Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол мырзаның президенттік сайлаудың нәтижелері бойынша мәлімдемесі

Бүгін Американың сайлаушылары Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының келесі президенті етіп таңдады. Америка Құрама Штаттарында сайлау науқандары белсенді әрі талқыға толы сипатта аталып өтетін дәстүр сонау тәуелсіздігімізді алғаннан бері 240 жыл бойы келе жатыр. Алайда, сайлау аяқталып, жарыстың соңында, жаңа президент, мемлекеттің басқарушысы ретінде Америка Құрама Штаттарының Конституциясын ұстануға және америкалықтардың мүдделері үшін қызмет етуге міндетті болады.

Басшылықтың ауысқанына қарамастан, Америка Құрама Штаттарының әлемде бейбітшілік, тұрақтылық және әл-ауқатты насихаттау жөнінде ниеті өзгермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап 25 жыл бойы сыйластыққа толы АҚШ мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас өсіп, нығая береді.

Америка Конституциясы бойынша 2017 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып тағайындалады. Сол күннен бастап, Американың тарихының жаңа парағы ашылады. Сол бір күні, біздің стратегиялық серіктесіміз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды жалғастырып, тереңдететінімізді аса күтеміз.

###