«Қызылорда облысы оқушыларының ағылшын тілі деңгейін көтергім келеді»

«Қызылорда облысы оқушыларының  ағылшын тілі деңгейін көтергім келеді»

Қазақстанның ағылшын тілі мұғалімі Fulbright TEA бағдарламасына қатысуы туралы

Айнұр Амангелдіқызы – ағылшын тілі мұғалімі 

Бағдарлама: Teaching Excellence & Achievement Program (Fulbright TEA) 2017 

Facebook: Ainur Amangeldikyzy 

-Бағдарлама қатысушыларының қатарында болу үшін қанша уақыт дайындалдыңыз? Бұл ой қайдан пайда болды? 

-Бағдарламаға қатыспас бұрын мен ол туралы тіпті естіген емеспін. Барлығы былай басталды. 2016 жылғы көктемгі демалыс кезінде мен жұмыс жасайтын мектепке облыс әкімінен хат келді. Хатта барлық ағылшын тілі мұғалімдері бағдарлама сайтына кіріп, байқауға қатысу үшін сауалнаманы толтыру керектігі туралы айтылды. Мен бұл тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, сұрақтарға мұқият жауап беріп, барлық процесске жалпы бір аптадай уақыт жұмсадым. Мамырдың соңында маған хабарласып, мені АҚШ елшілігіне сұхбаттасуға шақырды. Ол уақытта мен сұқбаттасудың бағдарламаның жартылай финалы екенін білмедім. Кейін TOEFL емтиханына екі айдай дайындалдым. Дайындық уақытында Өскемен қаласында өтетін KazTEA ғылыми конференциясына қатысып үлгердім. Онда бағдарлама финалисті Альбина Касенова әріптесіммен таныстым. Ол кісі маған бағдарлама туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, өзінің алған әсерімен бөлісті. Ал қыркүйек айында маған Teaching Excellence & Achievement Program-ның финалисті атанғанымды хабарлады. Қуаныштан төбем көкке сәл жетпей қалды. Мен көктемгі бағдарламаны таңдап, 2017 жылы қаңтардың 23-ші жұлдызында  АҚШ-қа аттанып, онда 13-ші наурызға дейін болдым.  

Тіл білген адамға кез-келген еcік ашық. 

-Алмасу бағдарламасы сіздің өміріңізге қалай әсер етті? 

Алғашында мәдени таңданысты (culture shock) сезіндім. Кейіннен осының арқасында өмірге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Құндылықтарым артты. Мәселен, балалармен уақытты көбірек өткізу керектігін, олармен бірге демалу қажеттігін түсіндім. Өмірде материалды құндылықтардан да жоғары рухани құндылықтың адамға аса қажет екендігін ұғындым. Сонымен қатар, тіл үйренудің болашақта балаларыма көп пайдасы тиетінін сезіндім, себебі тіл білген адам кез-келген еcікті аша аладыАл мен үшін бағдарлама басқа әлемнің есігін ашты 

 Қай жерлерде болып үлгердіңіз? 

Мен Вашингтоннан 30 минут қашықтықта орналасқан, Вирджиния штатының Фэрфакс деп аталатын шағын қалашығында болдым. Біз әр жексенбі Вашингтонға музейлерді аралауға баратынбыз. Мұнан бөлек, ұйымдастырушылар бізді Александрия қаласына, Балтимор қаласын көрсетті. Бағдарлама барысында үш күндік демалыс уақытында біз тобымызбен НьюЙоркке бардық.  

Сізді НьюЙорк таң қалдырды ма? 

Әлемнің астанасы Нью Йорк өте қатты ұнады. Дәл сол жерде мен нағыз қызу өмірді көре алдым. Арманымдағы Азаттық мүсінін (Статуья Свободы) көрдімҮш күннің ішінде біраз жерлерді аралай алдық.  

Жалпы алғанда, АҚШ туралы қандай қызықты жәйттарды біле алдыңыз ба? 

Мені ешбір үйде қоршаудың болмағаны таң қалдырды. Есік алдында тұрған барлық велосипедтер мен самокаттарға ешкім тиіспейді. Автобус жүргізушісінің әрбір жолаушымен әр кез амандасатыны және қоштасатыны ерекше болды. Қызмет көрсету сапасы да жоғары. Дүкенге кіріп, керек заттарды қарап, киімдерді киіп көріп жатқанда сізге ешкім қой демейді. Американдықтар ашықжарқын, бір жәшік киімді жинап алсаңыз да, сізге ешкім ала көзбен қарамайды. 

Алматы қаласында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс жасайтын әріптесіңіз Асем Измуханова, өзінің АҚШқа сапарынан кейін, американдықтардың қарымқатынастырына және көмек қолын созғандықтарына тәнті болғандығын жеткізген болатын. Ал сіз Америкадан достар тауып үлгердіңіз бе? 

Менің Африкадан жылы киімсіз келген достарымды американдықтар жылы қарсы алып, қол ұшын берді. Көп достар таптым. Қазірге дейін араласып тұрамыз. Сонымен қатар, мен онда Қызылордалық қызды асырап алған отбасымен таныстым. Олармен де байланысты үзген жоқпыз. 

Бағдарлама мен үшін басқа әлемнің есігін ашты. 

-Бағдарлама туралы толығырақ айтып берсеңіз. Қандай жаңа нәрселерді үйрене алдыңыз? 

– Бағдарлама аясында профессор Беверли Вуди жүргізетін педагогика және көшбасшылық курсы болды. Оның семинарларында мен бір нәрсені түсіндім. Егер әр басшының адамгершілік құндылықтары жоғары болса, онда оның қарамағындағы топ жақсы нәтижелер көрсетіп, жетістіктерге жетеді. Барлығын тыңдай білу және әр адамның ұжымда өзін қалай сезінетінін түсінуге тырысу өте маңызды. Сонымен бірге барлық жетістіктерді мадақтап отыру керек. Технология сабақтарында біз әр түрлі қосымшаларды қолдануды, ал ағылшын тіліндегі семинарларда тақырыпты ойын, ертегі арқылы жеткізуді үйрендік. Семинарлардың мені баурап алғандығы сонша, Қазақстанға оралған соң қаладағы әріптестеріммен сөйлестім. Кейін біз жергілікті ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының жұмысын қайта бастауға шешім қабылдадық. Біз әр сенбі сайын жиналып, оқу әдістемесін талқылап, кәсіби шеберлігімізді шыңдау жұмыстарымен айналысамыз. 

Мотивация – алға жылжудың ең қуатты техникасы. 

 Бағдарлама бойынша оқу барысында сізді не нәрсе ерекше таң қалдырды? 

Мені таң қалдырғаны, АҚШ-та барлық сыныптар инновациялық технологиялармен жабдықталған. Мұғалімдердің барлығы дерлік Camera document және проекторлармен тиімді жұмыс жасай алады. Бұл ойдың маған ұнағаны соншалық, камераны бірден Америкадан, ал Қазақстанға келген соң проекторды сатып алдым. Барлық сабақтарымды солардың көмегімен өткіземін деп шештім. Сонымен қатар, оқушыларды әрдайым ынталандыру керек екендігін түсіндім. Мотивация – алға жылжудың ең қуатты техникасы. Адамдарды кішігірім жетістіктері үшін мадақтап отыру қажет, бұл оқушыға да, ересектерге де қатысты. Әрі АҚШ мектептеріндегі гендерлік теңдік те таңдай қақтырды. Мәселен, еңбекке баулу сабағында ұлдар мен қыздар бірге оқыды, бірге кекстер дайындады, ал дене шынықтыру сабағында бірге хоккей ойнадыиология сабағында мұғалімнің оқушыларға қалай мотивация бергенін көрдім«Тапсырмалардың барлығын дұрыс орындаған оқушыға демалысқа атжалман беремін» дегенде, оқушылардың көздері жайнап, сабаққа ерекше қызығушылық танытты. 

– Алынған тәжірибені Қазақстанда қалай қолдандыңыз?  

 АҚШқа бармас бұрын Сандра Ли деген волонтер әріптесіммен балалар үйінің бүлдіршіндеріне ағылшын тілін үйрету жобасын жоспарлаған болатынбыз. Елге қайтып оралған соң, мен сол жұмысты қолға алдым. Жоба бойынша жергілікті үш ағылшын мұғалімі бір жыл бойы ағылшын тілінен сабақ бердік. Оқу аяқталған соң жазғы оқу-жаттығу лагерін ұйымдастырдық. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығын қайта жандандыру жұмыстарымен айналысып жатырмын. Бізде қазір 13 адамнан тұратын белсенді топ бар, ал жалпы мұғалімдер саны 30. Осы жылы Қызылорда қаласында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық KazTEA ғылыми конференциясын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз 

Болашақ жоба қатысушыларына қандай кеңес бересіз? 

Қорқыныш пен сенімсіздікті ысырып қойып, бағдарламаға өтініш тапсыру керек. Өйткені, осындай бағдарламалар арқылы адам өзінің жаңа қырларын ашады, әлемді тани бастайды. Ал бағдарламаның болашақ финалистеріне айтар маңызды кеңесім: ол жақта дін, саясат, және жалақы мәселелерін қозғамаңыздарНеге жалақы десеңіз, ол жайлы сөз қозғағанды американдықтар ұнатпайды