«Қазақстанның туын Кремний алқабында мақтана көтердім», – Қазақстандық Ирина Мун Америкадағы ірі ІТ-компанияларда алған тәжірибесімен бөліседі. 

«Қазақстанның туын Кремний алқабында мақтана көтердім», – Қазақстандық Ирина Мун Америкадағы ірі ІТ-компанияларда алған тәжірибесімен бөліседі. 

Ирина Мун – су жүйелері бойынша жетекші инженер және АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen 2018 бағдарламасының қатысушысы. 

– Мен сумен жабдықтау және су құбыры инженермін, соған байланысты менің ұсынған идеям жаңбыр суын суаруда қолдану, нөсер суының құбырдағы ағынын азайтуға байланысты еді.  

Әсіресе, қыс мезгілі алты айға созылатын, одан тағы алты ай жаңбыр жауатын астанамызға аса қатысты. Табылған шешімді қолдансақ, көптеген ресурстарды, материалдарды үнемдеп, нөсер канализациясы мәселелсін жеңілдете алар едік.   

Осы жасыл идеямен мен TechWomen бағдарламасына келдім. Қазақстандық бес қыз қатыстық. Біз Autodesk, Twitter, Mozilla, LinkedIn, Twitch және басқа да ірі технологиялық компанияларда  тәлімгер ретінде тәжірибе алдық, осы компанияларды басқаратын және жетекші орындарды иеленетін әйелдермен бір панельдік сессияларда жұмыс істеп көрдік. Біздің ұжымымыз әлеуметтік жобаларды ұсынған 20 елдің ішінен топ жарып, бірінші орынға ие болды.  

Сөйтіп, Қазақстанның көк байрағын Кремний алқабындағы Google-дің бас кеңсесінде желбіреттік деп мақтанамыз.   

Google-дың бас директоры шығып, бізбен тең дәрежеде, ешқандай пафоссыз сөйлескенде, қандай бақыт пен сәттілікке тап болғаныңды бірден сезіне алмайды екенсің.    

TechWomen бағдарламасы үш компонентке бөлінеді. Біріншісі – компанияларда тағылымдамадан өту, мен оны кезінде 11 Нобель сыйлығының лауреаттары жұмыс істеген Lawrence Berkeley Laboratory атты зертханада өттім. 

Екіншісі – өз еліңдегі әлеуметтік мәселені шешетін жоба ұсыну. Біз менторларымызбен бірге жұмыс жасадық, идеялармен алмастық, кеңес алу үшін әлеуметтік желілерде Қазақстан өкілдерімен байланысып, кері байланыс жинадық, сонымен қатар топта тиімді жұмыс істеуді де үйрендік.  

Үшіншісі – Америка мәдениетімен танысу, демалыс күндері бізді cultural mentors яғни мәдениет бойынша менторларымыз ертіп, жергілікті көрнекті жерлерді көрсетіп, тарихты айтып берді.  

Әр түрлі елдерден келген қыздар өз-өзіне сенімді және бәсекелесу дегенді мүлдем көздемейтіндігін көрсетті, яғни мен дәл сол сәтте: “Behind every successful woman there is a tribe of successful women who have her back” (әр табысты әйелдің артында оған арқау болатын бір топ табысты әйелдер тұр )  деген сөздердің шын мәнін түсіндім.   

TechWomen 2018 бағдарламасы маған өз-өзіме деген сенімімді арттырды. Бұл біздің менталитетіміз үшін өте маңызды. Патриархатта өмір сүретініңді біле отырып, өз-өзіңе сене алу – ең басты дағды екен. АҚШ-та өткізген бар болғаны бес апта ішінде мен өзімді тежей бермеуді үйрендім.    

2018 жылы біз тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын енді көтере бастаған кезде қоғамда әлі бұл туралы ашық түрде аз талқыланатын еді. Сондықтан, біздің жасап жатқан жұмысымыз – алып теңіздегі бір тамшы сияқты болып көрінетін. Біз мүмкіндігімізше бұл мәселеге назар аударуға тырыстық.     

Біз Алматыдағы кризистік орталыққа көмек ретінде онлайн-платформа ашқымыз келді. Біз орталықпен осы идеямызбен бөлістік, өздерінің жеке онлайн платформасы болмағандықтан орталықтағылар өз тараптарынан ұсынысты қуана қабылдады.   

Сондағы мақсатымыз әйелдерге өздерін қауіпсіз сезініп, тағдырларын түзетуге және үмітсіздіктен шығуға әрқашан мүмкіндік бар екенін көрсеткіміз келді.  

Қазір uki.kz сайты (Үкі – бұл қазақ әйелдері бойтұмар ретінде қолданған үкі қауырсындары) құрылып, кризистік орталықтың қолданысына берілген.   

Осындай алмасу бағдарламасының болашақ қатысушыларына айтарым, өзіңіздің ерекшелігіңізді жасырмаңыз. Егер сіз өзіңіз маңызды деп есептейтін істі жасай алатыныңызды түсінсеңіз, онда дәл сол елде осы іспен айналысуға мүмкіндік туады.  

Айта кету керек, Америкаға барсаңыз, сіз адамдарды сол қалпында қабылдауды, өзге мәдениетті құрметтеуді үйренесіз. Өйткені, АҚШ – түрлі елден келген адамдардың тоғысқан ортасы.   

АҚШ-тың Дипломатиялық миссиясы TechWomen бағдарламасына қабылдау басталғанын қуана хабарлайды.  @usinkz парақшысындағы сілтеме бойынша бағдарламамен танысып, қатысу үшін өтініш бере аласыз.