“Барлығы пәтерді желдетуден басталды” – AirKaz ресурсын қалаушы өзінің қызығушылықтары мен АҚШ- тағы сапары жөнінде әңгімеледі

“Барлығы пәтерді желдетуден басталды”  

AirKaz ресурсын қалаушы өзінің қызығушылықтары мен АҚШ- тағы сапары жөнінде әңгімеледі

Фото: YouTube/Гиперборей

Павел Александров – Қазақстандағы ауаның құрамын өлшеу желісінің әзірлеушісі және airkaz.org иесі. 2019 жылы ол IVLP Air Quality Subregional бағдарламасы бойынша АҚШ- та болған. Бұл сұхбатында ол өзінің жобасы және АҚШ-тағы сапары жөнінде айтты.  

– Мен ауа сапасын өлшейтін құрылғыларды жасаймын, сервер деректерді өңделеді және барлығы интерактивті картада көрсетіледі. Яғни, кез-келген желі пайдаланушы желіге кіріп, кел-келген қалада ауаның сапасын көре алады. Бұл жобамен 2017 жылдың сәуір айынан бастап айналысып келемін.  

– Мен ауаның құрамы нашар Алматы қаласында тұрамын. Пәтерді өзіңіз үшін қауіпсіз желдету үшін терезелерді қашан ашуға болады деген сұрақ туындайды. Бірінші құрылғыны мен өзімнің тереземе орнаттым. Кейіннен достарымнан және бейтаныс адамдардан сұраныстар түсе бастады. Қосымша құрылғылар жасай бастадым, кейін веб-сайтта пайда болды.  

– Мені эколог деп атауға болмайды, мен инженермін. Бұл жоба менің техникалық хоббиіме айналды. Құрылғыны қалай құру туралы ақпарат желіде жарияланған. Қолына дәнекерлегіш ұстай алатын кез- келген адам бұл құрылғыны өзі де жасай алады. Мен бұл құрылғыларды көбірек жасап, өз қаражатымнан тарата бастадым. Бұл желінің белгілі бір мөлшерге дейін өсуіне мүмкіндік берді. Бір құрылғы айналасын ғана көрсетеді. Құрылғылар неғұрлым көп болған сайын, сайтта көрсетілетін деректер соғұрлым құнды.  

– Біз АҚШ- та шамамен 3 аптадай болдық. Вашингтон, Лос- Анджелес, Монтана, Детройт сияқты көптеген қалаларда болдық. Нью – Йоркте саяхатты аяқтадық.  Бізге билеттер мен қонақ үйлер ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін білмейтіндер үшін аудармашылар болды. Бағдарламада тек ауа туралы ғана емес, басқа да экологиялық мәселелер қаралды. Әртүрлі мәселелер талқыланды және әртүрлі адамдармен кездесу өтті.  Біз сапаны жақсарту үшін жұмыс істейтін ресурстары бар елдердің қалай жұмыс істейтінін көріп, біле алдық.  

– Бізді бұрын мыс өндірісі болған карьерге апарды. Ол өте үлкен, рұқсат етілген концентрацияға толы. Бірақ мәселе мынада: құстар ұшвп келіп дәл осы аудандарға қоныстанады. Осы суға қонғанда олар бірден уланып қалады. Бұл жағдайға жол бермеу үшін американдықтар арнайы дыбыстардв үркіту үшін пайдаланады. Осы істен кейін адамдарға бәрібір емес екені байқалады. Ия, олар әлі күнге дейін суды тазартудың жолдарын таппады, бірақ табиғатты қорғау үшін барлық қадамдарды жасап жатыр. 

– Мен американдықтардың ауа сапасын өлшеу үшін қандай құрылғыларды қолданатынын көрдім. Менің екінші сериям Лос – Анджелесте қолданылатындарға ұқсас. Мен олардың мемлекеттік құрылымдармен қалай жұмыс жасайтынын көрдім және жағдайды өзгертуге болатындығын атап өттім. Мен адамдардың өзара қарым- қатынас жасай отврвп әртүрлі деңгейлерде жұмыс жасай алатындығын көрдім. Бәрі мен үшін өте пайдалы болды.