Елші Н. Сейлс пен Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді арасындағы кездесу

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ

Баспасөз-хатшының кеңсесі

Пресс-релиз

БАҚ-на арналған хабарлама

12 желтоқсан 2019 жыл

Елші Н. Сейлс пен Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді арасындағы кездесу

Осы жылдың 12 желтоқсанында АҚШ мемлекеттік хатшының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөнінде орынбасары Елші Натан Сейлс Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.  Олар АҚШ мен ҚР арасындағы лаңкестікке қарсы күрес жөнінде серіктестікті және азаматтарын – ДАИШ боевиктерін –  Ирак пен Сириядан репатриациялауда Қазақстанның жаһандық көшбасшы рөлін талқылап, мемлекеттің шетел лаңкес-боевиктерді елге қайтару,  қылмыстық жауапкершілікке тарту және реинтеграциядағы қалған әлемге үлгі болатын ілгерішіл күш салуын атап өтті. Сонымен қатар, Елші Сейлс Қазақстан C5+1 форматында және де басқа көпжақты форумдарда алған тәжірибесімен бөлісу жұмысына жоғары баға берді. Қорытысында, олар Қазақстанның адамдармен сауда жасауына қарсы әрекет пен бақылау жасау іс-шараларын және Синьцзян аумағындағы этникалық пен діни азшылық топтарға бағытталған Қытайдың құғын-сүргін саясатын талқылады.