рұқсат етіледі. Егер үміткер қаржыландыруға арналған стипендияның таңдалғаны туралы хабардар етілсе, грант беру туралы шешім қабылдаған қызметкер өтінім берушімен кеңесіп, осы талаптардан босату шартының болып-болмауын анықтайды.

Авторлық құқық және құпия ақпарат
Егер сіздің өтініміңіздегі қандай да бір ақпарат жеке болып табылса, тиісті беттердің төменгі деректемесінде бұл ақпараттың құпия-жеке екенін көрсетіңіз. Өтінім берушілер өтінімнің, бағдарламаның, тұжырымдаманың және т.б. қандай бөлімдерініңің авторлық құқықтармен, сауда белгісімен немесе кез келген басқа зияткерлік меншік құқықтарымен қамтылғанын көрсетіп, аталған авторлық құқықты қолдау үшін тиісті құжаттамалардың көшірмелерін ұсынулары қажет.