«Көптеген адамдар мені тек марапат үшін еңбектенді және оны алғаннан кейін тоқтайды деп ойлаған болуы керек. Алайда, қазір менің жұмысым одан да көп»

«Көптеген адамдар мені тек марапат үшін еңбектенді және оны алғаннан кейін тоқтайды деп ойлаған болуы керек. Алайда, қазір менің жұмысым одан да көп»: Айман Умарова Халықаралық “Батыл әйел” марапатын алғаны жөнінде

Айман Умарова – адам құқықтары жөніндегі заңгер, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

АҚШ Мемлекеттік департаментінің алмасу бағдарламасы: IVLP «Зорлық-зомбылық экстремизмі, терроризм» (2015 ж), IVLP «Әйелдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылық» (2018 ж)

Facebook: aiman.umarova
Instagram: aiman_umarova

«Зорлық-зомбылық экстремизмі, терроризм» тақырыбы аясындағы IVLP бағдарламасына  25 елдің өкілдерімен бірге қатысу арқылы біз АҚШ-тың бірнеше қаласында болып қайттық. Мен Нью-Йорктегі Google және  Сан-Францискодағы Facebook кеңселерінде болып, террормен күреске араласатын әртүрлі саланың мамандарымен кездестім.  

2018 жылы Мелани Трамптың қолынан марапат алған кезімде, менен нені көргім келетінімді сұрады. Ал менің жауабым әйелдер түрмесі екенін естігенде қатты таңданды. Мен жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін ұйымдар, дағдарыстық орталықтар және әйелдер түрмесін өз көзіммен көруге мүмкіндік алдым. 

Барлығымен сөйлесуге, достасуға тырысыңыз. Тіпті кішкене ғана кеңестің үлкен маңызы болуы мүмкін

Көптеген адамдар мені тек марапат үшін еңбектенді және оны алғаннан кейін тоқтайды деп ойлаған болуы керек. Алайда, қазір менің жұмысым одан да көп және күрделі. “Жала жабу” Қылмыстық Кодексінің 130-шы бабын қылмыстық жауапкершіктен босатқанымызға қуаныштымын. Бұл менің ұсынысым болды және оны Президент қолдады.